1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Астықтың мемлекеттiк ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөнiндегi бухгалтерлiк есептiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 наурыздағы № 330 қаулысы.
2. «Мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 28-құжат).
3. «Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 543-құжат).
4. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысы.
5. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 245-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 374 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 251-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 926 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 481-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 571-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1146 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 797-құжат).
10. «Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1259 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 857-құжат).
11. «Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 62-құжат).
12. «Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 724 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 740-құжат).
13. «Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 860-құжат).
14. «Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 986 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 895-құжат).
15. «Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 14-құжат).
16. «Асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1537 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 27-құжат).
17. «Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 79-құжат).
18. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 390 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 423-құжат).
19. «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 80, 1053-құжат).
20. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 352-құжат).
21. «Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 695 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 43, 409-құжат).
22. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 43, 410-құжат).
23. «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысының 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 44, 422-құжат).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |