Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 9-2/172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11418 тіркелді
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 22 мамыр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 9-2/172 бұйрығымен
бекітілген
Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтері
4. Шығыс Қазақстан облысы
6. Батыс Қазақстан облысы
11. Солтүстік Қазақстан облысы
12. Оңтүстік Қазақстан облысы
Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін қолдану жөнінде ескертпе:
1. Екі шекаралас облыстың іргелес аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері табиғи-климаттық жағдайы бірдей аймақта орналасқан егістіктерді сақтандыру кезінде өз қалауы бойынша осы аудандардың бірінде қолданылатын 1 гектарға жұмсалатын шығындар нормативтерін таңдауына болады.
2. Осы облыстың сол немесе өзге де аз таралған дақылдар бойынша шығындар нормативтері болмаған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірыңғай табиғи-климаттық жағдайда орналасқан басқа шекара маңындағы облыстар үшін көзделген нормативтер бойынша сақтандыра алады.
3. Осы және іргелес облыстарда қандай да бір аз таралған дақыл бойынша шығындар нормативтері болмаған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер осы облыстың бірдей табиғи-климаттық аймағындағы технологиясы бойынша салыстырмалы басқа дақылдар үшін көзделген нормативтер бойынша сақтандыра алады.