Toggle Dropdown
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 756 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 4-5-6, 23-құжат.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттік көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнде:
реттік нөмірі 13-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ХҚО, Қорғанысминінің жергілікті әскери басқару органдары»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолмен толықтырылсын:
13-1 |
00101014 |
Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба |
Жеке тұлғалар |
ІІМ |
ІІМ аумақтық бөлімшелері |
ІІМ аумақтық бөлімшелері |
Ақылы |
Қағаз түрінде |
3-бағанда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-бағанда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірлері 22, 23-жолдардың 7-бағанында орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірі 28-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ХҚО, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:
33-1 |
00202004 |
Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау |
Жеке тұлға |
СІМ |
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, ІІМ |
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері |
Ақылы |
Қағаз түрінде |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:
38-1 |
00203006 |
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту |
Жеке тұлғалар |
ІІМ |
ІІМ аумақтық бөлімшелері |
ІІМ аумақтық бөлімшелері |
Тегін |
Қағаз түрінде |
реттік нөмірлері 39, 44, 46-жолдардың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ХҚО, Аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»;
реттік нөмірі 49-жолдың 7-бағанында орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірі 50-жолдың 7-бағанында орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-бағанда орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-бағанда орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
реттік нөмірлері 52, 53-жолдардың 7-бағанында орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу»;
8-баған мынадай редакцияда жазылсын:
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«ХҚО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»;
9-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық/қағаз түрінде»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»;
9-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық/қағаз түрінде»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»;
9-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық/қағаз түрінде»;
реттік нөмірі 90-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу»;
реттік нөмірі 100-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу»;