«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9-бабының 7-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның үлгілік шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 277 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10984 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2024 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9-бабының 7-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның үлгілік шарты бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы М. Құсайынов
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 277 бұйрығымен бекітілді
Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның Үлгілік шарты
____________________20__жылғы «___» ______________
қол қойылатын қала) (жасалған күні)
Бұдан әрі Концедент деп аталатын _______________________ атынан (мемлекеттік орган)_____________________________________________
негізінде әрекет ететін(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен
деректемелері)_______________________________________________________
______________(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және
бұдан әрі Концессионер деп аталатын ________ атынан (заңды, жеке тұлға және т.б.)
_____________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
негізінде әрекет ететін _____________________________ екінші тараптан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) бұдан әрі бірлесіп Тараптар, жеке алғанда Тарап, деп аталатындар
Концессиялар жөніндегі комиссияның _____________________________________________________________________
(комиссияның толық атауын көрсету)
20__ жылғы «___» ___________________ № ____ шешіміне сәйкес концессия объектілерін салуға немесе реконструкциялауға және пайдалануға арналған Үлгілік шартты жасасты.
1. Анықтамалар
1. Осы Экономиканың әртүрлі салаларында (аясында) концессияның үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шартты) мынадай түсініктер қолданылады:
1) Арнайы қаржы компаниясы «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Концессионер құратын компания;
2) баланс ұстаушы – балансына Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлға;
3) жобалау құжаттамасы – концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес әзірленуі мен бекітілуі талап етілетін құжаттама;
4) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарларда, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбекақысын төлеу құнында, жұмысты орындау кезіндеб пайдаланылатын тауарлар құнын және қосымша мердігерлер шарттарының бағаларын шегерумен, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмысты (көрсетілетін қызметті) өндірушінің еңбекақысын төлеу қорында жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
5) кадрлар – Концессионердің сол немесе өзге қызмет саласындағы даярланған, білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы;
6) кадрлардағы жергілікті қамту – жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санат бойынша бөлумен, келісімшартты орындау кезінде тартылған персоналдың жалпы санына қатысты пайызбен алынған қазақстандық кадрлардың саны;
7) концессия объектісін пайдалану – Концессионердің концессия объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісінің тағайындауына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және/немесе жұмыстарды орындау және/немесе қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;
8) концессия объектісін басқару – концессия объектісін сенімгерлік басқару;
9) концессиялық жоба – Үлгілік шарттың қолданылу мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессия объектісін құруды (реконструкциялауды) және пайдалануды жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жиынтығы;
10) концессиялық жобаны басқару – жобаны басқару рәсімдерінің орындалуы: жобаның шарттарын айқындау, тұжырымдау, өзгерту, жобаны жоспарлау, жобаны техникалық орындау (жоспарлау мен бақылауды қоспағанда), жобаның орындалуын бақылау;
11) концессия объектісі – концессия объектісінің атауы;
12) тауардағы жергілікті қамту – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды өндірушінің тауарды өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар мен шығындар құнының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы
13) тәуекелдер – пайда болған жағдайда оң немесе теріс әсері болатын, ақша түріндегі сатып алуларға немесе шығындарға алып келетін оқиға немесе шарт;
14) үлгілік шарт – осы Үлгілік шартты, Үлгілік шартта көрсетілген және Үлгілік шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын Үлгілік шарттың барлық қосымшалары (егер олар болса, оған қоса берілетін құжаттар).
2. Үлгілік шарттың нысанасы және концессия объектісі
2. Үлгілік шарттың нысанасы Тараптардың __________________________ (керегін көрсету) қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында концессия объектісін салуға және/немесе реконструкциялауға және пайдалануға, концессия объектісін сенімгерлік басқаруға немесе концессионерге мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе концедентке немесе оның уәкілетті тұлғасына мүліктік жалға алуға (жалдауға) беруге бағытталған қызметін жүзеге асыру кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу болып табылады.
3. Салынатын және/немесе реконструкцияланатын концессияобъектісін сипаттау, мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, концессия объектісінің болжанған бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технология мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктер Үлгілік шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
4. Концедент Үлгілік шартта көрсетілген қызметті Концессионер жүзеге асыру үшін
_____________________________________________________________________
(концессия объектісімен біртұтас болады және/немесе концессия объектісімен
_____________________________________________________________________
жалпы тағайындау бойынша пайдалануға
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |