1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 48 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 513 Бұйрығымен (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 924 Бұйрығына сәйкес (22.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2019 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тіркеу шифрін бере отырып, қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
4) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысы;
сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
порталда:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі;
3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі ұсынылады;
сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес келуі тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде электрондық көшірмені түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан соң көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаны қайтарады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің куәлігін) ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңымен, «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысымен, «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылдану растамасы өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдану растамасы шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылған, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2019 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны
және басқалар)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігі Индустриялық
даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына тіркеу шифрін беруге өтініш
_______________________________________________«Азаматтық қорғау
(заңды тұлғаның атауы)
туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден ____________________________________
(объект атауы)
өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына тіркеу шифрін беруді сұрайды.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
____________________________ ______________________________________
(ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)
«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының сәйкестігі туралы сараптама қорытындының құрамы
1. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
1) сараптама қорытындысының атауын;
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
4) ұйым туралы деректерді;
5) сараптама мақсатын;
6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе басқа да өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтерді;
7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды;
12) декларацияда ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
13) декларацияда ұсынылған, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, оқыс-оқиғаның қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтерді;
14) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе жүзеге асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
2. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
Сараптама қорытындысына сарапта ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мерімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі – ТАӘ),
не көрсетілетін қызмет
алушы ұйымының атауы)
______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты ___________________________
___________________________________ мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________;
2) ___________________;
3) ....
Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарап үшін бір данадан.
______________________ __________
Орындаушы: ТАӘ ____________
Телефоны __________________
Алды: ____________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ ж. «___» ___________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |