Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілддегі № 647 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12007 тіркелді
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Медициналық мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
міндетін атқарушы
________________ Т. Балықбаев
2015 жылғы 31 шілде