Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 13.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) күнтізбелік күн;
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілген қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
Toggle Dropdown
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Toggle Dropdown
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және оларды қолдану саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтініш;
Toggle Dropdown
3) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысын ұсынады.
Toggle Dropdown
Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
порталда:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және оларды қолдану саласы туралы қысқаша ақпарат бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін ұсынады.
Toggle Dropdown
Сараптама қорытындысы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаның жеке басын, мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға барлық талап етілетін құжаттарды берген кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану шағымы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не Мемлекеттік корпорацияның немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда қолма қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» жөнелткен кезде шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгін тәртіппен сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
Toggle Dropdown
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
1
«Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаның деректемелері
Toggle Dropdown
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны
Toggle Dropdown
және басқалар)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
Toggle Dropdown
және даму министрлігі Индустриялық
Toggle Dropdown
даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік
Toggle Dropdown
комитетінің төрағасы
Toggle Dropdown
________________________________
Toggle Dropdown
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруге өтініш
Toggle Dropdown
_______________________________________________«Азаматтық қорғау
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден ______________________________________
Toggle Dropdown
(ұйым атауы)
Toggle Dropdown
қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын мынадай:____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың атауы) технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруіңізді сұрайды.
Toggle Dropdown
Қысқаша сипаттама: _____________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың мақсаты туралы қысқаша ақпарат және оларды қолдану саласы көрсетіледі)
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Toggle Dropdown
____________________________ ______________________________________
Toggle Dropdown
(ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшының Т.А.Ә, қолы.)
Toggle Dropdown
1
«Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды,
материалдарды, қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы
Toggle Dropdown
1. Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
Toggle Dropdown
1) сараптама қорытындысының атауын;
Toggle Dropdown
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;
Toggle Dropdown
3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
Toggle Dropdown
4) ұйым туралы деректерді;
Toggle Dropdown
5) сараптама мақсатын;
Toggle Dropdown
6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған құжаттар (жобалық, конструкторлық, пайдалану, жөндеу), сәйкестендіру үшін қажетті шығарылған жылы, дайындаушы мен елі, маркасы, моделі, типі, зауыт (сәйкестендіру) нөмірі немесе басқа да ақпаратты көрсете отырып, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар қауіпті техникалық құрылғылар туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
Toggle Dropdown
9) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
Toggle Dropdown
10) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлігін;
Toggle Dropdown
11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
Toggle Dropdown
12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс-оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
13) сараптама нәтижесінде алынған деректердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
2. Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
Toggle Dropdown
1) осы технология бойынша технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік факторлар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
3. Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
Toggle Dropdown
1) техникалық құрылғының жұмысы кезінде туындайтын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
4. Материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
Toggle Dropdown
1) осы материалды қолдану кезінде туындайтын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
5. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
Toggle Dropdown
Сараптама қорытындысына сараптама ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
Toggle Dropdown
1
«Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын технологияларды,
техникалық құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Toggle Dropdown
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы) ___________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
Жоқ құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
4) __________________________________________________________;
Toggle Dropdown
5) __________________________________________________________;
Toggle Dropdown
толық емес топтамасын ұсынбауларыңызға байланысты ___________________________________________мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады,
Toggle Dropdown
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
Toggle Dropdown
___________________________________________ ________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)
Toggle Dropdown
Орындаушы. Т.А.Ә._____________
Toggle Dropdown
Телефон__________
Toggle Dropdown
Алды: ______________________ _______________________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
Toggle Dropdown
20 ___ ж. «___» ___________