• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.09.2018 г

Отправить по почте

4

"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10936 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.04.2018 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Казахстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
       _____________ Т. Дүйсенова 
2015 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
       _____________ В. Школьник 
2015 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 28 ақпандағы
 № 176 бұйрығымен
 бекітілген
1
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар
1. Осы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген санитариялық қағидалар Өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, жиналуына, айналымына, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) ағызу станциялары – елді мекендердің кәріз тартылмаған аудандарынан сұйық қалдықтарды кәріз желілеріне жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;
2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы - елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;
3) жоспарлы-тұрақты тазарту - қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;
4) жерді рекультивациялау – белгілі мақсатта пайдалану үшін бұзылған жерлерді, оның ішінде бұзылған жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан жер телімдерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;
6) қалдық сақтау қоймасы – радиоактивті, уытты және қалдық деп аталатын, басқа да пайдалы қазбалардың төгілген қалдықтарын сақтауға немесе көмуге арналған арнайы ғимараттар мен жабдықтар кешені.
7) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
8) қалдықтарды есепке алу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы мен оларды қолдану әдістері туралы ақпарат жинау және ұсыну жүйесі;
9) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар;
10) қалдықтарды жинау - қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинауға және орналастыруға байланысты қызмет; 
11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде қолдану;
13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім бойы оларды қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;
14) қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтардан шикізаттарды және (немесе) одан әрі тауарларды немесе басқа өнімдер өндірісінде (дайындауда) пайдалыналынатын басқа материалдарды алуға, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, көлемін азайту немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгертуге бағытталған, сұрыптауды қоса алғандағы физикалық, химиялық немесе биологиялық процесстер;
15) қалдықтарды орналастыру - өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сақтау немесе көму;
16) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы бөлінген орындарда жинау;
17) қалдықтарды тасымалдау - қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерінен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектілеріне тасымалдау;
18) қалдықтардың қауіптілік сыныбы – бұл олардың түрі мен қауіптілігін (уыттылығын) анықтайтын қалдықтардың сандық сипаттамасы;
19) қалдықтардың сыныптамасы - оларды қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін қауіптілігіне сәйкес қалдықтардың деңгейлерге жатқызу тәртібі;
20) қалдықтардың түрі – шығу тегіне, қасиеттеріне және қалдықтардың сыныптауышы негізінде анықталған жұмыс істеу технологияларына сәйкес жалпы белгілері бар қалдықтар жиынтығы;
21) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуға және азайтуға, есепке алу мен бақылауды қоса алғанда, сондай-ақ қалдықтарды жинауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға (жинақтауға) және жоюға байланысты іс-қимылдар;
22) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын консервациялау - қалдықтарды тасымалдау мен олардың қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру жұмыстарын уақытша тоқтату. Бұл кезде қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығы мен қалдықтарды сақтау орындарының имараттарын қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау үшін оқшау орналастырады; 
23) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын жою (көму) – қалдықтарды тасымалдау мен олардың қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру жұмыстарын тоқтату. Бұл кезде қалдықтармен айналысатын шаруашылықтың барлық ғимараттары мен имараттарын жою қажет, ал қалдықтарды сақтау орны қоршаған ортаға әсер етпейтіндей оқшаулануы қажет.
24) қалдықтармен жұмыс істеу объектілері - қалдықтарды жинау, сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, жою, залалсыздандыру және көму үшін пайдаланылатын орындар немесе объектілер;
25) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі тұрмыстық қалдықтар;
26) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар - қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;
27) қауіпсіз қалдықтар – қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар;
28) қауіпті қалдықтар – құрамында бір немесе бірнеше қауіпті қасиеттерге (уыттылық, жарылу қауіпті, радиоактивтілік, өрт қауіпті, реакциялық қабілеті жоғары) ие зиянды заттар бар және дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыруы мүмкін қалдықтар;
29) қауіпті химиялық заттар - дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыра алатын қасиеттерге ие заттар;
30) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бір бөлігі;
31) мамандандырылған кәсіпорындар - қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді жүзеге асыратын ұйымдар;
32) медициналық қалдықтар - медициналық қызметтерді көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде пайда болатын қалдықтар;
33) медициналық қалдықтарды көму - зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуінің алдын алуға бағытталған және осы медициналық қалдықтарды пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын, залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды кейін қайта алу ниетінсіз оларды топыраққа қауіпсіз орналастыру;