• Мое избранное
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 5-қосымша

5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.01.2016 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан ерте емес) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) порталға, Мемлекеттік корпорацияға - Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.
порталда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін – ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2019 жылғы № 186 Бұйрығына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде ұсынады:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2019 жылғы № 186 Бұйрығына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
Оралман мәртебесі бар адамдар жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.
Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады;
2) зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
3) неке қию туралы куәлік (азаматтық хал актілері жазбаларын тіркеу туралы анықтама) не некенi бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (бар болса);
4) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттар:
өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар:
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, архив мекемелерінің анықтамалары, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттардың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Болуына қарай сондай-ақ:
білімі туралы құжат;
әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;

Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.

Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:

балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

кәсіптік орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;

жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар:

балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

келесі құжаттардың біреуі (олардың болуына байланысты):

балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді;

балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не білім алғанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;

жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.

Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді;

бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қартты, он алты жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;

әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың болуына қарай) мынадай құжаттар:

еңбек кітапшасы;

әскери билет;

қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы;

қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының анықтамасы;

қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері ұсынылады;

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық ұйымдар қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін растайтын құжат;

«Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;

егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):

еңбек кітапшасы;

еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс орнынан анықтама;

сот шешімі.

Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.

Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.

Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:

Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы (міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе);

міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасын Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.

Порталға:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған портал арқылы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға электрондық құжат нысанындағы өтініш;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы болмаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 579 Бұйрығына сәйкес (29.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ақпараттық жүйеден тиісті төлемдерді тағайындау немесе зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері кідіртпестен өтініш берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:
Стандарт 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 579 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
10-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Стандарт 10-2-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 579 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелері мен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемдерін тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Нысан
 Аудан коды _______________________
Қазақстан Республикасы
 Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _____________________
облысы (қаласы) бойынша департаменті
Өтiнiш
 Азамат (ша) ___________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 Туған күнi: ______________ жылғы «___» ___________________________
 Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:  
 __________________________________________
 Құжаттың сериясы: _____________ құжаттың нөмірі: ____________ кім берген:
 ___________
 Берілген күні _____________ жылғы «___» __________________________
 Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________ ___________________________________________________________ облысы ______________________________ қаласы (ауданы) ______________________ ауылы көшесі _____________________ (шағынауданы) ________________ -үй ____________________________ -пәтер
Банк деректемелері:
 Банктің атауы ___________________________________________________
Банк шотының №
 Шот түрі: ағымдағы ______________________________________________
 Маған _________________________________________________________
 (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтініш берген жағдайда асырауындағы адамдардың санын көрсету қажет.
Маған бұдан бұрын зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған / тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).
Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:  

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1


 


 


 

2


 


 


 

Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.  
Өтініш берушінің байланыс деректері:
 үй телефоны _______ ұялы телефон ____________ Е-mail _________________
 өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» _________
 Өтініш берушінің қолы ______________________
 Азамат (ша) _______________________________________________________
 өтініші № _____________ болып тіркелді.
 Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы «___» ____________
 _________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
«Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемдерін тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Нысан
 Аудан коды _______________________
Қазақстан Республикасы
 Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің _________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін портал арқылы тағайындауға өтiнiш
Өтініш беруші туралы мәлімет:
Жеке сәйкестендіру нөмірі:  
 _______________________________________________________________
 Азамат (ша) ____________________________________________________
 (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 Туған күнi: ______ жылғы «___» ___________
Маған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды сұраймын.
Мемлекеттік органдардың растауы:  
Өтініш берушінің деректері:
 Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ___________________
 Құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: ______ кім берген: _________
 Берілген күні _______ жылғы «___» __________________
 Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: _____________________________ ____________________ облысы ______________________________ қаласы (ауданы) ______________________ ауылы көшесі _____________________ (шағынауданы) ________________ -үй ___________ -пәтер
Банк деректемелері:
 Банктің атауы _________________________________________________
 Банк шотының № _____________________________________________
 Шот түрі: ағымдағы _____________
Екінші деңгейдегі банктің деректемелері:
 Банктік сәйкестендіру коды _____________________________________
 Жеке сәйкестендіру коды _______________________________________
 Бизнес сәйкестендiру нөмiрi ____________________________________
Өтініш берушінің байланыс деректері:
 үй телефоны __________ ұялы телефон ___________ Е-mail _______________
 Өтініш беруші туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (ҚР Әділетмині) растайды ____________ (ҚР Әділетминінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ)
 Өтініш берушінің банк деректемелерін екінші деңгейдегі банк (ЕДБ) растайды ____________________________________________ (ЕДБ ЭЦҚ-сы)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 ____________________________________________________________________
«Ұсынылған деректердің дәйектілігіне құқықтық жауапкершілікте боламын»
 ЭЦҚ ________________________________________________________________
Төлем мөлшерінің өзгеруіне / тоқтауына алып келетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.  
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәлiметтердi пайдалануға келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын ашқан жағдайда, мұндай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.
 ЭЦҚ _______________________________________________________________
 Өтінішке қол қойылған күн және уақыт: ____жылғы ____ _______________ ______сағат _____минут_____секунд
«Мемлекеттік базалық зейнетақы
 төлемдерін тағайындау» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 579 Бұйрығына сәйкес (29.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нысан
_____________________________________________________________________
                           (түрі көрсетілсін)
 тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы
 № ______ қолхат
20__ жылғы «___» __________
Азамат (ша)_____________________________________ ____________________
               (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 Туған күні _____ жылғы «___» ____________
 Қамқоршы ____________________________________________________________
                       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________
 _____________________________________________________________________
Құжаттардың толық топтамасын, төлем тағайындау үшін талап етілетін
ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді ұсынбау, төлемге
құқығының болмауы, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну себебі
бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.
 _____________________________________________________________________
 (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
«Мемлекеттік базалық зейнетақы
 төлемдерін тағайындау» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 4-қосымша
Нысан
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ
____________________________________________________
 (түрін көрсету)
20 ___ жылғы «___» ___________
Азамат (ша) _________________________________________________________
             (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 Туған күні 20 ____ жылғы «___» ___________
Жүгінген күні 20 ____ жылғы «_____________»__________________________
Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі бойынша тағайындау, төлеу
немесе өтініш беру фактісі расталды
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________ 
 (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)