• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 747 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 296-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 536-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов