• Мое избранное
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11926 тіркелді

Редакция 09.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2020 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес (21.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның, көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрі А. Мамытбеков
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/678 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2020 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес (21.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 38-2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар (бұдан әрі – атрибуттар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) (бұдан әрі – бұйымдар (құралдар)) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (аспалы, радиожиілік белгісі бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) таңбалау жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмір салуды жүзеге асыратын ұйым;
4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссия) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің бірізді нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;
5) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган ведомоствосы (бұдан әрі ─ ведомоство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
7) жеке кабинет – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастырылған автоматты хабарламалар мен ақпаратты алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;
8) процессингтік орталық – функцияларын Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
9) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндірушілер туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға енгізу рәсімі;
10) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқор – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;
11) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті процессинг орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) порталы арқылы көрсетеді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш жібереді.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
5. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 жылғы № 197 Бұйрығына сәйкес (14.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6. Өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жақын одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген деректердің толықтығына, бұйымдардың (құралдардың) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға ақпарат енгізу арқылы лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды), атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуден өткені туралы хабарламаны не осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда және Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
10. Тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер туралы ақпарат осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үішн тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) шоғырландырылады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші жаңартылған Тізілімді уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты Тізілімге енгізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 жылғы № 197 Бұйрығына сәйкес (14.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қару мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілген қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
__________________ процессингтік орталыққа
(кімнен)_________________________________
________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі /заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы______________________________
Лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш
____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) жеке нөмiрін таңбалау бойынша лазерлік станцияның атауы) __________________________________________________ тіркеуді сұраймын
Лазерлік станция туралы мәліметтер:
1) өндірушінің атауы__________________________________________________
____________________________________________________________________
2) моделі/маркасы_____________________________________________________
____________________________________________________________________
3) түрі_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5) өндіруші ел________________________________________________________
____________________________________________________________________
20__ жылғы « » _________ сағат «__» қол қойып, жіберді:
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
20__жылы «___»______сағат «__» қабылданды.
Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
  • 1
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды)
және атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
 ______ процессингтік орталыққа
 (кімнен) ____________________
 (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
 (бар болса),
тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/
заңды тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
 Мекенжайы _____________________
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш
  _____________________________________________________________________
  (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) және оларды өндірушілердің атауы)
  _____________________________________________________тіркеуді сұраймын
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және оларды өндірушілер туралы мәліметтер:
  1) өндірушінің атауы______________________________________________
  _____________________________________________________________________
  2) өндірушінің мекенжайы _________________________________________
  _____________________________________________________________________
  3) өндірушінің елі ________________________________________________
  _____________________________________________________________________
  4) Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы ______
  _____________________________________________________________________
  5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түрі, атауы________________________________________
  _____________________________________________________________________
  _____________________________________________________________________
  6) осы бұйыммен (құралмен) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі______________________________________
  _____________________________________________________________________
  7) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) артқы бөлігінің ішкі жағында қатты сақина тәріздес тиек ұштығының болуы ___________________________________
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түсі
  ___________________________________________________________________
  9) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) әр бөлігінде (беткі және артқы бөлігінде) өндірушінің сауда маркасының (сауда белгісінің) болуы ____________
  _____________________________________________________________________
  10) сырғаның әр бөлігінде (беткі және артқы бөлігінде) шығарылған күнінің болуы_____________________________________________________________
  11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) өлшемдері _______________________________________
  _____________________________________________________________________
  12) аспалы сырғаның (аспалы сырғалар үшін) беткі бөлігіндегі сыртқы жағында штрих-кодтың болуы___________________________________________
  13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымды (құралды) дайындау материалы__________________________________
  _____________________________________________________________________
  _____________________________________________________________________
  14) қайта пайдалану ___________________________________________________
  15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) зиянсыздығы______________________________________
  _____________________________________________________________________
  16) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалар (өшірілетін, өшірілмейтін) (аспалы сырғалар үшін) ________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалардың, мәліметтердің машинамен оқылуы
  _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
  18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) (радиожиілік белгілері бар аспалы сырғалар, чиптер, болюстер және жануарларды электрондық бірдейлендірудің басқа да құралдары үшін) ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандарттарына сәйкес келуі туралы мәліметтер________________________________________________
  _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
  19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) (аспалы сырғалар үшін) сәйкес келуі туралы мәліметтер_____________________________________________________
  _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
  20__ жылғы «__» _________ сағат «____» қол қойып, жіберілді:
  Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________
  ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
  20__жылы «___» ______сағат «__» қабылданды.
Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер
  ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
  • 1
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
__________________ процессингтік орталыққа
(кімнен) _____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы____________________________
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш
_________________________________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың және оларды өндірушілердің атауы)
_____________________________________________________________________ тіркеуді сұраймын
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтер:
1) өндірушінің атауы_________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
2) өндірушінің мекенжайы ____________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
3) өндірушінің елі____________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
4) Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы _________________________
____________________________________________________________________________________
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттың түрі, атауы
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
6) осы атрибутпен бірдейлендіруді жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі___
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
7) тот баспауға төзімділігі ______________________________________________________________
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттарда тауар маркасының болуы____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибутты дайындау материалы
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың өлшемдері (жануарларды таңбалауға пайдаланылатын аппараттар үшін)____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың зиянсыздығы
______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
20__ жылғы «__» _________ сағат «__» қол қойып, жіберді:
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
20__жылы «___»______сағат «__» қабылданды.
Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
  • 1
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 жылғы № 197 Бұйрығына сәйкес (14.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Процессингтік орталық (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тіркеуден өткені туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz интернет-ресурсында;

2) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) лазерлік станцияларды тіркеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш;

2) бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш;

3) атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректермен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) бекітілген Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және өндірушілерді тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414, 8 800 080 7777.

  • 1
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Тіркеуден өту туралы хабарлама
Құрметті___________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы) лазерлік станция және/немесе ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндіруші ______________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (атауы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасында 20_____ жылғы «___» ___________________ №_______________ болып _____________________дейінгі (тіркелген күні) (тіркеу нөмірі) (тіркеу мерзімі) мерзімге тіркелгенін хабарлаймыз.
Басшы____________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20____жылы «___» _________ сағат «__» қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер: __________________________________________
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты: ___________________________________.
  • 1
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Құрметті __________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы «__» ___________________________ №_____________________өтініміңіз бойынша ______________________________________________себепті қызмет көрсетуден бас тартылды. Басшы____________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер: _________________________________________
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты: _______________________.
  • 1
Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік станцияларды,
бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер тізілімі

р/с

Көрсетілетін қызметті алушының атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Өндірушінің атауы

Тауардың атауы

Жануар түрі

Түрі

Соңғы сертификатталған күні

Сипаты (сипаттамасы)

Өндірушінің коды

Өндірушінің елі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10