• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 9 қосымша

«Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру»мемлекеттiккөрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 24.08.2017 жылғы № 1057 Бұйрығымен (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
1. «Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір күн бұрын ұсынады):
1) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу - бір жұмыс күні;
2) жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты техникалық паспортты беру:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi берiледi;
жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт бесінші жұмыс күнi берiледi;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт жетінші жұмыс күнінде беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап оныншы жұмыс күні берiледi.
Осы тармақшаның 1 және 2–абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, бірінші күрделілік санатына жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт бесінші жұмыс күні беріледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 тіркелген) бекітілген жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы.
Мерзiмдi одан әрi ұзарту көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің келiсiмі бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап екі айдан аспауға тиiс.
Нақты деректерден жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжатта қамтылған идентификатталған және техникалық мәліметтердің деректерден айырмашылықтарын анықтау мақсатында, құқық иеленуші осындай айырмашылықтарды анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруге құқылы. Айырмашылықтарды анықтау өткізілген мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша жүргізілді. Жанадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген техникалық тексеру нәтижесі бойынша идентификатталған және техникалық мәліметтердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытынды, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша айырмашылықтарды анықтау нәтижелері бойынша рәсімделеді;
3) техникалық паспортты қосымша бере отырып қорытындыны беру мерзімдері жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес белгіленеді;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
1) көрсетілетін қызметті берушіге құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық паспортты қоса бере отырып жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлікке құрамдастарының идентификатталған және техникалық мәліметтерін енгізу туралы немесе жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне өткізілген техникалық тексерудің нәтижелері бойынша идентификатталған және техникалық мәліметтердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытындысы немесе жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортына енгізу белгісі бар объектіні пайдалануға қабылдау актісі немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бойынша мемлекеттік қызметт көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
2) порталға жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы, алу орны мен күні көрсетіле отырып, хабарлама жолданады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіқызметкерi мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының техникалық паспортты беру үшін қосымша ақыны төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде береді, ал қызмет көрсету үшін шарт жасасқан кезде, көрсетілетін қызметті алушы өзі қол қойған орындалған жұмыстардың актісін қосымша ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.
Ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) порталы арқылы да жүргізіледі.
1) Қызметтің нәтижесін қабылдау және беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушібелгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен, сондай-ақ портал арқылы электрондық кезекті броньдаумен жүзеге асырылады.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлікке құрамдастарының идентификатталған және техникалық мәліметтерін енгізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қажеттісін белгілеу ғимараттардың, кұрылыстардың және (немесе)олардың құрамдастарының жаңадан құрылғанжылжымайтын мүлікке сәйкестендіру жәнетехникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу бойынша (бұдан әрі – өтініш);
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне жылжымайтын мүлiк объектісін пайдалануға қабылдау актісі және (немесе) жер учаскесiне идентификаттау құжаты;
тауарлар Бағасына (жұмыстар, қызметтер) cәйкес, төлемді растайтын құжат.
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне өткізілген техникалық тексерудің нәтижелері бойынша идентификатталған және техникалық мәліметтердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытындысын алу үшін:
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортынжәне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікобъектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеруқорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалықмәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды өтініші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 қосымшасының нұсқасына сәйкес;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;
жер учаскесiне идентификаттау құжатымен бірге жылжымайтын мүлiк объектісін пайдалануғу қабылдау актісі;
техникалық тексеруді өткізі үшін төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады: