Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11723 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және кезеңдік баспа шығарылымдарға ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1 ), 2 ) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е.А. Досаев __________________
2015 жылғы 18 маусым
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрі міндетін атқарушысының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 193 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға
жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары
1. Осы Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 41-21) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік (бұдан әрі – сәйкестік куәлігі) беру тәртібін анықтайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) АӘКД пайдалану құжаттамасы – АӘКД ұшу және техникалық пайдалануды регламенттейтін (реттейтін) құжаттар жиынтығы, ол нақты АӘКД және оның құрауыштарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдалану шектеулерін қамтиды;
3) АӘКД ҰЖН-ға сәйкестік куәлігі – АӘКД конструкциясының сәйкестігін, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
4) әзірлеуші – авиациялық техниканы әзірлеуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) ӘК түрлендіру – ӘК-нің қабылданған конструкциясын және (немесе) олардың ұшу жарамдылығына елеулі әсерін тигізетін немесе қоршаған ортаға әсер ететін сипаттамаларын қозғайтын құрамдастарын кез келген түрде өзгерту;
6) әуе кемесi (бұдан әрі – ӘК) – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесудi болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
7) дайындаушы – ӘК дайындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
8) дәлелдемеу құжаттамасы – авиациялық техникаларды тексеру, сынау, зерттеу мен техникалық жай-күйін бағалау нәтижелерін қамтитын құжаттама;
9) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесінің данасын (бұдан әрі – АӘКД) сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінім жасаған жеке немесе заңды тұлға;
10) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
11) сараптамалық ұйым – әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
12) техникалық сараптамалық комиссия – ұшу аппаратының конструкциясына, ұшу сипаттамаларына сараптамалық және оның техникалық жай-күйі мен ұшуларға жарамдылығын анықтауды жүзеге асыру үшін уәкілеттік берілген сараптамалық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органы;
13) ұшуға жарамдылық нормалары (бұдан әрі – ҰЖН) – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапаларына және олардың құрамдастарына қойылатын талаптар;
14) үлгі сертификаты – азаматтық ӘК үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат.
4. Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің әрбір данасы сертификатталуға және оның конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген куәлігі болуға тиіс.
Сәйкестік куәлігі берілген ӘК коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға жіберілмейді.
5. Осы Қағидаларда қамтылған рәсімдер мен жалпы техникалық талаптар жеңіл және аса жеңіл авиацияның ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын АӘКД (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.
6. АӘКД түрлендіру кезінде ол екінші қайта сертификаттауға жатады.
2. АӘКД сертификаттау тәртібі
7. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД-ні сертификаттауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім береді.
1) ӘК данасының пайдалану құжаттамасының жиынтығы;
2) ӘК данасының ерекшелігі, ол қысқаша техникалық сипаттаманы, жүйелердің басты схемаларын, негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ ӘК данасы сертификатталатын ауқымдағы, пайдаланудың күтілетін жағдайлары мен шектеулерін қамтуы тиіс;
3) ӘК-нің үш проекциядағы немесе фотографиядағы түрлі кескіндердегі түрлері: алдынан, бүйірінен, артынан;
4) ӘК немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, қалақты, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттары;
5) азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
8. Уәкілетті орган өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде АӘКД-нің конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалауға сертификаттық тексеру бойынша жұмыстар жүргізуге комерциялық емес ұйымды тартады.
9. Сараптамалық ұйым уәкілетті орган әзірлеген нұсқаулық материалды пайдалана отырып, ӘК техникалық жағдайын, аэродинамикалық және беріктік сипаттамаларын, конструкциясын, оның жасалу сапасын (күрделі жөнделуін) бағалайды.
Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін сараптамалық ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісін ресімдеп, қоса береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰЖН сәйкестік куәлігінің деректер картасы;
2) АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі;
3) АӘКД техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті).
Ескертпе: АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі және АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге беріледі.
10. АӘКД сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды. Қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болатын жағдайларда, қарау мерзімі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап, күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
11. АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі негізінде уәкілетті орган өтініш берушіге осы актіні алған күннен бастап он күнтізбелік күні ішінде 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін береді.
АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтаудың теріс актісі жағдайында уәкілетті орган АӘКД ҰЖН беруден бас тартады. Бұл ретте өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде осы актіні алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беріледі.
Егер сертификаттық тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін сәйкессіздіктерді жою бойынша жауапты адамдарды және күнін көрсетіп, түзету іс-қимылының жоспарын жасайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылының жоспарын бекіткен сәтінен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
12. АӘКД конструкциясына, оның құрауыштарына немесе пайдалану құжаттамасына өзгерістерді жүзеге асырған АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы бір ай мерзімнің ішінде уәкілетті органды осы өзгерістер туралы хабардар етеді және АӘКД-ны қайта сертификаттауға ұсынады.
13. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. Сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
14. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы алты айдың ішінде мына жағдайларда тоқтатылады және тоқтатыла тұрады:
1) егер уәкілетті орган сертификаттаған АӘКД немесе оның пайдалану құжаттамасына уәкілетті органмен келісілмеген, осы Қағидаларда көзделген рәсімдер бұзыла отырып, өзгеріс немесе толықтыру енгізілсе;
2) жоғалған немесе бүлінген жағдайда;
3) осы АӘКД пайдалану үдерісінде оның ұшу жарамдылығын бұзуға және ұшудың қауіпсіздігіне қатер төндіруге байланысты кемшіліктер анықталса;
4) ұшу жарамдылығын бұзуға әкелген авиациялық оқиға болған немесе АӘКД зақымдалған жағдайда.
Бұл ретте, уәкілетті орган АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы тоқтатылса және тоқтатылғандығы туралы пайдаланушыға осы куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына әкелген себептер анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайда АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы хабарлауы немесе тоқтатыла тұрған жағдайда АӘКД сертификатын уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде қайтаруы тиіс.
15. АӘКД сертификатының қолданылуын қалпына келтіру өтініш беруші дәлелдеме құжаттамасымен бірге ұсынған оның қолданысын тоқтата тұруға әкелген себептердің жойылғаны туралы актіге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келісім берген күннен бастап жүргізіледі.
16. АӘКД сертификаты қолданысының тоқтатыла тұруына негіз болған себептер жойылмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті өтінімді алғаннан бастап он бес жұмыс күні ішінде АӘКД сертификатының қолданысын жаңартудан бас тартады. Бұл ретте, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
17. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынудың негізінде оның телнұсқасын беру жүргізіледі:
1) АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі ұстаушысының АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін жоғалтудың немесе бүлінуінің себептері мен жағдайлары көрсетіліп, еркін нысанда ресімделген АӘКД сертификатының телнұсқасын беру туралы өтініші;
2) егер жарамсыз болса, АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі.
18. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Куәлік телнұсқасының жоғары оң жақ бұрышына «Телнұсқа» белгісі қойылады.
Азаматтық әуе кемесі
данасын сертификаттау және
оның ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
1-қосымша
Уәкілетті органның
Басшысына
ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ДАНАСЫН СЕРТИФИКАТТАУҒА АРНАЛҒАН
ӨТІНІМ
____________________________________________________________ тиесілі.
____________, әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді өтінемін
____________________________________________________________________
Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтерді хабарлаймын:
____________________________________________________________________
(ұшақ, тікұшақ, планер, аэростатикалық әуе кемесі және т.б.)
Пайдаланылған конструкторлық құжаттама
____________________________________________________________________
(жеке жоба, прототипі бар, дайын КҚ, қалпына келтірілген ӘК және
Мына жағдайларда жасалған
____________________________________________________________________
(жеке, техникалық клубта, зауытта және т.б.)
____________________________________________________________________
Пайдаланудың күтілетін шарттары _______________________________
Мен ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап беремін.
Сараптама үшін мәлімденген ӘК оған қойылатын талаптарға сәйкес
еместігі туралы куәландыратын фактілер маған белгілі емес.
Өтініш беруші ____________ /_________________/
Азаматтық әуе кемесі
данасын сертификаттау және
оның ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
2-қосымша
Әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау
АКТІСІ
____________________________________________________________________
20__ жылғы «___» ________________ № ________________ бұйрығына сәйкес
комиссия мынадай құрамда:
Төраға: _____________________________________________________________
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша
____________________________________________________________________
___________________________________________________ бағалау жүргізді.
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісінің
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, әуе
кемесі мен оның жабдығының азаматтық әуе кемесінің данасына
белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, мәлімделетін ұшу
түрлеріне сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі.
Төраға: ____________________________ ___________________
__________________________ _____________________
__________________________ ____________________
Ұйым басшысы ____________________________ ___________________
Азаматтық әуе кемесі
данасын сертификаттау және
оның ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
3-қосымша
(Аэростатикалық әуе кемесінің жеке данасын қоспағанда, азаматтық әуе
Осы деректер картасы № _____ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі
болып табылады_________________________________________________ және
(ұшақ, тікұшақ, автожир және т.б., оның атауы)
азаматтық әуе кемесінің данасының негізгі пайдалану шектеулері мен
1. Қозғалтқыш (қозғалтқыштар)
_____________________________________________________________________
1) қуаты, л.с._______________________________________________________
2) ең жоғары айналымдары, айн/мин____________________________________
2. Әуе винті_________________________________________________________
3. Отын _____________________________________________________________
4. ӘК-нің ең жоғары ұшу салмағы, кг _________________________________
1) ең шекті-алдыңғы, %_______________________________________________
2) ең шекті-артқы, %_________________________________________________
6. Жүк көтергіштігі, кг______________________________________________
7. Жылдамдық бойынша шектеулер:
1) ең жоғары рұқсат етілген, км/с____________________________________
2) ең төменгі рұқсат етілген, км/с___________________________________
3) ұшып көтерілу кезіндегі ажырау жылдамдығы, км/с___________________
4) қону кезіндегі түсу жылдамдығы, км/с______________________________
8. экипаж құрамы, адам_______________________________________________
9. ұшуды орындау үшін метеожағдайлар:
1) бұлттардың биіктігі, м____________________________________________
2) көлденең көріну, м________________________________________________
3) жел, м/с_________________________________________________________:
4) ұшуға көтерілгендегі, м/с________________________________________:
5) қарсы жел, м/с____________________________________________________
6) жолай жел, м/с____________________________________________________
7) 90 градустағы, м/с________________________________________________
8) қону кездегі, м/с________________________________________________:
9) қарсы жел, м/с____________________________________________________
10) жолай жел, м/с___________________________________________________
11) 90 градустағы, м/с_______________________________________________
12) қоршаған ауаның температурасы, град. 0 С__________________________
10. Тыйым салынған: _________________________________________________
АӘКД тексеруді жүргізген ұйымның басшысы
_________/_________________/
ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ
(Аэростатикалық әуе кемесі данасына)
Осы деректер картасы № _______ сәйкестік куәлігінің ажырамас
бөлігі болып табылады және аэростатикалық әуе кемесі данасының
негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын мазмұндайды.
____________________________________________________________________
(аэростатикалық әуе кемесі)
Пайдалану басталғаннан бергі ұшу
түсі және өзіндік белгілері
3. Негізгі жинақтаушы бұйымдар (зауыттық N, жасалған күні, дайындаушы)
Газ балондарының жинақтамасы
5. Негізгі сипаттамалары мен шектеулері
Р/с № |
Параметрлері |
Формуляр бойынша |
Сәйкестік бағасының нәтижелері бойынша |
1. |
Газ баллонына толтырылатын отынның көлемі, л |
|
|
2. |
Сыртын қыздырудың ең шекті температурасы, град.0 С |
|
|
3. |
Бос аэростаттың салмағы, кг |
|
|
4. |
+15 град.0 С, температура кезінде ұшқыш пен жолаушыларды қоса есептегендегі қажетті жүктің салмағы, кг |
|
|
5. |
Ең жоғары ұшу биіктігі, м |
|
|
6. |
Биіктеу режиміндегі Vу, м/с |
|
|
7. |
Төмендеу режиміндегі Vу, м/с |
|
|
8. |
Ұшуларды орындау үшін метеожағдайлар: Қоршаған ортаның температурасы, град.0 С Жер төңірегіндегі жел жылдамдығы, м/с |
|
|
Азаматтық әуе кемесінің данасын тексеруді жүргізген ұйымның басшысы
_________/_________________/
Азаматтық әуе кемесі
данасын сертификаттау және
оның ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігіне
куәлік беру қағидаларына
4-қосымша
____________________________________________________________________
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестік
сәйкестендіру № _______________________________ азаматтық әуе
____________________________________________________________________
(ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның
азаматтық әуе кемесінің данасына қойылатын белгіленген талаптарға
____________________________________________________________________
(ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның
азаматтық әуе кемесі жеке данасының негізгі пайдалану шектеулері мен
сипаттамалары деректер картасында қамтылған, ол осы куәліктің
ажырамас бөлігі болып табылады.
М.О. Уәкілетті органның басшысы
_________________________
Азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігінің күшіне
енген күні: _____ ж. «____» _________