«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Законодательство |
Тип документа: | Кодекс |
Отправить по почте
Сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 9-2/171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11115 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 23 сәуір
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 9-2/171 бұйрығымен бекітілген
Сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны
20__ жылғы «___» ____________ №_____ ____________ қаласы
Бұдан әрi «Агент» деп аталатын ________________________________
атынан Жарғы негiзiнде әрекет ететiн басқарма төрағасы ______________
______________________ бiр тараптан және бұдан әрi «Сақтандырушы» деп аталатын ______________________________________________ атынан Жарғы, 20___ жылғы «__» ______ «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген
_____________________________________________________________________
(сақтандыру ұйымы толтырады) лицензия негізінде әрекет ететiн
___________________________ екiншi тараптан, бұдан әрi «Тараптар» деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Сақтанушылар заңнаманың талаптарын және осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаған жағдайда оған қолайсыз табиғат құбылысының салдарынан туындаған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шеңберiндегi сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыларға белгіленген тәртiппен төленген соманың бiр бөлiгiн Сақтандырушыға өтеу.
2. Өзара есеп айырысу тәртiбi мен талаптары
2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражатын бөлу жолымен, қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыларға сақтандыру төлемiнiң елу пайызын өтеу үшiн және агенттiң қызметiне ақы төлеу үшiн жүзеге асырылады.
3. Агент Сақтандырушыға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнген қаражат есебiнен мына төмендегi барлық жағдайлар басталғанда сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеудi жүргiзедi:
1) сақтандыру жағдайы басталған және өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы шартқа сәйкес Сақтандырушы Сақтанушы алдындағы сақтандыру төлемi бойынша мiндеттемелердi толық орындаған жағдайда;
2) осы шарттың 5-тармағында көзделген, сақтандыру жағдайының басталуын және Сақтандырушының сақтанушыға нақты жүргiзiлген сақтандыру төлемдерiн растайтын құжаттарды Сақтандырушы мiндеттi түрде ұсынған кезде.
4. Агент сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеуді сақтандыру жағдайы басталған сәтте қолданыста болған шарттың негізінде жүзеге асырады.
5. Жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн Агенттiң өтеуi Сақтандырушыдан мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтiнiш алынған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi:
1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшiрмесi;
2) жүргiзiлген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы - түпнұсқа, сақтандырушының мөрiмен куәландырылған шығыс ордерiнiң телнұсқасы);
3) сақтандыру төлемiн сот шешiмi бойынша жүзеге асырған жағдайда күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi қоса берiледi;
4) егiс iшiнара жойылған жағдайда сақтандырушы куәландырған бағалау кiрiсiн бағалау туралы құжаттың көшiрмесi.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға осы шарттың 5-тармағында көзделген құжаттардың сәйкессiздiгi анықталған жағдайда көрсетiлген құжаттар сақтандырушыға лердi жою үшiн қайтарылады. Бұл ретте Сақтандырушыға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу мерзiмi Агент құжаттарды қайта алған сәттен бастап есептеледi, бiрақ жетi жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
7. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындаудың дұрыстығына жауапты болады.
3. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi
8. Агенттiң:
1) Сақтандырушы Агентке көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған және (немесе) берген жағдайда Сақтандырушыға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуден бас тартуға;
2) Сақтандырушыдан өз құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты, оның iшiнде сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
9. Агент:
1) Сақтандырушылар мен сақтанушыларға «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес бекітілетін өнiмнiң белгiлi бiр түрiн өндiруге өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен шығындар нормативтерi туралы ақпаратты жеткiзуге;
2) қолайсыз табиғи құбылысы басталған жағдайда Сақтандырушының өтiнiшi бойынша жергiлiктi атқарушы орган құрған қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құрамында жұмысты жүргiзуге мiндетті.
10. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында өзiне жүктелген өзге де мiндеттерi бар.
4. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
11. Сақтандырушы осы шарттың талаптарында Агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнген қаражаттан сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн алуға құқылы.
12. Сақтандырушы:
1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзу жөнiндегi статистиканы жүргiзу мен жинауға және оны Агентке оның талабы бойынша беруге;
2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
3) өзi тартқан бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) қызметiне ақы төлеуге;
4) жүргiзiлген сақтандыру төлемi мен оның мөлшерiне қатысты барлық сот шешiмдерi және (немесе) айқындаулар туралы олар шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде Агенттi хабардар етуге;
5) қолайсыз табиғат құбылыстары басталған кезде қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiндегi зерттеулердi жүргiзу үшiн Сақтандырушының өтiнiшi бойынша жергiлiктi атқарушы орган құрған комиссия құрамына өзiнiң өкiлiн жiберуге мiндеттi.
13. Сақтандырушы Агентке Заңның 5-бабы 2-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес белгіленетін нысандар бойынша және мерзімдерде ақпарат береді.
14. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
5. Өзге де шарттар
15. Осы шарт бойынша барлық даулар заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.
16. Осы шарт тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден екi данада жасалды.
17. Шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшiне енедi және оны жасаған күннен бастап он екi ай бойы қолданыста болады.
6. Тараптардың деректемелерi
«САҚТАНДЫРУШЫ» «АГЕНТ»
Атауы: ___________________ Атауы: ____________________
Мекенжайы: _______________ Мекенжайы: ________________
БСН ______________________ БСН _______________________
ЖСК ______________________ ЖСК _______________________
БСК ______________________ БСК _______________________
__________________________ ___________________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
Мөр орны Мөр орны