• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығына 2-қосымша

Кедендік алып жүру қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 ж. № 215 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік алып жүру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 322-бабына сәйкес әзірленген және кедендік транзиттің кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Автомобиль көлік құралдарын кедендік алып жүруді кедендік транзит кеден рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кеден рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және/немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
кедендік наряд - кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының құрамы;
межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы.
4. Кодекстің 322-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда кедендік транзит кеден рәсімінде тауарларды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органының басшысыКедендік алып жүру туралышешімді қабылдайды.
Мемлекеттік кірістер органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 322-бабына сәйкес осындай шешім қабылданған сәттен бастап оны жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.
5. Кодекстің 120-бабы 3-тармағына сәйкес кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кедендік алып жүру туралы шешім қабылданғаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірмей төленеді.
6. Тауарларды тасымалдаушыда кедендік алып жүруге байланысты туындаған шығыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары өтемейді.
2. Кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібі
7. Кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған жағдайда, міндетті түрде:
мемлекеттік кірістер органы мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік алып жүру туралы шешім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспар- тапсырма;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі;
4) көлік құралын қарап тексеру актісі (жөнелтуші кеден органында толтырылады);
5) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу туралы акт;
тасымалдаушы не тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) транзиттік декларация не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған өзге құжаттар;
2) кедендік алып жүру үшін алымның төленуін растайтын құжат (төлем туралы түбіртек, электрондық терминал беретін чек, банк кассасының түбіртегі немесе электрондық үкімет жүйесінде қалыптастырылатын электрондық чек).
8. Кедендік алып жүру туралы шешім, қабылдап алу-беру актісі және жоспар-тапсырма осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналында тіркеледі.
Кедендік алып жүру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат жедел байланыс арнасы арқылы межелі кеден органына жіберіледі.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналының нөмірленуі бірден басталады.
9. Тауарлар мен көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісі екі данада жасалады. Қол қойылғаннан кейін бір данасы жөнелтуші кеден органында, ал екіншісі - межелі кеден органында сақталады. Қабылдап алу-беру актісінде міндетті түрде барлық бағандар толтырылады.
10. Кедендік алып жүруді тасымалдаушының не тауарларға қатысты өкілеттігі бар адамның алып жүретін көлік құралында немесе мемлекеттік кірістер органының автокөлік құралында кедендік наряд жүзеге асырады.
11. Кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде бір кедендік наряд 10-нан аспайтын көлік құралын алып жүреді. Қозғалыс пен аялдамалар уақытында кедендік наряд белгіленген бағыт бойы алып жүретін көлікті бақылайды.
12. Алып жүретін көлік құралдарының бірі бұзылған кезде жөндеу немесе тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу аяқталғанға дейін бүкіл колонна тоқтатылады. Авария немесе көлік құралының бұзылуы салдарынан тауарды өзге көлік құралына қайта тиеу кезінде көліктің жүк бөлігіне пломба салынады.
Аварияның немесе көлік құралының сынуы салдарынан тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде көліктің жүк бөлігі пломбаланады. Кедендік наряд тауарды қайта тиеу себептерін, тауардың саны мен басқа да ерекшеліктерін, ескі және жаңа пломбаның нөмірлерін көрсете отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды басқа көлік құралына қайта тиеу туралы екі данада акт (бұдан әрі - акт) жасайды. Пломбаны салудың мүмкін еместігі актіде көрсетіледі. Актіге кедендік нарядтың лауазымды адамы мен тасымалдаушы қол қояды. Актінің бірінші данасы кедендік нарядтың лауазымды адамында қалады, ал актінің екінші данасы межелі кеден органына ұсынылады.
13. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсері кезінде кедендік наряд тасымалдаушыға оның міндеттерін атқаруға жәрдем көрсетеді. Көліктік оқиға туралы хаттама аға кедендік нарядтың қатысуымен толтырылады.
14. Кедендік наряд көлік құралдарының түріне, санына, тасымалдаудың мерзімі мен шарттарына, тасымалданатын тауардың сипатына, сондай-ақ нарядтың құрамына әсер ететін өзге факторларға сүйене отырып қалыптастырылады.
15. Кедендік алып жүру басталар алдында кедендік нарядтың жеке құрамына нұсқау беру жүргізіледі, оның денсаулық жағдайы, жарақтануы, қызметтік міндеттерін білуі тексеріледі.
Кедендік алып жүру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кедендік алып жүру туралы №___________шешім
