• Мое избранное
Жағалау белдеуін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жағалау белдеуін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 184 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10847 тіркелді

«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-9) тармақшасынa сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жағалау белдеуiн пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
__________________ А.С. Мамытбеков 
2015 жылғы 16 наурыз
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
__________________ В.С. Школьник
2015 жылғы 17 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 184 бұйрығымен бекітілген
Жағалау белдеуiн пайдалану қағидалары
1. Жағалау белдеуiн пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-9) тармақшасынa сәйкес әзiрленді және жағалау белдеуiн пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жағалау белдеуі – экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метр су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі;
2) уақытша керек-жарақтар мен жүзбелі құрылыстар (бұдан әрі – құрылыстар) – кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, жүкті өңдеуге және қызмет көрсетуге арналған уақытша инженерлік гидротехникалық құрылыстар;
3) уәкiлеттi органның кәсiпорны - қызмет көрсетілетiн шекаралар шегiнде кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында iшкi су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиiсiнше күтiп ұстау және дамыту үшiн өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылатын iшкi су көлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорны;
4) ішкі су жолдарын кеме қатынасы жағдайында қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар – iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру және навигациялық жабдық құралдарын орналастыру мен күтiп ұстау жөнiндегi басқа да жұмыстар.
Осы Қағидаларда Заңға сәйкес өзге де ұғымдар пайдаланылады.
4. Қалалық елді мекендер аумақтарынан тыс жерлерде орналасқан ішкі су жолдары шегінде жағалау белдеуі және акваторияға іргелес учаске уәкілетті органның кәсіпорнына өтеусіз негізінде тұрақты пайдалануға ұсынылады.
5. Ішкі су жолдарының жағалау белдеуінде уәкілетті органның кәсіпорындарымен уәкілетті органның аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен келісілген белгілерді қою схемалары бойынша навигациялық жабдықтың жағалау құралдары қойылады.
6. Навигациялық жабдықтың жағалау құралдарының көрінуін қамтамасыз ету үшін 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (бұдан әрі - Орман кодексі) сәйкес жағалау белдеуінде өсіп кеткен ағаштар мен бұталардың кесілуін жүзеге асырады.
7. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде навигациялық оттарды қоспағанда, кеме жүрісіне қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты оттар орнатуға жол берілмейді.
Уақытша оттар кеме жүргізушілердің көрмеуіне жол бермеу және тәуліктің қараңғы кезінде навигациялық белгілерді тануға кедергі жасамау мақсатында кеме жүрісі жағынан қоршалынады.
8. Ішкі су жолдарын кеме қатынасы жағдайында қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде уәкілетті органның кәсіпорындары техникалық флот кемелерін жөндеу, жабдық бригадасы базасының тұруы және навигациялық жабдықтың құралдары қорын сақтау орны үшін жағалау белдеуін және оған іргелес акваторияны пайдаланады.
9. Қажет болған жағдайда жағалау белдеуінде навигациялық жабдықтарды дайындау және жөндеу, кемелер мен өзге жүзу құралдарын арқандап байлау және тұру, айлақтау, жабдықтарды тиеу, түсіру және сақтау үшін қажетті құрылыстар салынады.
Осы мақсаттар үшін уәкілетті органның кәсіпорындары жағалау белдеуі шегінде орналасқан жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес топырақ, тас, гравий, Орман кодексіне сәйкес ағаш және бұталарды пайдаланады. 
10. Түбін тереңдету жұмыстарын жүргізген кезде жағалау белдеуіне өзге қауіпсіз орын болмаған кезде кеме жолынан сорылған топырақ үйіндісін жасайды.
11. Түбін тазарту жұмыстары жүргізген кезінде жағалау белдеуі шығарылған қоқыс және кеме қатынасына қауіп төндірген басқа да заттарды уақытша сақтау үшін пайдаланылады.
Бұл ретте уәкілетті органның кәсіпорындары олардың су объектісі арнасына қайта түсуінің алдын алу бойынша, оның ішінде су деңгейі өзгерген кезде қажетті шаралар қабылдайды, ал жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды шығарып тастау қамтамасыз етіледі.
12. Жағалау белдеуi шектерiнде руда емес құрылыс материалдарын өндiрудi, орман кесудi, көпірлер салуды және басқа да жұмыстарды жүргізетiн ұйымдар осы белдеуде орналасқан кеме қатынасы мұқтаждығына арналған навигациялық жабдық құралдары мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етедi және жұмыстарды жүргiзу кезiнде болған осы құрылыстардың зақымдалуын уақтылы түзетедi.
Уақытша жұмыстар жүргізу үшін ішкі су жолдарының жағалау белдеуін пайдаланылатын ұйымдар жұмыстарды аяқтағаннан кейін оларды тазалауды және орнықтыруды қамтамасыз етеді.
13. Егер ішкі су жолдарының жағалау белдеуі шегінде шаруашылық немесе өзге де қызмет кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен үйлеспесе, мұндай қызмет жүргізілмейді. 
14. Акваторияда және ішкі су жолдарының шегіндегі жағалау белдеуінде ішкі су жолдары мен жағалау белдеуінің жағдайына теріс әсер ететін және (немесе) оларды пайдалануға қиындық тудыратын қадағалаусыз кемелерді, ғимараттар мен құрылыстарды қалдыруға жол берілмейді.