«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11556 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 10 ақпаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1165 Бұйрығына сәйкес
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 2 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ Е. Досаев 2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 172 бұйрығымен бекітілген
Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) алушы - осы Қағидаларға сәйкес салалық конструкторлық бюролардың қызметтерін көрсету үшін өтінімі қабылданған өтініш беруші;
2) бірлесіп орындаушы - алушыға салалық конструкторлық бюролар қызметін көрсету шеңберінде жеке іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде салалық конструкторлық бюроларға тартылған, қажетті ресурстар мен мамандықтарды меңгерген жеке немесе заңды тұлға;
3) жоба - салалық конструкторлық бюролар қызметтерін көрсету процесінде және оның нәтижелерін пайдалана отырып, өтініш беруші іске асыруға жоспарлаған немесе алушы іске асыратын индустриялық-инновациялық жоба;
4) инжинирингтік қызметтер - өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өндіру процесіне дайындау, жоба алды және жобалық қызметтерді (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалық-конструкторлық жұмыстар, басқа да сүйемелдеуші қызметтер) көрсету бойынша инженерлік-консультациялық қызметтер;
5) инфрақұрылым - ғимараттар, құрылыстар, технологиялық жабдықтар кешені, тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске;
6) өндірісті техникалық даярлау - нақты өндіру шарттарын ескере отырып, анағұрлым оңтайлы тәсілмен жаңа тауардың өндірістік процесінің орындалу бірізділігін айқындайтын жұмыстар жиынтығы;
7) өндірісті технологиялық даярлау - өндірістің конструкторлық, технологиялық дайындығын және өндіріске тауарларды жеткізу жүйесін регламенттейтін нормативтік-техникалық іс-шаралар кешені;
8) өндірістің конструкторлық дайындығы - дайындаушы кәсіпорынның сериялық өндірісі шарттарына қатысты конструкторлық құжаттамаларға бейімделу мақсатын көздейтін іс-шаралар кешені;
9) өтініш беруші - жаңа немесе жетілдірілген тауарларды өндіруді әзірлеумен және енгізумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды немесе жеке тұлға;
10) салалық конструкторлық бюро - материалдық-техникалық кешенге иелік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға;
11) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган жазбаша тауардың, қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;
12) сынақ - тауар қасиеттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын оған әсер ету нәтижесі ретінде сараптамалық айқындау;
13) роялти - өнімді өндіру кезіндегі техникалық құжаттаманы, лицензияларды, патенттерді және зияткерлік меншіктің басқа түрлерін пайдаланғаны үшін, мөлшері салалық конструкторлық бюро мен алушы арасында жасалатын салалық конструкторлық бюро қызметін көрсетуге арналған шартпен белгіленетін өткізілген өнім құнынан пайыз түрінде төленетін ақшалай өтем;
14) тауар - салалық конструкторлық бюро қызметтерін көрсету нәтижесінде алушы дайындауға тиіс зат немесе заттар жиынтығы;
15) техникалық құжаттама - жаңа немесе жетілдірілген өнімдер өндіруді ұйымдастыруға, сондай-ақ оны пайдалану мен жөндеу үшін қажетті конструкторлық, технологиялық және нормативтік құжаттама;
16) Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік - технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі - Агенттік);
17) технологиялық меморандум - индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилирленген заңды тұлғалармен жасалатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесін айқындайтын келісім.
3. Салалық конструкторлық бюроның (бұдан әрі - СКБ) жұмыс істеу процесінде туындайтын және осы Қағидалармен реттелмейтін мәселелерді шешу Агенттіктің құзыретіне жатады және оның шешімімен ресімделеді.
2. СКБ негізгі мақсаттары
1 Параграф. СКБ-ның жұмыс істеу тәртібі
4. СКБ алушыларға мынадай қызмет түрлерін көрсетеді (бұдан әрі - СКБ қызметтері):
1) Алушының дәлелденген өтініші бойынша оның негізінде тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін техникалық құжаттамаларды сатып алу (қажет болған жағдайда - пысықтау, бейімдеу);
2) технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;
3) жаңа немесе жетілдірілген тауарларды шығаруға жәрдемдесу;
4) техникалық құжаттаманы әзірлеу;
5) өндірісті техникалық (конструкторлық және технологиялық) даярлау бойынша қызметтер;
6) консультациялық және инжинирингтік қызметтер;
7) аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жаңа немесе жетілдірілген өнімдерге сынақ жүргізу кезінде жәрдемдесу;
8) аккредиттелген уәкілетті органдарда жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді сертификаттау кезінде жәрдемдесу.
5. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметтердің қажетті сапасы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында СКБ қызметтерді қөрсетуге бірлесіп орындаушыларды тартады.
6. СКБ мен алушы арасындағы шартта айқындалған алушы қажеттілігіне байланысты СКБ қызметтерінің нәтижелері мыналар болып табылады:
1) техникалық құжаттама, дайындау құқығына лицензиялар немесе патенттер;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |