Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
26-қосымша
"Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық топтамасын тіркеген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне курьердің құжаттар топтамасын жеткізуді қамтамасыз етуі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін - 5 (бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті берушіде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
оралман мәртебесін беру кезінде – оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін берген жағдайда – жергілікті атқарушы органдардың шешімі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес оралман мәртебесін беру туралы өтініш пен мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушіге, сондай-ақ отбасы мүшелерінің әрқайсысына (бар болса) 3x4 сантиметр екі фотосурет;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттерді қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде (не құзыретін растайтын құжат бойынша оның өкілі) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін жібереді.
9-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш ұсынады.
Өтініш беру мерзімі өздеріне бұдан бұрын берілген оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.
Оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес 3 (үш) айдан аспауға тиіс.
9-2. Өтінішті «Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркеген сәтте жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – «Жеке тұлғалар» МДҚ) арқылы онда (оларда) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы мәніне тексереді.
ЖСН-ы бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН-ды генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.
«Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен өтініш берушінің деректерін «Оралман» ДҚ-ға енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесіне ЖСН-ды генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
2) этникалық қазақтардың оралман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген кезде
10-1. Қызмет көрсетуші оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан:
1) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 13) тармағында бекітілген шарттарға үміткер сәйкес келмеген;
2) этникалық қазақтың оралман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген;
3) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанының «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы расталуы немесе Қағидалардың 28-тармағына сәйкес өтініш беру мерзімі өткен кезде бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері бойынша дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почталық байланыс жолымен немесе қолына көрсетілетін қызмет беруші, әкімдік немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
_________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен ___________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________
Оралман мәртебесін беру туралы өтініш
___________________________________ облысында (республикалық маңызы бар
қалада, астанада) тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына
келуіме/келуді жоспарлауыма байланысты маған және менің отбасы мүшелеріме (бар болса)
оралман мәртебесін беруді сұраймын.
1) жұбайы (зайыбы) ______________________________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары
_______________________________________________________________________________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері
_______________________________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері
(қарындастары) __________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________ қоса беремін.
Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасы мүшелерімнің (бар болса)
"Оралман" дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде басқа облыстың, Астана,
Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарында тіркелуін анықтаған
жағдайда, менің қолда бар құжаттарымды ________________________ (аталған өтініш
енгізілетін жергілікті атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ "Оралман" дерекқоры"
ақпараттық жүйесіндегі тиісті жазбаны осы өтінішті беретін орын бойынша жаңартуды
қамтамасыз етуді сұраймын.
Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "___" ______________ ________________ (өтініш берушінің қолы)
____________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20___ жылғы "___" ___________ ______________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
_________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған
үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №
____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделеген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды
ұсынуыңызға байланысты ___________________________________________________
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
___________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі,қолы
аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон (бар болса) __________________
Алдым: _________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы
20___ жылғы "___" ___________
«Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
_____________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) кімнен _______________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _____________________________________________ (мекенжайында тұратын)
Оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш
Оралман мәртебесінің тоқтатылуына байланысты және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында маған және менің отбасы мүшелеріме оралман мәртебесін заңнамада белгіленген мерзімге ұзартуды сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы) __________________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары ____________;
3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері ___________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) __________________________________________;
20__ жылғы «___» ______________
___________________________
Құжаттарды қабылдаған _______________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы «___» ______________
____________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)