Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 732 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Ескертпе: өндіріп алу сомасы — атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушы мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талаптың бір бөлігінің мөлшері.
Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.
АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |