• Мое избранное
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 27-қосымша

30-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 30.12.2016 жылғы № 1142 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:
рұқсатты беру:
1-кезең: рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы хабарлама – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
2-кезең: рұқсатты беру – 11 (он бір) жұмыс күні ішінде, оның 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді;
рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;
рұқсатты ұзарту:
1-кезең: рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы хабарлама – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
2-кезең: рұқсатты беру – 11 (он бір) жұмыс күні ішінде, оның 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді;
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде:
рұқсатты беру – 8 (сегіз) жұмыс күні;
рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;
рұқсатты ұзарту– 6 (алты) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат, қайта ресімделген және ұзартылған рұқсат (бұдан әрі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2019 жылғы № 186 Бұйрығына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру мен (немесе) ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлеміне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі;
2) бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды қайта ресімдеу бойынша, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, ұзарту және (немесе) қайта ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін негізде көрсетіледі.
Салық алымын төлеу көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз нысанда жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:
маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш);
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Кодекстің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер (бұдан әрі - тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер);
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:  
тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелері және аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
Кодекстің 35-бабына сәйкес жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) (бұдан әрі - жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжат);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (шағын кәсікерлік субъектілерін, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды, шетелдік заңды тұлғалардың жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарын, "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 тіркелген) сәйкес осы стандартқа 4-қосымшадағы нысан бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін шығу елдері бойынша квота шеңберіндегі рұқсаттармен өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда) (бұдан әрі - басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту бойынша шарттар туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі);
жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (заңды тұлға - жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында Қағидалардың 31-тармағына сәйкес филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда);
шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің) нотариат куәландырған көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға - жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде портал арқылы:  
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың және нотариат куәландырған аудармаларының электрондық көшiрмелері (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (заңды тұлға - жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында Қағидалардың 31-тармағына сәйкес филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда);
шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға - жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;  
кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;  
басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар туралы нотариат куәландырған құжаттың электрондық көшірмесі;
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:  
көрсетілетін қызметті берушіге:
өтініш;
тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;  
кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;  
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;  
тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;  
кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;  
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алу немесе қайта ресімдеу үшін:  
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (бұдан әрі - еңбек шартының немесе хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы) (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі (бар болса) келген ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат (еркін нысанда) (бұдан әрі - ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат);  
4) шетелдік заңды тұлғаның-жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лаузымға шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі сәйкес келетіні туралы хаты, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хаты;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (бұдан әрі - КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат);  
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат (бұдан әрі - қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат);
7) жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергені туралы құжаттың көшірмесі;
8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның көшірмесі (бар болса);
9) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;  
2) еңбек шартының немесе хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасының электрондық көшірмесі;
3) ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат;  
4) шетелдік заңды тұлғаның ̶ жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лауазымға шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі сәйкес келетіні туралы хаты, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хаттың электрондық көшірмесі;
5) КІА шеңберінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
6) қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат;
7) жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның электрондық көшірмесі (бар болса);
9) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
4) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат;  
3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
4) рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі;
5) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат.
порталға:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;  
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат;  
3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
4) рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі;
5) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімін береді.  
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген кезде:  
көрсетілетін қызметті алушыға - тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қолхат беріледі;  
портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартқан кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының не облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің атына беріледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым жазбаша және электрондық нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке келуге мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы қызметті ресімдеу және алу құқығына берілген сенімхатпен өкілін жібереді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
15. Бизнес сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті, сондай-ақ рұқсатты беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.
«Жұмыс берушілерге шетелдік 
жұмыс күшін тартуға рұқсат 
беру және (немесе) ұзарту» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
1-қосымша
1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
 ______________________________________________________________ (рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ
 20 ___ ж. «_____» _________ № _____ Жұмыс беруші ___________________________________________________________________ (заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы, ________________________________________________________________________________ тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендiру нөмiрi; ________________________________________________________________________________ Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, үйінің мекенжайы) ________________________________________________________________________________ Рұқсат қолданылатын аумақ ______________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Шетелдік жұмыскер_______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі) ________________________________________________________________________________ (паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган) Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)___________________________________________ Рұқсатты беру үшін негіздеме____________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Рұқсаттың қолданылу мерзімі_______________бастап______________дейін (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы) М.О. қолы _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
2-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Қайда_________________________________________________________________ 
(облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органының атауы)

кімнен ________________________________________________________________ 
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
Өтініш
_____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде: бірінші санат бойынша ____ 
адамға, олардың ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
 
______________________________________________________________________
 
______________________________________________________________________ 

екінші санат бойынша ____ адамға, оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
 
______________________________________________________________________
 
______________________________________________________________________ 

үшінші санат бойынша ____ адамға, оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
 
______________________________________________________________________
 
______________________________________________________________________ 

төртінші санат бойынша ____ адамға, оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
 
______________________________________________________________________
 
______________________________________________________________________ 

маусымдық жұмыстарға ____ адамға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын) сұраймын.

Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі:
 
______________________________________________________________________ 

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:
 
Облыс (қала): __________________________________________________________
 
Шетелдік жұмыскерлер саны: _________________________, оның ішінде: басшы ___ адам, лауазымы 
______________________________________________;
 
менеджерлер ___ адам, оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______; мамандар ___ адам, 
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: __________. 

Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның) атауы:____________________________ 
______________________________________________________________________ 

Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер: ______________________ 
______________________________________________________________________ 

Ұйымның меншік нысаны _______________________________________________ 

Құрылған күні 20___ жылғы «___» ____________ 

Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы куәлік 
______________________________________________________________________ 

(нөмірі, қашан және кім берген) Жеке сәйкестендіру нөмірі: 
______________________________________________ 

Бизнес сәйкестендіру нөмірі:_____________________________________________ 

Жүзеге асыратын қызмет түрі:____________________________________________ 

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты __________________________________________ 

(шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі) 

Мекенжайы, телефон, факс ______________________________________________ 

Қоса берілетін құжаттар:_________________________________________________ ______________________________________________________________________ 
______________________________________________________________________ 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу қажеттілігінің негіздемесі: 
___________________________________________________________ 
______________________________________________________________________ 
______________________________________________________________________

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде: Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы: 
______________________________________________________________________ 
______________________________________________________________________ Резидент елде 
тіркелгені туралы деректер: _________________________________ 
______________________________________________________________________ 

(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы) Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: _________________ 
______________________________________________________________________ 

Жүзеге асыратын қызмет түрі: ____________________________________________ 

______________________________________________________________________

Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: ____________________________________ 

Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _______________________ 
_______________________________________________________________________ 
_______________________________________________________________________ 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде: Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы:_______________________ 
______________________________________________________________________ 

Резидент елде тіркелгені туралы деректер: _________________________________ 
______________________________________________________________________ 

(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы) Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: _________________ 
______________________________________________________________________ 

Жүзеге асыратын қызмет түрі: ____________________________________________ 
______________________________________________________________________ 

Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: ____________________________________ 
______________________________________________________________________ 

Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мен (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен таныстым.
 
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. 
Басшы ________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, 
әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
 
20___ жылғы «___» ____________

----------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Өтініш
_______________________________________________________________________ 

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні

20___ жылғы «___» ____________.

_______________________________________________________________________ 

(құжаттарды қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
«Жұмыс берушілерге шетелдік 
жұмыс күшін тартуға рұқсат 
беру және (немесе) ұзарту» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
3-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары

Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам

Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам

3-баған + 5-баған

4-баған + 5-баған

Шетелдік жұмыс күшінің жұмыскер-лердің

жалпы санына %,

7-баған/

6-баған*100%

Барлығы

(шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер

есепке алынбайды)

оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1 және 2- санаттар


 


 


 


 


 


 

2

3 және 4- санаттар


 


 


 


 


 


 

3

БАРЛЫҒЫ


 


 


 


 


 


 

Ескертпе: шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 6-бағанда есепке алынбайды.
  Жұмыс беруші: _________________________________________________ (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
«Жұмыс берушілерге шетелдік 
жұмыс күшін тартуға рұқсат 
беру және (немесе) ұзарту» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 Нысан
Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар

Р/с

Басымды жобаның атауы

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары

Басымды жобада жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың %

Басымды жобада жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің %

1

2

3

4

5

1.




 

1-санаттағы




 




 

2-санаттағы




 




 

3-санаттағы




 




 

4-санаттағы




 




 

«Жұмыс берушілерге шетелдік 
жұмыс күшін тартуға рұқсат 
беру және (немесе) ұзарту» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
5-қосымша
5-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
5-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

Р/с№


 

Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам

3-баған + 5-баған

4-баған + 6-баған

Қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %, 8-баған/7-баған*100 %

Барлығы

оның ішінде:

корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Менеджерлер


 


 


 


 


 


 

2

Мамандар


 


 


 


 


 


 

3

БАРЛЫҒЫ


 


 


 


 


 


 

Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.
 Жұмыс беруші: ________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
М.О.
«Жұмыс берушілерге шетелдік 
жұмыс күшін тартуға рұқсат 
беру және (немесе) ұзарту» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
6-қосымша
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
6-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы)

Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олар үшін құрылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы

Ерекше шарттарды орындау мерзімі

1

2

3

4

5

  _______________________________________ (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
  ______________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
  20___ жылғы «___» ____________
М.О.
«Жұмыс берушілерге шетелдік 
жұмыс күшін тартуға рұқсат 
беру және (немесе) ұзарту» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
7-қосымша
7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2019 жылғы № 594 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Қолхат
 Кімнен _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
төмендегі құжаттар қоса беріле отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы өтініш қабылданды:
  1. ______________________;
  2. ______________________;
  3. ______________________;
  4. ______________________;
  5. ______________________;
  6. ______________________.
  Өтініш 20__жылғы «___» __________________ қарауға қабылданды.
 _________________________________________________________________ (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)