Күні
Шешімді қабылдау орны
  _____________________________________________________________________
(Мемлекеттік органның атауы, лауазымды адамның Т.А.Ә.) транзиттік
декларация (ХЖТ кітапшасы)_________________________бойынша тауарларды
кедендік бақылаумен өткізудің материалдарын және кедендік бақылау мен ресімдеу үшін ұсынылған тауарға ілеспе құжаттарды: тауар көлік құжаттарын; коммерциялық құжаттарды; кедендік және басқа құжаттарды қарап,
Анықтады:
1. Тіркеу нөмірі автомобиль көлік құралымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша (жүру бағыты) кедендік бақылаудағы тауарлар
__________________________________________________________өткізіледі;
                              тауардың атауы
2. Кедендік алып жүру туралышешімді қабылдау үшін Кодекстің 322-бабы 2-тармағына сәйкес негіздер:
 1) тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы.
 2) Кодекстің 16-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынбау не жеткіліксіз болуы.
 3) егерде кемдегенде осы қаулылардың бірі орындалмаса, заңды күшіне енген әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыда белгіленген кедендік транзит кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасылмаддаушының міндеттемелерін бірнеше рет орындамауы.
 4) Кодекстің 331-бабына сәйкес тасылмаддаушының кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы.
 5) халықаралық шарттарда көзделген
      __________________________________________________________
      (тиісті ұяшықта көрсетіңіз   )
Жазылғандардың негізінде«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»,Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 322-бабын басшылыққа ала отырып.
Шешім қабылдады:
        1._________мемлекеттік кірістер органынан______________________ мемлекеттік кірістер органына дейін бағыт бойынша тіркеу нөмірі______ автокөлік құралын кедендік алып жүру жүзеге асырылсын.
      2. Кедендік алып жүру үшін алымдар_____________теңге сомасында өндіріп алынсын.
        Мемлекеттік кірістер органының басшысы___________________Т.А.Ә.
                                        (тегі бар болса), қолы
      Шешімді ресімдеген лауазымды адамның Т.А.Ә. (тегі бар болса), қолы, жеке нөмірлік мөрі_____________________________
        Шешіммен таныстым, келісемін 20_____ж._______________
        ___________________________
      (Тасымалдаушының қолы)
        20___ж. «___»________төленді.
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдардың төленгенін растайтын құжат
      _______№_____20___ж. «___»________________
Құжаттарды дайындау мен төлемдердің түсуін тексеруді
        ________________________________________ мемлекеттік кірістер
органының лауазымды адамы
      ______________________________________________________жүргізді.
      (Т.А.Ә. (тегі бар болса), қолы, жеке нөмірлік мөрінің бедері)
Кедендік алып жүру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Аумақтық мемлекеттік кірістер
органының басшысы
_____________________________
Т.А.Ә. (тегі бар болса)
20___ж. «__» _____________
№____________жоспар-тапсырма
1. Кедендік нарядтың құрамы:
(мемлекеттік кірістер органының атауы, Т.А.Ә. (тегі бар болса), лауазымы) 
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. арнайы құралдардың атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жұмыс уақыты 20__жылғы «__» - 20___жылғы «__»______дейін
4. Кедендік нарядтың қозғалыс бағыты:
(қозғалыс бағыты, алып жүрудегі көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу
нөмірі, ілеспе құжаттардың (транзиттік декларацияның), нөмірлері.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Іссапарға тапсырма
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органы
бөлімшесінің бастығы
                                                               Т.А.Ә.
                                                (тегі бар болса), қолы
Кедендік алып жүру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі
       _______________________________           20___жылғы «___»______
      (елді мекеннің атауы)
  Мемлекеттік тіркеу нөмірлері №_______________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________автокөлік құралдарында келе жатқан
тауарды (көлік құралын) кедендік алып жүруге
Нарядтың аға қызметкері______________________________________________
____________________________________________________________тапсырды,
(мемлекеттік кірістер органының атауы, Т.А.Ә. (болған кезде тегі),
                            лауазымы)
ал нарядтың аға қызметкері___________________________________________
____________________________________________________________қабылдады
(мемлекеттік кірістер органының атауы, Т.А.Ә. (тегі бар болса)
тауарға ілеспе құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауар (көлік құралы) өзгермеген қалпында, жүк бөліктеріне
№__________________________________________________пломбалар салынған
Қосымша салынған пломбалар
№____________________________________________________
        Нарядтың аға                 __________________________________
      қызметкері______________  (жеке нөмірлік, мөрінің бедері, қолы)
      (мемлекеттік кірістер органының
атауы, лауазымы, Т.А.Ә (тегі бар
болса)
Нарядтың аға қызметкері
      _____________________           _______________________________
      (мемлекеттік кірістер      (жеке нөмірлік мөрінің бедері, қолы)
органының атауы, лауазымы,
Т.А.Ә. (тегі бар болса)
Кедендік алып жүру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеу актісі
 №________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеудің басталған күні мен уақыты:
20____ж. «__»___________                   ____с.________мин.
_____________________________________________________________________
(кедендік алып жүруді жүзеге асыратындардың лауазымы, Т.А.Ә. (бар
                    болса тегі)
_____________________________________________________________________
      (декларанттың, тауарларға (көлік құралдарына) қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның не олардың өкілдерінің қатысуымен:
_____________________________________________________________________
      (жұмыс орны, лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса тегі) және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, тұратын жері)
_____________________________________________________________________
Тауарды қайта тиеу себептері:
Тауардың саны мен басқа ерекшеліктері:___________
тауар орын. Құжаттар бойынша брутто салмақ_____кг
Ескі пломба нөмірлері:_________________________________________
Жаңа пломба нөмірлері:_________________________________________
Сәйкестендіру құралдары салынды_________саны______________дана.
Лауазымды тұлғалар:____________________________________________
                  (қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі), жеке нөмірлік мөрі)
_____________________________________________________________________
      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі), жеке нөмірлік мөрі)
___________________________________________________________қатысуымен
      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі))
Түсірілетін көлік құралының нөмірі:__________________________________
Тиелетін көлік құралының нөмірі:_____________________________________
жөнелтуші:
_____________________________________________________________________
    (ұйымның атауы; ТЕН (БСН, ЖСН)/СЖН; жеке тұлға үшін - Т.А.Ә. (бар
болса тегі), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі),
_____________________________________________________________________
жөнелткен тауарды (тауарлар партиясын) кедендік қайта тиеу жүргізілді
_____________________________________________________________дан (ға)
                     (ел)
алушының мекенжайына (әкелу кезінде толтырылады):
_____________________________________________________________________
      (ұйымның атауы; ТЕН (БСН, ЖСН)/СЖН;
_____________________________________________________________________
жеке тұлға үшін - Т.А.Ә. (бар болса тегі), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі)
мынадай құжаттар бойынша:____________________________________________
              (кедендік декларация, ХЖТ кітапшасы, көліктік
      (тасымалдау) құжаттары, коммерциялық және өзге құжаттар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауарларды қайта тиеу орны___________________________________________
_____________________________________________________________________
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары пайдаланылды:
_____________________________________________________________________
Қайта тиеу нәтижесінде мыналар анықталды:
Тауардың іс жүзіндегі нетто салмағы_____кг, брутто_____кг, орын
саны______
_____________________________________________________________________
               (есептеу деректері көрсетіледі)
қайта тиеу нәтижелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Актіге қоса беріледі:________________________________________________
        (мыналар болған кезде: құжаттар, фотосуреттер және т.с.с.)
Тауарларды кедендік қайта тіркеудің аяқталған күні мен уақыты:
        20___ж. «___»______                           _____с.______мин.
        Актінің екінші данасын қолыма алдым____________________________
                         (күні, уақыты, қолы, Т.А.Ә. (бар болса тегі)
Қызметтік белгілері (мемлекеттік кірістер органына арналған данада
ғана толтырылады)____________________________________________________
____________________________________________________________
Кедендік алып жүру
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналы

р/р

Кедендік алып жүру туралы шешімнің, Тапсырма-жоспардың, қабылдап алу-беру актісінің нөмірі

Күні

Транзиттік декларацияның нөмірі

Алып жүретін автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тауардың атауы

Төлем құжатының нөмірі

Жөнелтушінің деректері (заңды тұлға үшін - атауы және тіркеу орны бойынша мекенжайы, жеке тұлға үшін Т.А.Ә.(тегі бар болса), тұратын мекенжайы)

Алушының деректері (заңды тұлға үшін-атауы, тіркеу орны бойынша мекен жайы, жеке тұлға үшін Т.А.Ә.(тегі бар болса), тұратын мекенжайы)

Межел і кеден орган ы (жүру жолын да наряд ауысқ ан кезде мемле кеттік кіріс тер орган ы)

Нарядтың аға қызметкері (Т.А.Ә.) (тегі бар болса)

Нарядтың аға қызметкерінің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12






 






 






 






 






 






 






 






 






 






 






 






 

Ескертпе: Журнал мемлекеттік кірістер органының іс номенклатурасында тіркелуі, тігілуі, нөмірленуі және мемлекеттік кірістер органының мөрімен мөрленуі тиіс.