Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 246 бұйрығына
4-қосымша
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
Тіркеу органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, ақпарат алуға сұрау салу кезінен бастап үш күннен кешіктірмей беріледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады).
Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
Қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.
Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері, сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес, уақытша, банкротық және оңалту басқарушылары, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының) дәлелді сұрау салуы бойынша беріледі. Өзге адамдарға көрсетілген ақпарат құқық иеленушінің келісімімен беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтіжесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орны мен алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушнің белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Мемлекеттік қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен көрсетіледі, сондай-ақ портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытынан кейін және демалыс және мереке күндерi түскен жағдайда, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде:
заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша;
1) Көрсетілетін қызметті алушыға:
2) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі);
электрондық құжат нысанында ЭЦҚ-мен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілеттіліктері, ресми бланкіде басылған және мөрмен куәландырылған ақпарат алу үшін жазбаша сұраныстарын ұсынуымен расталады;
Уақытша, банкротық және оңалту басқарушылары, борышкердің дәрменсіз екендігі туралы соттың шешімі, соттың сырттай байқауды енгізі туралы соттың ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығын ұсынады;
тарату комиссиясы, тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссия төрағасымен берілген сенімхат ұсынады;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) туралы құжатының мәліметі, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті берушіде қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік орган мемлекеттік ақпараттық жүйеден берген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» нәтижені алу орны және күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжатты беру көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін: заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған жері бойынша көрсетілетін қызметті алушының алған уақытқа дейін сақтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтінішті жылжымайтын мүлік обьектісі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы береді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетудегі бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезде, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігінің анықталуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
2) Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын толық ұсынбаған кезде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын толық ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі
10. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының блогына (бұдан әрі-Төрағаның блогы) қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі не төрағаның блогына орналастырылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
11. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға 1414, 88000807777 біріңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, көрсетілетін қызмет беруші жүргізеді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ байланыс деректері сайтында көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.
13.Көрсетілетін қызметті алушы порталдың, «жеке кабинеті» сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
14. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу .
iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру».
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
____________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ филиалы)
Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар
ауыртпалығын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға № ________ сұрау салу
_______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә),
____________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
_______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
____________________________________________________________________
______________________________________________________ негiзiнде (өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректері)
______________________________________________ атынан әрекет ететін (уәкiлеттi өкiл толтырады)
Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы;
жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiмет
қамтылған техникалық паспортқа қосымшаларды;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн;
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған
құқықтар туралы анықтама.
Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi _______________________________
Объектiнiң орналасқан жерi ________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
__________________________________________________________________
Күнi________/______________________________________/_______________ (өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
___________________________________________________________________ (сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: _____________________________
тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________________________________________
____________________________________________________________________ (маманның Т.А.Ә. және қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________ (қолы)
«Жылжымайтын мүлiк жоспарын
(схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы куәландырған тiркеу
iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
(Т.А.Ә. (болса - әкесінің аты) (бұдан
әрі – Т.А.Ә.)немесе көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
_________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон ______________________
Алдым: _____________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы
20___ жылғы «___» ____________