«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), сондай-ақ өзге ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) үлгi шарттарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11254 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 12 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2019 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын желiге бөлудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын ұлттық электр желiсi арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды тасымалдау жөнiнде көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды сақтау жөнiнде көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерін ұсынуға арналған үлгі шарт;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін ұсынуға арналған үлгі шарт;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Кейiннен порттан шығып жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кіргенi үшiн (кеменің кiруi) теңiз портының қызметтер көрсетуiне арналған үлгi шарт;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Әуежайлардың реттелетін қызметтерiн көрсетуге арналған үлгі шарт;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiндегі қызметкердi көрсетуге арналған үлгі шарт;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу жөніндегі қызметтерді көрсетуіне арналған үлгі шарт;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге арналған үлгi шарт;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарты;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Телефон (кәбілдік) кәрізін пайдалануға беруге арналған үлгі шарт;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Концессия шарттары бойынша темiр жол көлігінің объектілері бар темір жолдары қызметтерін көрсетуге арналған үлгi шарт;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімдеуін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгі шарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А. Мамытбеков 2015 жылғы «____» сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 27 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ В. Школьник 2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығына 1-қосымша
Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгi шарт
__________________________ 20__ жылғы «__» ________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын электр энергиясын желiге
берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi
қызметтердi ұсынатын
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай
_____________________________________________________________________
құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы
_______________________________________________________________атынан
куәлiк* немесе анықтама, берілген күнi және берген орган)
____________________________________________________________негiзiнде
әрекет ететiн________________________________________________________
(лауазымы, А.Ә.Т.)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |