• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 246 бұйрығына 5 қосымша

«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәтінен бастап және порталға мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтері болған кезде – 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушімемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғана дейін бір күн қалғанда береді).
Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1)көрсетілетін қызметті берушіде– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушібелгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Мемлекеттік қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен көрсетіледі, сондай-ақ портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
8. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі мемлекеттік қызметті көрсетуге жүгінгенде қажетті құжаттар тізбесі:
1) Көрсетілетін қызметті берушіге:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.07.2019 жылғы № 419 Бұйрығына сәйкес (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
жеке тұлғаның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхатты;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі);
адвокаттар қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама ұсынады;
уақытша, банкроттық және оңалту басқарушылары, борышкердің дәрменсіз екендігі туралы соттың шешімі, соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығын ұсынады;
тарату комиссиясы, тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясы төрағасы берген сенімхат ұсынады;
мұрагерлер мұраға құқық туралы куәлiкті немесе мүліктік емес құқықтан тұратын мұраға құқық туралы куәлiкті немесе нотариалды куәландырылған мұрагерлер тобын анықтайтын құжатты;
кондоминиум объектісінің қатысушысы, құқық белгілейтін құжатты немесе осы қатысушының меншік құқығындағы қайталама жылжымайтын мүлік объектісінің нотариалды куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін немесе кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын ұсынады.
Құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілеттіліктері, ресми бланкіде басылған және мөрмен куәландырылған ақпарат алу үшін жазбаша сұраныстарын ұсынуымен расталады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) туралы құжатының мәліметі, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындақы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
субъектінің порталының жеке кабинетінде үшінші тұлғалардан электрондық сұрау және/немесе ұялы байланыс операторымен ұсынылған порталдың есептік жазбасына субъектінің абоненттік номері тіркелген және қосылған жағдайда sms-хабарлама түрінде, субъектінің келісімі жағдайда, субъектінің порталының жеке кабинетінен және/немесе субъектінің абоненттік номері тіркелген және қосылған жағдайда, sms-хабарлама түрінде, ұялы байланыс операторымен порталдың есептік жазбасына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен;
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет алуға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті көрсету қызметкері құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтамада қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетудегі бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезде, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігінің анықталуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын толық ұсынбаған кезде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын толық ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі
10. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.
10-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.07.2019 жылғы № 420 Бұйрығымен (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының блогына (бұдан әрі-Төрағаның блогы) қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі не төрағаның блогына орналастырылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
11. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға 1414, 88000807777 біріңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, көрсетілетін қызмет беруші жүргізеді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ байланыс деректері сайтында көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.
13. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
14.Көрсетілетін қызметті алушы порталдың, «жеке кабинеті» сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
«Жылжымайтын мүлiктiң
болмауы (болуы) туралы анықтама беру»
​мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  ______________________________________________________________________
  («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ филиалы)
  Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға № ________ сұрау салу
  ____________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
  ____________________________________________________________________ (туған күні, болған кезде ЖСН, жеке басты куәландыратын құжат деректерi)
  ____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы, болған кезде БСН, деректемелері)
  оның атынан__________________________________негізінде әрекет ететін (өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)
  ____________________________________________________________________ (уәкiлеттi өкiл толтырады)
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiметтер
жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеуші орган растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi;
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы, мекенжайды тіркеу коды
  Күні____________/________________________________/_________________ (өтiнiш берушiнiң/ уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
  ___________________________________________________________________ (сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
  ___________________________________________________________________ (маманның Т.А.Ә. және қолы)
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған
Жылжымайтын мүлiктiң болмауы
 (болуы) туралы анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: