«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10889 тіркелді
Редакция 30.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы ____________ А. Жұмағалиев 2015 жылғы 19 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ____________ Т. Жақсылықов 2015 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (02.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 02.11.2016 жылғы № 470 Бұйрығымен (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (02.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ІІ-IV топтарға жататын жұмыскер – персоналдың электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік дәрежесі;
2) ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстар – ұйымның басшысы (бас инженері) бекіткен тізбеге сәйкес, кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жедел, жедел жөндеу персоналы орындайтын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша басқа да көлемі шағын (бір ауысымнан аспайтын) жұмыстар;
3) арнайы жұмыстар – қауіпсіздік бойынша жоғары талап қойылатын жұмыстар;
4) ашық тарату құрылғысы (бұдан әрі – АТҚ) – барлық немесе негізгі жабдықтары ашық ауада орналасқан тарату құрылғысы;
5) әкімшілік-техникалық персонал – электр қондырғыларында техникалық және жедел қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және реттеу жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген басшылар мен мамандар;
6) әуе электр беру желісі (бұдан әрі – ӘЖ) – ашық ауада орналасқан инженерлік құрылыстардағы (көпірлерде, өтпе жолдарда және т.б.), тіректерге немесе кронштейндерге және бағаналарға оқшаулағыштар мен арматураның көмегімен бекітілген, сымдар арқылы электр энергиясын беруге арналған құрылғы. Әуе электр беру желісінің басына және соңғы ұштарына тарату құрылғысының желілік порталдары мен желілік кірмелері, ал тармақтары үшін – тарату құрылғысының тармақтаушы тірегі мен желілік порталы немесе желілік кірмесі қабылданады;
7) әуе электр беру желілерін және әуе байланыс желілерін қорғау аймағы – 100 метр (м) қашықтықтағы кеме жүретін су айдындары үшін олардың ауытқымаған жағдайында шеткі сымдар желісінің, екі жағынан тік жазықпен шектелген су айдынының сулы бетінің ауа кеңістігі түріндегі су алаңы (өзен, арналар, көл және т.б.) арқылы өтетін әуе желілерінің өту жолдарының бойындағы, ал кеме жүрмейтін су айдыны үшін – жермен өтетін немесе әуе желілері бойымен өтетін қорғау аймақтарын белгілеу үшін көзделген төменде көрсетілген қашықтықтағы олардың ауытқымаған жағдайында шеткі сымдар желісінің, екі жағынан тік жазықпен шектелген жер учаскесі мен ауа кеңістігі түріндегі аймақ:
кернеуі 1 киловольт (кВ) дейінгі әуе желілері және әуе байланыс желілері үшін – 2 м;
1-20 кВ әуе желілері үшін – 10 м;
35 кВ әуе желілері үшін – 15 м;
110 кВ әуе желілері үшін – 20 м;
150, 220 кВ әуе желілері үшін – 25 м;
8) биіктегі жұмыстар – 1,3 м және одан да көп биіктіктегі және биіктік бойынша құлама шекарасынан кемінде 2 м қашықтықтағы уақытша қоршаулармен қоршалған жұмыс орындары және оларға өтетін жолдар. Бұл қоршауларды орнату мүмкін болмаған жағдайда биіктегі жұмыстар сақтандырғыш белбеулерін пайдалану арқылы орындалады;
9) бригада – жұмыс жүргізушіні (бақылаушыны) қоса алғанда, екі және одан да көп адамнан тұратын топ;
10) бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі – жұмыс барысында адам болатын аймақта айқындалатын, адамның және өлшеу аспабының болуымен бұрмаланбаған электр өрісінің кернеуі;
11) екінші рет жалғау (екінші рет тізбектер) – қысқыштар, электр сымдары мен кабельдер, жалғаушы аспаптар мен басқару, электр автоматика, блоктау, өлшеу, қорғау және сигнал беру құрылғылары қатарларының жиынтығы;
12) жабық тарату құрылғысы (бұдан әрі – ЖТҚ) – жабдығы ғимарат ішінде орналасқан тарату құрылғысы;
13) жалғаным – атауы және кернеуі бір мақсаттағы, электр станциясы, кіші станция шегінде орналасқан ТҚ, генератор, қалқан, жинақтаушы шиналарына жалғанған электр тізбегі (жабдық пен шиналар). Бір күштік трансформатордың (орама санына қарамастан) әртүрлі кернеуінің, бір екі жылдамдықты электр қозғалтқыштың электр тізбектері бір жалғаным болып саналады. Көпбұрыштардың схемаларында, бір жарымдық схемаларда желілердің, трансформатордың жалғанымына барлық коммутациялық аппараттар мен шиналар жатады, ал солар арқылы бұл желілер немесе трансформатор тарату құрылғысы жалғанған;
14) жарылыстан қорғалған электр жабдығы – қоршаған жарылыс қаупі бар қоспаның тұтануын (пайдалану кезінде) жою немесе қиындату жөніндегі конструктивтік шаралар көзделген электр жабдығы;
15) жедел жөндеу персоналы – өздеріне бекітілген электр қондырғылары үшін бекітілген көлемде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы;
16) жедел персонал – электр қондырғыларын жедел басқаруды және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмысшыларға рұқсат беру және оларға қадағалау, жұмыстарды ағымдағы пайдалану тәртібімен орыңдау);
17) жерге тұйықтау – жерге тұйықтау құрылғылары бар электр қондырғылар немесе жабдықтары, желілерінің қандай да бір нүктелерін әдейі электрлі жалғау;
18) жиынтық тарату құрылғысы (бұдан әрі – ЖинТҚ) – жинақталған немесе құрауға толық дайын күйінде жеткізілетін, орнатылған аппараттары, қорғаныс құрылғысы және автоматикасы бар, толықтай немесе ішінара жабық шкафтардан немесе блоктардан тұратын тарату құрылғысы;
19) жоғары өрмелеу жұмыстары – жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 2 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар, олардың бетінде монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықтармен жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте жұмыс істеушілерді құлап кетуден сақтандыратын негізгі құралдар – сақтандыру арқаны және оны бекіту тәсілі болып табылады;
20) жөндеу персоналы – электр жабдығына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, монтаждау, баптау және сынауды қамтамасыз етуші персонал;
21) жұмыс орнын дайындау – жұмыс орнында жұмыс істеушіге қауіпті өндірістік фактордың әсерін болдырмау үшін жұмыс басталғанға дейін техникалық шараларды орындау;
22) жұмыс санаты – наряд рұқсаттаманың тиісті бағанында көрсетілетін, кернеуді алу, кернеуді алмау, ток өткізгіш бөлік әлеуеттерінде кернеуді алмау деп бөлінетін жұмыстар;
23) жұмысқа алғаш рет рұқсат беру – өкім немесе наряд бойынша жұмыстың алғаш рет жүзеге асырылатын рұқсат беру;
24) жұмысқа қайтадан рұқсат беру – бұрын наряд бойынша, сондай-ақ жұмыста орын алған үзілістен кейін орындалған жұмыстарға рұқсат беру;
25) жүк көтергіш машина – жүк көтеруге және жылжытуға арналған циклдік әрекет ететін техникалық құрылғы;
26) кабельдік желі (бұдан әрі – КЖ) – электр энергиясын немесе оның жекелеген импульстерін өткізу үшін жалғайтын, бітеуіш және шеткі муфталармен (бітеулер) және тіреу бөлшектері бар бір немесе бірнеше қосарлас кабельдерден тұратын желіні, ал май толтырылған кабельдік желілер үшін бұдан басқа, қоректендіретін аппараттары және май қысымының сигнализация жүйесі бар желі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |