• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 2-қосымша

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдігін тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлгiн тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
1) Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет екі жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
2) «Екінші деңгейдегі банктердің» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЕДБ АЖ) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жылжымалы мүлік кепілдігін мемлекеттік тіркеуі үшін алымның төленгені туралы немесе алымды төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне түскен кезден бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы мәліметтерді қамтитын кепіл туралы шартты немесе өзге шартты жеке немесе заңды тұлғалармен жасасқан кезде (бұдан әрі – электрондық тіркеу) «Екінші деңгейдегі банктердің» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЕДБ АЖ) өзара қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште:
мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлiк кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-ттармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң төлнұсқасы;
2) ЕДБ АЖ көмегімен портал және электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны - электрондық және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы). Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу үшін тіркеу алымының сомасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 553-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және Салық кодексінің 553-бабына сәйкес алымды төлеуден босатылған тұлғаларды қоспағанда, салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін төленеді және:
1) жеке тұлғалардан – айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 1 мөлшерлемесі;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) сәйкес, ҚҚС-ғын есепке алмай, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлікті беру үшін – 30,05 теңге. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК.
1) Көрсетілетін қызметті берушіде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушіде белгiленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзiлiссiз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезек бронға қойылады;
2) ЕДБ АЖ арқылы екінші деңгейдегі банктердің жұмыс кестесіне сәйкес;
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
8. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кездегі мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, заңды тұлға үшін оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариаттық куәландырылған сенімхат бойынша;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, ал құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы өтініш 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа ұсынылады);
бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік үшін төленгенiн растайтын құжат;
кепіл шарты немесе кепіл талаптарын қамтитын өзге де шарт немесе өтініште қамтылған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылатын тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені (телнұсқаны немесе нотариалды куәландырылған көшірмені қоса бере отырып, құқыққтарды (талаптарды) басқаға беру туралы (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру туралы шарт).
Куәліктің телнұсқасын алу үшін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті;
тіркеу алымының сомасын бюджетке төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін растайтын құжат;
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызмет көрсетушінің және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу);
кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш жіберуге көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі;
тіркеу алымының сомасын бюджетке төленгенін растайтын құжат;
қызмет алушының (кепіл берушінің) және кепіл ұстаушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, кепіл шарты туралы мәліметті көрсете отырып хабарлама түрінде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
«электрондық үкімет» төлеу шлюзі арқылы жүргізілген төлем (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет алуға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызмет көрсетушінің және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардын қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Екінші деңгейдегі банктердегі Электрондық тіркеу кезінде құжаттарды ЕДБ АЖ рұқсаты бар банк қызметкеріне беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды бекру қолхат негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін: заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық тіркеу кезінде, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі ЕДБ АЖ және «жеке кабинетіне» кепіл берушінің порталына сұранысты қабылдағандығы және электронды тіркеуден кейін ЭЦҚ куәландырылған электрондық тіркеу жүзеге асырылғандығы туралы электронды ңұсқада хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, көрсетілетін қызметті беруші олардың қабылданған жері бойынша көрсетілетін қызметті алушы келгенше сақталуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жері бойынша береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, егер:
1) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтырудың толықтығы жоқ
2) кепілді тіркеу туралы өтініш «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 9-бабының талабына сәйкес келмесе.
3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес тұлға жүгінсе.
4) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын немесе жасалып жатқан кеменің мемлекеттік тіркеу үшін алым бюджетке төленгенін растайтын құжат болмаса.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі
10. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.
10-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.07.2019 жылғы № 420 Бұйрығымен (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының блогына (бұдан әрі-Төрағаның блогы) қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі не төрағаның блогына орналастырылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
11. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға 1414, 88000807777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, көрсетілетін қызмет беруші жүргізеді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ байланыс деректері сайтында көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер»бөлімі.
13. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушыныңабоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
14.Көрсетілетін қызметті алушы порталдың, «жеке кабинеті» сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мїлiк
кепiлдігiн тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  __________________________________________________________________
  («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы (тіркеуші органның атауы)
  Жылжымалы мүлiк кепiлгiн тiркеу туралы № _____________________________өтініш
  Кепіл беруші ____________________________________________________________ (Т.А.Ә.(болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә), тұрғылықты жері, ЖСН, туған күні және жылы)
  ________________________________________________________________________ (тұратын жері, туған күні мен жылы)
  ________________________________________________________________________ (Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН)
  Жеке басты куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ № ______
  ______________________________ берген, берілген күні _______________________ (құжатты берген органның атауы)
  _____________________________________________________ атынан әрекет ететін (уәкілетті өкілдің деректемелері)
  _______________________________________________________________ негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
  ________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні мен жылы немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)
  Жеке басты куәландыратын құжат: түрі ____________ сериясы ___________ № ____
  ________________________________ берген, берілген күні _____________________ (құжатты берген органның атауы)
  ______________________________________________________ атынан әрекет ететін (уәкілетті өкілдің деректемелері)
  ________________________________________________________________ негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
  Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуді сұраймын: _________________________
  Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы) ___________
  Кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелердің ақшалай баламасы __________
  кепіл берушінің ____________ кепіл ұстаушының _______________ иелігінде және
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
  1. Төлем туралы құжат: түрі ________________ № ____________ сомасы __________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк
кепiлдігiн тiркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  ________________________________________________________________
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы
  Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы
  Кепіл ұстаушы __________________________________________ (Т.А.Ә.(болған жағдайды - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә),
туған күні мен жылы, ЖСН немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)
  Жеке басты куәландыратын құжат: түрі ________________ сериясы _______
  ___________________ берген, берілген күні _________ (құжатты берген органның атауы)
  _____________________________________________________ атынан әрекет ететін (уәкілетті өкілдің деректемелері)
  ________________________________________________________________________ (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепілдің өзгеруін және/немесе толықтыруын немесе тоқтатуын тіркеуді сұраймын:
  Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы) ____________
  Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің ақшалай баламасы _____________
  кепіл берушінің _______ кепіл ұстаушының _____________ иелігінде және
Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
  1. Төлем туралы құжат: түрі _______________ № _________ сомасы ______________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк
кепiлдігiн тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  Жылжымалы мүлiк кепiлдігiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу туралы № ____________ өтініш
  ______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болса - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә)
  ________________________________________________________________ (паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және тұратын жері)
  _______________________________________________________ негізінде (өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың деректемелері)
  ____________________________________________атынан әрекет ететін (заңды тұлғаның атауы мен деректемелері)
  _______________________________________________________________ (уәкілетті өкіл толтырады)
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беруді
  _______________________________________________________________ (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе кепіл берушінің заңды тұлғасының атауы)
  Жылжымалы мүлік объектісінің түрі_____________________ (кепіл беруші бойынша деректер болған кезде толтырылады)
  Күні___________/__________________/______________________________/ (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә)
  _______________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
  ________________________________________________________________ (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)
Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк
кепiлдігiн тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушіСіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің) (қолы)