• Мое избранное
Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/582 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11902 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 28.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрі
Б.СҰЛТАНОВ
2015 жылғы 1 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық экономика министрі
Е.ДОСАЕВ
2015 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 4-1/582 бұйрығымен бекітілген
 Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және мақта нарығына мониторинг жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мақта нарығына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, дайындауға, сатып алуға, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
2) мақта нарығының мониторингi (бұдан әрі - мониторинг) - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткiзудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
3) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) мониторинг объектілері - мақта нарығына қатысушылардағы шитті мақта және оның бастапқы өңдеу өнімдері (мақта талшығы, тұқым, линт, мақта талшығының қалдықтары).
3. Мониторингті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
2. Мақта нарығына мониторинг жүргізу тәртібі
4. Мониторинг кезеңдері:
1) деректерді жинау;
2) деректерді өңдеу;
3) деректерді талдау.
5. Мониторинг деректері мыналарды қамтиды:
1) мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы;
2) мақта егіс алаңдарының көлемі;
3) өнімділік болжамы;
4) нақты өнімділікті, рефакцияны көрсете отырып, іс жүзіндегі және кондициялық салмақ бойынша шитті мақта өндірудің көлемі;
5) барлық санаттағы шаруашылықтарда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы;
6) мақта өңдеу ұйымдарының, мақта тазалау зауыттарының, мақта дайындау ұйымдарының және мақта қабылдау пункттерінің саны;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/954 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7) экспорт режимiнде ресiмделген мақта талшығының салмағы және статистикалық құны.
6. Мақта нарығына қатысушылар Заңның 16-бабы 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi органмен бекітілетін есепке алу құжаттарының нысандары және есептілікті ұсыну мерзімдері (бұдан әрі – есептілік нысаны) бойынша айына бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ауданның жергілікті атқарушы органына мынадай:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/954 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) мақта нарығына қатысушыларда шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы;
2) мақта дайындау ұйымдарында шитті мақтаның қозғалысы және мақта өңдеу ұйымдарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң қозғалысы туралы;
3) мақта дайындау ұйымдарындағы шитті мақтаның сапалық жай-күйі және мақта өңдеу ұйымдарындағы шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапалық жай-күйі туралы ақпарат береді.
7. Ауданның жергілікті атқарушы органы мақта нарығына қатысушылар ұсынған осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мониторинг деректері бойынша шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң барлық санаттағы шаруашылықтарда бар-жоғы және қозғалысы туралы есептілік нысаны бойынша ақпаратты жасайды және оны айына бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 11-күніне дейін жергілікті атқарушы органға ұсынады.
8. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы жылына екi рет, егін егу және жинау жұмыстары аяқталғаннан кейiн күнтізбелік бес күн өткен соң, жергiлiктi атқарушы органға мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы есептілік нысаны бойынша ақпаратты ұсынады.
9. Мақта нарығына қатысушылардан мақта өнімділігінің болжамы туралы мониторинг деректерін жинауды кейін жиналған ақпаратты есептілік нысаны бойынша жергiлiктi атқарушы органға бере отырып, ауданның жергiлiктi атқарушы органы жылына бiр рет егін жинау жұмыстары алдында жүргізеді.
10. Жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары берген мониторинг деректерін өңдеуді жүзеге асырады.
11. Шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы деректерді өңдеу барысында жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары ұсынған мынадай көрсеткіштер бойынша қортынды шығарады:
1) мақта нарығына қатысушыларда есепті онкүндіктің басында және соңында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы;
2) есепті онкүндікке жаңа жиналған егіннен шитті мақтаның кірісі;
3) есепті онкүндікке басқа облыстардан және импорттан қайта өңдеуден алынған шитті мақтаның қайта өңдеу өнімдерінің кірісі;
4) басқа облыстарға және экспортқа қайта өңдеуге, тиеп-жөнелтуге есепті онкүндікке шитті мақтаның шығысы;
5) басқа облыстарға және экспортқа тиеп-жөнелтуге облыс ішіндегі есепті онкүндікке шитті мақтаны қайта өңдеу өнімдерінің шығысы.
Шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы деректерді өңдеу нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган шитті мақтаның теңгерімін және шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің теңгерімін жасайды, соның негізінде облыс бойынша барлық шаруашылық санаттарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты есептілік нысаны бойынша қалыптастырады.
12. Мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы мониторинг деректерін өңдеу барысында жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған есептерді есепке қоса берілген мақта нарығына қатысушылардың тізімімен салыстырып тексеруді жүргізеді және облыс бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтайды.
Мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы деректерді өңдеу нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган есептілік нысаны бойынша ақпарат жасайды.
13. Мақта өнімділігінің болжамы туралы мониторинг деректерін өңдеу барысында жергiлiктi атқарушы орган аудандардың жергілікті атқарушы органдары берген ақпаратты жинақтайды, мақта себілген алаңдар бойынша және жинауға жататын алаңдар бойынша деректерді қосындылайды, мақтаның орташа өнімділігін және облыс бойынша күтілетін жалпы өнімді есептейді.
Мақта өнімділігінің болжамы туралы деректерді өңдеу нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган жылына бiр рет егін жинау жұмыстары басталар алдында есептілік нысаны бойынша ақпарат жасайды.
14. Мониторинг деректерін өңдегеннен кейін жергiлiктi атқарушы орган оларды талдауды жүзеге асырады.
15. Барлық шаруашылық санаттарында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң бар-жоғы және қозғалысы туралы мониторинг деректерін талдауды жергiлiктi атқарушы орган тиісті мониторинг деректерін өңдегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде айына бір рет жүргізеді.
Талдау жүргізу барысында шиттi мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнiмдерiнiң кірісі және шығысының, шиттi мақтаны бастапқы қайта өңдеудің көлемдері бойынша және алынған мақта талшығы, мақта тұқымы, мақта линтi, талшықты қалдықтар саны бойынша деректер сипатталады.
16. Мақта нарығына қатысушылардың бар-жоғы туралы мониторинг деректерін талдауды жергiлiктi атқарушы орган тиісті мониторинг деректерін өңдегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде жүргізеді.
Талдау жасау барысында алдыңғы есепті кезең деректерімен салыстыру бойынша мақта нарығына қатысушылар санының ұлғаю немесе кему серпіні байқалады.
17. Мақта өнімділігінің болжамы туралы мониторинг деректерін талдауды жергiлiктi атқарушы орган егін жинау жұмыстары басталар алдында жылына бір рет жүргізеді.
Талдау жүргізу барысында мақтаның күтілетін өнімділігін қалыптастыруға әсер ететін орын алған жағдайларға сипаттама беріледі.
18. Республика бойынша мониторинг деректерін талдау үшін есептілік нысаны бойынша экспорт режимiнде ресiмделген мақта талшығының салмағы және статистикалық құны туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан жергiлiктi атқарушы органмен айына бір рет ақысыз негізде алынатын мәліметтер пайдаланылады.
19. Мониторинг нәтижелері бойынша жергiлiктi атқарушы орган жиынтық ақпаратты жылына екi рет, егін егу және жинау жұмыстары аяқталғаннан кейiн күнтізбелік он күн өткен соң уәкілеті органға ұсынады.
20. Республика бойынша жиынтық ақпаратта көрсетілген мониторинг деректері уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және мақта нарығына қатысушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.