• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 10 қосымша

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік обьектісі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір күн бұрын ұсынады):
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорттың телнұсқасы бірінші жұмыс күнi берiледi;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасы екінші жұмыс күні беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорттың телнұсқасы үшінші жұмыс күні берiледi.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасы.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік кызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетіле отырып, оның дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін мемлекеттік техникалық тексеру үшін, тіркеуші органмен өндіретін және (немесе) іске асыратын көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастырылған Тауарлар бағаларына (жұмыстар, қызметтер) сәйкес анықталады (бұдан әрі – тауарлар Бағасы (жұмыстар, қызметтер).
Ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) порталы арқылы да жүргізіледі.
1) Қызметің нәтижесін қабылдау және беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен, портал арқылы электрондық кезекті броньға қою тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндері өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8. Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі, құқық иеленушісі) не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттардың тізбесі:
нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша жеке тұлға үшін;
осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда техникалық паспорттың телнұсқасына телнұсқа беруге өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
техникалық паспорт телнұсқасын бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушітиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде:
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде не оның өкілінің:
заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, Көрсетілетін қызметті беруші олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтінішті жылжымайтын мүлік обьектісі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы береді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқықтан айырылуы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті берушіқызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3 Тарау.Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі
11. Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайы бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, портал арқылы немесе жұмыс күндері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынының кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды кабылдаған адамның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың расталуы болып табылады.
Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы көрсетілетін қызтетті беруші кеңсесіне келіп түскен шағымды қабылдаудың растауы оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
Тіркелгеннен кейін, шағым көрсетілетін қызтетті берушінің басшысына жауапты орындаушысын белгілеу және тиісті шараларды қолдану үшін жіберіледі.
Шағым тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта, портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немес қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 Тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті берушіарқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүру, бейімделу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айрылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Көрсетілетін қызметті беруші қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барумен 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен жүргізеді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші орындарының мекенжайлары Көрсетілетін қызметті берушінің – www.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ы болған кезде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдаланған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 0807777.
«Жылжымайтын мүлiк
объектiлерiнің
техникалық паспортының
телнұсқасын беру»
мемлекеттiк көрсетілетін 
​қызмет стандартына
1-қосымша
  Азамат (ЖСН)________________атынан, сенiм білдірілген адам (ЖСН)____
  ____________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) туған жылы)
  __________________________________________________________негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
  Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі____________________, БСН ________
  _________________________________________________________негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
  Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы:_____________
Қабылданған құжаттардың тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім берді):
2. Қолда бар техникалық паспортты (бар болса) және жер учаскесiне
сәйкестіндіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне
құқық белгiлейтiн (құқық растайтын) құжаттар (түпнұсқада)
- жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорттың телнұсқасын
Жұмысты бітірген соң төлемнің толық төленуіне (қосымша ақы) кепілдік беремін.
  Қабылдады __________________________________________________________ (маманның, инспектордың Т.А.Ә. және қолы)
*бұл баған қосымша құжаттар болған жағдайда толтырылады
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны