Toggle Dropdown
5
Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11976 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 14.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
Toggle Dropdown
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
____________ Р. Бекетаев
2015 жылғы «___» _______
Toggle Dropdown
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_______________ Т. Жақсылықов
2015 жылғы «___» _____________
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 627 бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
Осы Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес әзірленген және мынадай ұйымдарды:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік мекемелер болып табылатын;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін жауапты;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Респбуликасының азаматтарын бюджет қаражатының есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларымен (бұдан әрі – Азаматтарды шетелге емделуге жіберу қағидалары) айқындалған тәртіппен ем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – ТМККК көрсететін ұйымдар) бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижесін есепке ала отырып шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) амбулаториялық-емханалық көмектің (бұдан әрі – АЕК) базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі – түзету коэффициенттерін есепке алмай, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қызметтердің тізбесі бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек нысандарындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
Toggle Dropdown
2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындайтын қызметтердің тізбесі бойынша МСАК және консультациялық-диагностикалық көмек нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
Toggle Dropdown
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі) – «Бекітілген халық тіркелімі» (бұдан әрі – БХТ) порталында тіркелген, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын құны;
Toggle Dropdown
4) аннуитеттік төлемдер әдісі – қаржы лизингі бойынша берешекті өтеу негізгі қарыз бойынша ұлғаймалы төлемдерді және кезеңдегі негізгі қарыздың қалдығына есептелген сыйақы бойынша кемімелі төлемдерді қамтитын лизингтің бүкіл мерзімі бойы тең төлемдермен жүзеге асырылатын сыйақыны (пайыздарды) есептеу әдісі;
Toggle Dropdown
5) ауру бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф (бұдан әрі – ауру бойынша тариф) – бюджет қаражатының есебінен шетелде емделуге үміткер пациентке отандық медициналық ұйымдар жағдайында көрсетілген медициналық қызметтер кешенінің құны;
Toggle Dropdown
6) аурулардың тізбесі және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі – Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 80-тармақшасының негізінде айқындалған Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражатының есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі және Қазақстан Республикасы азаматтарының бюджет қаражатының есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесі;
Toggle Dropdown
7) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне: аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауданға кіретін және денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – ДСБ) айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша БХТ порталында тіркелген ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектісі;
Toggle Dropdown
8) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ауыл халқына көрсетілетін ТМККК қызметтері кешенінің есеп айырысу құны;
Toggle Dropdown
9) ауыл халқына ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша БХТ порталында тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде аудандық маңызы бар немесе ауылдың денсаулық сақтау субъектісіне кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінен және кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын ТМККК қызметтері кешенінің құны;
Toggle Dropdown
10) базалық мөлшерлеменің құны – ТМККК қызметінің бір бірлігінің орташа есеп айырысу құны;
Toggle Dropdown
11) бастапқы медициналық құжаттама – нысандары «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) көрсетілген медициналық көмектің сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін пациенттер денсаулығының жай-күйі туралы деректерді жазуға арналған құжаттар: амбулаториялық пациенттің медициналық карталары (№ 025/е нысаны) (бұдан әрі – (№ 025/е нысаны), амбулаториялық пациенттің картасы (№ 025-5/е нысаны) (бұдан әрі – № 025-5/е нысаны), консультациялық-диагностикалық орталықтар (емханалар) үшін амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы (№ 025-9/е нысаны) (бұдан әрі – № 025-9/е нысаны), медициналық профилактикалық қарап-тексеру үшін (скрининг үшін) амбулаториялық пациенттің картасы (№ 025-8/е нысаны) (бұдан әрі – № 025-8/е нысаны), баланы медициналық профилактикалық қарап-тексеру үшін (скрининг үшін) статистикалық картасы № 025-7/е нысаны (бұдан әрі – № 025-7/е нысаны), стационарлық науқастың карталары (№ 003/е нысаны) (бұдан әрі – № 003/е нысаны), күндізгі стационар (емхананың, аурухананың) науқасының, үйдегі стационар науқасының (№ 003-2/е нысаны) (бұдан әрі – № 003-2/е нысаны) медициналық карталары, босану сырқатнамасы (№ 096/е нысаны) (бұдан әрі – № 096/е нысаны), жаңа туған нәрестенің даму сырқатнамасы (№ 097/е нысаны) (бұдан әрі – № 097/е нысаны), № 090/е нысаны бойынша өмірінде алғаш рет обыр немесе басқа қатерлі ісік диагнозы қойылған науқас туралы хабарлама (бұдан әрі – № 090/е нысаны) консультацияға, диагностикалық зерттеуге жолдау (№ 001-4/е нысаны) (бұдан әрі – № 001-4/е нысаны);
Toggle Dropdown
12) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - ДСБ);
Toggle Dropdown
13) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі - АС) - мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
14) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
15) емделіп шығу жағдайы – стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәттен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
Toggle Dropdown
16) Жұмыс органы – Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражатының есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері жөніндегі үйлестіруші орган;
Toggle Dropdown
17) жыныс-жас бойынша түзету коэффициенті – халықтың әртүрлі жыныс-жас санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтар ескерілетін коэффициент;
Toggle Dropdown
18) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – КЖНЫК) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 429 бұйрығымен (бұдан әрі – № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде қызметтің МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;
Toggle Dropdown
19) кешенді тариф – Денсаулық сақтау кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес лимфоидты және қан өндіретін тіннің қатерлі ісіктері бар науқастардан басқа, Онкологиялық науқастардың электронды тіркелімінде (бұдан әрі – СНЭТ) тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК медициналық қызметтер кешенінің құны;
Toggle Dropdown
20) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
Toggle Dropdown
21) қаржы лизингі шарты – осы Қағидаларға сәйкес лизинг беруші қызметтер берушіден көрсетілген лизинг алушының меншігіне лизинг нысанасын сатып алуға және лизинг алушыға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес лизинг нысанасын төлемақы үшін уақытша иелену мен пайдалануға беру кезінде міндеттенетін үш жақты шарт;
Toggle Dropdown
22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік денсаулық сақтау ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – Шетелге емделуге жіберу жөніндегі комиссия) – Азаматтарды шетелге емделуге жіберу қағидаларының негізінде айқындалған тәртіппен уәкілетті органның жанындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға жіберу жөніндегі консультациялық-кеңестік орган;
Toggle Dropdown
23) қосалқы мердігер – қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
Toggle Dropdown
24) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
25) қосалқы мердігерлік шарты – ТМККК көрсету шарты бойынша міндеттемелер бөлігін орындау үшін қосалқы мердігер мен қызметтер берушінің арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
Toggle Dropdown
26) құжаттаманы сараптау – бұрын медициналық қызметтерді алған пациенттердің медициналық құжаттамасын зерделеудің негізіндегі ретроспектикалық талдау;
Toggle Dropdown
27) қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;