«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11960 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.06.2017 жылғы № 397 Бұйрығына сәйкес
="red">Редакция 29.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (А.М. Құрманов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ______________________ Т. Жақсылықов 2015 жылғы 31 шілде
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидалар:
1) мемлекеттік мекеме болып табылатын;
2) мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты;
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге бюджет қаражатының есебінен емделуге жіберу қағидаларына сәйкес ем көрсететін;
4) Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасының негізінде айқындалған тәртіппен отандық медициналық ұйымдар жағдайларында шетелде емделуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға ем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдауды жүзеге асыру және олардың шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарының МСАК көрсету және азаматтардың ТМККК шеңберінде оны алу құқықтарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін тіркеу;
2) әлеуетті қосалқы мердігер – ТМККК көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындауға үміткер денсаулық сақтау субъектісі;
3) әлеуетті қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі;
4) бақылаушылар – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер өңірлік палаталарының, пациенттердің және денсаулық сақтау субъектілерінің мүдделерін осы өңірде ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіби одақтарының өкілдері;
5) бекіту жөніндегі комиссия – Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін бекіту науқанына (бұдан әрі – бекіту науқаны) қатысу үшін қызметтер берушілерді таңдау жөніндегі комиссия – осы Қағидаларға сәйкес ДСБ құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
6) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДСБ);
7) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі – ақпараттандыру субъектісі) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау субъектілерімен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты, емделіп шығу жағдайларын алдын ала бағалауды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық жүйелерін ақпараттық-техникалық сүйемелдеу бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласында қызметті жүзеге асыратын және құқықтық қатынастарға түсетін заңды тұлға;
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) денсаулық сақтау субъектісі – денсаулық сақтау ұйымы, не жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға;
10) жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі – бюджет қаражатының есебінен салынған, алғаш рет пайдалануға берілген, оны басқару аталған объектіде тиісті қызметті жүзеге асыруға лицензия берілген денсаулық сақтау ұйымына тапсырылған объект;
11) комиссия – осы Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші қызметтер берушілер және қосалқы мердігерлер таңдауын жүргізу үшін құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
12) қатысуға өтінім – әлеуметті қызметтер беруші ұсынатын қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға өтінім немесе әлеуетті МСАК қызметтер берушісі ұсынатын бекіту науқанына қатысуға өтінім немесе әлеуетті қосалқы мердігер ұсынатын қосалқы мердігерді таңдау рәсіміне қатысуға үшін өтінім;
13) қосалқы мердігер – қосалқы мердігерлердің электрондық тізіліміне қосылған қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
14) қосалқы мердігерлерді таңдау – электрондық тізілімге қосу үшін осы Қағидалардың талаптарына әлеуетті қосалқы мердігерлердің сәйкестігін айқындауға бағытталған өзара байланысты реттілік іс-шаралар кешенінен тұратын рәсім;
15) қосалқы мердігерлердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – электрондық тізілім) – қосалқы мердігерге қойылатын осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін комиссия айқындаған және ТМККК көрсетуге рұқсат берілген денсаулық сақтау субъектілерінің электрондық тізілімі;
16) қосалқы мердігерлік шарт – ТМККК көрсетуге арналған шарт міндеттемелерінің бөлігін орындау үшін осы Қағидаларға сәйкес қосалқы мердігер мен қызметтер берушінің арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
17) қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
18) МСАК әлеуетті қызметтер берушісі – ТМККК шеңберінде МСАК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі;
19) өндірістік база – лицензияға қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер көрсету орны;
20) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті немесе ДСБ;
21) тарификатор – Денсаулық туралы кодекстің 35-бабының 5-тармағына сәйкес құны көрсетілген медициналық қызметтердің бекітілген тізбесі;
22) ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау (бұдан әрі – қызметтер берушілерді таңдау) – осы Қағидалардың талаптарына қызметтер берушінің сәйкестігін айқындауға және ТМККК көрсетуге шарт жасасу арқылы ТМККК орналастыруға бағытталған өзара байланысты реттілік іс-шаралар кешенінен тұратын рәсім;
23) ТМККК көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
24) ТМККК көрсетуге ниет білдіру шарты (бұдан әрі бекіткен ниет білдіру шарты) – әлеуетті қызметтер беруші мен қосалқы мердігердің арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
25) ТМККК-ні орналастыру – комиссияның әлеуетті қызметтер берушілерге міндеттемелер мен әкімшінің төлемдері бойынша бюджеттік бағдарларламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларында көзделген ТМККК көлемін айқындауы.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау тәртібі
1-параграф. ТМККК жөніндегі қызметтер берушіні таңдаудың негізгі ережелері