• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 635 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11977 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 29 шілдедегі
 № 635 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9739 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерінде:
«Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөнендегі слесарь санының нормативтері» тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь санының нормативтері».
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 147 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9833 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері бар.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
көрсетілген бұйрықтың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-қосымшаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«14. Департаменттің функциялары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық қызмет көрсету;
2) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;
5) медициналық қызметтер көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында мемлекеттік бақылау саясатын іске асыру;
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) ізгілік көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын), келісім беруді жүзеге асыру;
7) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге келісім беру;
8) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға денсаулық сақтау субъектісінің сәйкестігін айқындау;
9) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау;
10) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауды өткізу;
12) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
13) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу;
14) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу шеңберінде тестілеуді өткізу;
15) аккредиттелген субъектілер мен денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
16) дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысу;
17) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін бақылау;
18) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің енгізілуін бақылау;
19) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау;
20) медициналық қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын бақылау;
21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін айқындауға қатысу;
22) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және шетел мемлекеттерінің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды тануға қатысу;
23) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын бақылау;
24) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;
25) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсету субъектілерінің қызметін бақылау;
26) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу шеңберінде тестілеу өткізу;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.».
3. «Иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 43 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10374 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидаларында:
18-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
4. «Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалауды және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 421 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11485 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалауды және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 36) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
24-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.