Bestprofi Logo

Стандарт № 246 от 2015-04-28г./Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 8 қосымша

«Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 жылғы № 363 Бұйрығымен (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 

Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен

1. «Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Азаматтарға арналған үкімет»миемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 .Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері арқылы;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 Тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):

2) Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) Қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орны мен алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін алынатын төлем соммасы 536,8 теңгені құрайды және ол, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін банктер немесе ұйымдар арқылы аудару жолымен көрсетілетін қызметті берушібюджетіне төленеді.

Ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы да жүргізіледі.

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушібелгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен, сондай-ақ портал арқылы электрондық кезекті броньдаумен көрсетіледі.

2) порталда – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытынан кейін және демалыс және мереке күндерi жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат;

жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын немесе меншік құқығы туралы куәлікті беру туралы өтiнiш;

көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн төлнұсқа берiледi;

жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін алым төленгенiн растайтын құжат немесе төлем шлюзi арқылы берiлетiн төлем туралы чек

Тіркеу ісінде электрондық құжаттың (электрондық тіркеуді жасау кезінде) тек қағаз көшірмесі болған кезде, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы нотариуспен беріледі;

ЭЦҚ - мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, құқық белгілейтін құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы жүргізілген ақы төлеуді көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Құжаттарды қабылдау кезінде, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік орган мемлекеттік ақпараттық жүйеден алған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны және күні көрсетіле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкілі жеке куәлігін көрсеткен кезде құжаттар беріледі:

заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша;

жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне белгiленген мерзiмде жүгiнбеген кезде, Көрсетілетін қызметті беруші оларды бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды әрi қарай сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн дайын құжаттарды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгiнген кезде, көрсетілетін қызметті беруші бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiге сұрау салады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге бiр жұмыс күні iшiнде жiбередi, содан кейiн көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi.

Егер қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде келмесе, көрсетілетін қызметті беруші оларды қабылдау жері бойынша көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін сақтауды қамтамасыз етеді,

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтінішті жылжымайтын мүлік обьектісі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы береді.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетудегі бас тарту үшін негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезде, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігінің анықталуы.

2) Қазақстан Республикасының белгіленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдарды, объектілерді, деректерді және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын толық ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3 Тарау.Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі

10. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.

10-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.07.2019 жылғы № 420 Бұйрығымен (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының блогына (бұдан әрі-Төрағаның блогы) қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі не төрағаның блогына орналастырылады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 Тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.

11. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға 1414, 88000807777 біріңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, көрсетілетін қызмет беруші жүргізеді.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ байланыс деректері сайтында көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.

13. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың, «жеке кабинеті» сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.

14. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

______________________________________________________________ («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы) Құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын немесе меншік құқығы туралы куәлікті беру туралы № _____ өтініш

____________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болса - әкесінің аты)(бұдан әрі – Т.А.Ә.)

____________________________________________________________________ (Туған күні, ЖСН, жеке басын куәландыратын құжат болса, құжаттың деректемелері)

____________________________________________________________________ (Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы, болған кезде БСН, деректемелері)

Оның атынан ________________________________________________________ (уәкiлеттi өкiл толтырады)

___________________________________________негізінде әрекет ететін (өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректемелерi)

___________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiсiне

_____________________________ телнұсқасын беруді сұраймын (сұраймыз) (құжаттың атауы)

Құқық белгілейтін құжаттың немесе куәліктің жоғалуына, бүлінуіне

(бұзылуына) алып келген мән-жайлар ________________________________

Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремін (береміз)

1. Төленгенi туралы құжат: түрi _____ №____________теңге сомасына

3._________________________________________________________________ (өтiнiшті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)

Орындаудың жоспарлы күні ___________________________________________

Өтiнiштi орындау /қарау/ нәтижесi __________________________________

____________________________________________________________________ (орындаушының Т.А.Ә. және қолы)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын

«Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін біреуден жасалды.

Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкері) (қолы)

көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание