Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 246 бұйрығына
11 қосымша
«Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 Тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) Көрсетілетін қызметті берушімен порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді).
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы).
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушібелгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз "электрондық" кезек тәртiбiмен, сондай-ақ портал арқылы электрондық кезекті броньға қою тәртібімен көрсетіледі, бұл ретте құжаттарды қабылдау "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын өткізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
8. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
заңды тұлғалар өкілеттіктерін куәландыратын құжатты;
жеке тұлғаның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхатты;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі);
адвокаттар қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама ұсынады;
уақытша, банкроттық және оңалту басқарушылары, борышкердің дәрменсіз екендігі туралы соттың шешімі, соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығын ұсынады;
тарату комиссиясы, тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясы төрағасы берген сенімхат ұсынады;
мұрагерлер мұраға құқық туралы куәлiкті немесе мүліктік емес құқықтан тұратын мұраға құқық туралы куәлiкті немесе нотариалды куәландырылған мұрагерлер тобын анықтайтын құжатты;
кондоминиум объектісінің қатысушысы, құқық белгілейтін құжатты немесе осы қатысушының меншік құқығындағы қайталама жылжымайтын мүлік объектісінің нотариалды куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін немесе кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын ұсынады.
Құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілеттіліктері, ресми бланкіде басылған және мөрмен куәландырылған ақпарат алу үшін жазбаша сұраныстарын ұсынуымен расталады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) туралы құжатының мәліметі, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiктің иесі (құқық иеленушісі) туралы ақпарат алуға сұрау салу;
субъектінің порталының жеке кабинетінде үшінші тұлғалардан электрондық сұрау және/немесе ұялы байланыс операторымен ұсынылған порталдың есептік жазбасына субъектінің абоненттік номері тіркелген және қосылған жағдайда sms-хабарлама түрінде, субъектінің келісімі жағдайда, субъектінің порталының жеке кабинетінен және/немесе субъектінің абоненттік номері тіркелген және қосылған жағдайда, sms-хабарлама түрінде, ұялы байланыс операторымен порталдың есептік жазбасына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен;
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіқызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушіқызметкері құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын тапсырған кезде. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті берушіқызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3 Тарау.Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі
10. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының блогына (бұдан әрі-Төрағаның блогы) қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі не төрағаның блогына орналастырылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 Тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
11. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бейімделу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті берушіқызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барумен 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен жүргізеді.
12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ы болған кезде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдаланған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші орындарының мекенжайлары Көрсетілетін қызметті берушінің – www.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
15. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 0807777.
«Жылжымайтын мүлік иесі
(құқықиеленушісі) туралы
мәліметті қамтитын техникалық
паспортқа қосымшаны беру»
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
___________________________________________________________
(«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы)
Құқықтық кадастрдан жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметтерді алуға № ________ сұрау салу
____________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә)
____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның паспорт деректерi (жеке куәлiк деректерi) және тұрғылықты жерi)
____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ негiзiнде (өкiлеттiгiн куәландыратын құжат деректері)
______________________________________________ атынан әрекет ететін (уәкiлеттi өкiл толтырады)
Маған мыналарды беруді сұраймын: керегiн белгiлеу
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның
техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар
жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтаманы;
жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иеленушiсі) туралы мәлiмет
қамтылған техникалық паспортқа қосымшаларды;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тiркеу органы растаған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн;
Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi ________________________________
Объектiнiң орналасқан жерi _________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса беремiн:
__________________________________________________________________
Күнi________/_______________________________________/_______________ (өтiнiш берушiнiң / уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә.) (қолы)
____________________________________________________________________ (сұрау салуды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Сұрау салуды орындау /қарау/ нәтижесi: _____________________________
тексерiлдi: күнi 20_____ ж._________ _______________________________
____________________________________________________________________ (маманның Т.А.Ә. және қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__ жылғы _______________ «___»________ (қолы)
«Жылжымайтын мүлік иесі
(құқық иеленушісі) туралы
мәліметті қамтитын техникалық
паспортқа қосымшаны беру"
мемлекеттiк көрсетілетінқызмет
стандартына 2-қосымша
(Т.А.Ә. (болған жағдайда –
әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе көрсетілетін қызметті
____________________________
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон ______________________
Алдым: ______________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы
20___ жылғы «___» ____________