1. «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 48 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 513 Бұйрығымен (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 924 Бұйрығына сәйкес (22.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2019 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетлетін қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Нәтижені беру Мемлекеттік корпорация және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.12.2018 жылғы № 926 Бұйрығына сәйкес (22.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері арқылы алу үшін құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті арқылы алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні, басқа өңірлерден – 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (06.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
3) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
4) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қызмет көрсетудің рұқсат беретін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жобалық құжаттаманы келісу туралы оң шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.
Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияда жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібі жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.12.2018 жылғы № 926 Бұйрығына сәйкес (22.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жобалық құжаттаманы келісуге жіберу туралы өтініш;
3) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі;
4) уран өңдіру саласындағы жобалық құжаттамаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамалық қорытындысының электронды көшірмесі.
Сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-1-қосымшасында көзделген талаптарды қамтуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері түпнұсқаларын электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын, мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімнің) болуы.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның лауазымды адамдарының . мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияның немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14 және 16-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияда қолма қол және пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» жөнелткен кезде шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгін тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2019 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (06.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуге өтініш
____________________________________________________________________ (заңды (жеке) тұлғаның атауы) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабын басшылыққа ала отырып, Сізге жобалық құжаттаманы келісуге жібереді ____________________________________________________________________ (жобаның атауы) Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін. __________________________________ __________________________________ (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы, Т.А.Ә.)
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымша
Осы Стандарт 1-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.12.2018 жылғы № 926 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уран өңдіру саласындағы жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының мазмұны
1. Жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
1) сараптама қорытындысының атауын;
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сарапшы-мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
4) ұйым туралы деректерді;
5) сараптама мақсатын;
6) сараптама процесінде қаралған жобалық, конструкторлық құжаттар туралы мәліметтерді;
7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиіс.
2. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
Нысан
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы) ___________________________________
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы:__________________________________) Сіздердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
7) __________________________________________________________;
8) __________________________________________________________;
9) …
толық емес топтамасын ұсынбауларыңызға байланысты ___________________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
___________________________________________ ________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә._____________
Телефон__________
Алды: ______________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ ж. «___» ___________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |