• Мое избранное
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 16

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 сәуірде № 10764 тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 16.06.2016 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 21.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 180-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 16.06.2016 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7533 тіркелді, 2012 жылғы 30 маусымдағы № 207-208 (27026-27027) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);).
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде № 9040 тіркелді, 2014 жылғы 6 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 112 бұйрығымен бекітілген
  • 2
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығымен (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 16.06.2016 жылғы № 451 Бұйрығымен (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 19.03.2020 жылғы № 103 Бұйрығымен (өзгерту 07.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығымен (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 10.08.2021 жылғы № 690 Бұйрығымен (өзгерту 30.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 18.10.2021 жылғы № 899 Бұйрығымен (13.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 707 Бұйрығымен (10.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 28.06.2022 жылғы № 630 Бұйрығымен (18.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2022 жылғы № 820 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң), «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді, өзгерістер, толықтырулар енгізуді, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін ауыстырған, әке (ана) болуды анықтаған, бала асырап алған кезде, азаматтық хал актілерінің жазбаларын түзетуді, қалпына келтіруді, жоюды, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды және акт жазбаларының көшірмелерін беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.09.2025 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (23.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2) азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізуге, азаматтық хал актілерінің күшін жоюға және оларды қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ жеке тұлғалардың дербес деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.07.2024 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес (28.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.02.2024 жылғы № 168 Бұйрығына сәйкес (26.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
6) мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Мониторинг» ИАЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
7) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;
9) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
10) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процесстерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде АХАЖ АЖ арқылы жүргізеді.
Кодекстің 179-бабына сәйкес ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі тиісті ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдауды және осы Кодексте көзделген мерзімдерде оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тиісті тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, қажет болған кезде анықтамалар беруді және табыс етуді жүргізеді.
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің құпиялылығын сақтау және қорғау мақсатында азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері пайдалану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісу арқылы тіркеуші органдарға береді.
Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық әділет органдары, тіркеуші органдар құзыреті шеңберінде Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан акт жазбалардың электрондық нұсқасын пайдаланады.
4. Тіркеуші органдар мынадай іс-қимылдарды жасайды:
1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру, әке (ана) болуды анықтау, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;
3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
5. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, қалпына келтіру, жою, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасы астанасының тіркеуші органына беріледі.
Егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
6. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жүргізеді.
Жеке басты куәландыратын құжат иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген жағдайда, жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы және ауыстырылуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ұсынылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын ұсынады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеті азаматы болып табылатын елдің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады.
7. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, сондай-ақ консулдық ресмилендірілген не арнайы мөртаңба (апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік тіркелуге жататын туу туралы акт жазбасын қоспағанда, мүдделі адамдардың өтініші бойынша тіркеуші орган немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі азаматтық хал актісін тіркеу туралы белгі қояды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген басқа да растайтын құжаттардың мәтіні аудармасының дұрыстығын шетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесінде, сыртқы саяси ведомствосында нотариат куәландыруы, куәландыруы мүмкін.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімдері, үкімдері мен ұйғарымдары туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы алады.