Toggle Dropdown
1
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-04/120 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10537 тіркелді
Toggle Dropdown
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 18-04/120 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
Toggle Dropdown
1. Арал теңізі (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
2. Каспий теңізі (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
3. Жайық өзені (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
4. Қиғаш өзені (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
5. Ертіс өзені (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
6. Жайсан көлі (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
7. Ертіс езеніндегі Бұқтырма су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
8. Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
9. Ертіс өзеніндегі Шульбинское су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
10. Есіл өзені (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
11. Тобыл өзені (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
12. Сырдария өзені (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
13. Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
14. Іле өзені (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
15. Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Toggle Dropdown
16. Нұра өзені (республикалық маңызы бар)
Toggle Dropdown
17. Сілеті өзені (республикалық маңызы бар)
Toggle Dropdown
18. Алакөл көлдер жүйесі (республикалық маңызы бар)
Toggle Dropdown
19. Балқаш көлі (республикалық маңызы бар)
Toggle Dropdown
20. Қаныш Сәтпаев атындағы канал (республикалық маңызы бар)