Toggle Dropdown
3
Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10709 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 13.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
________________ А. Волков
2015 жылғы 2 наурыз
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі
______________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 4 наурыз
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 147 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) авариялық жағдай - авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға;
Toggle Dropdown
2) навигациялық қауіпсіздік - навигациялық картаның және жүзуге арналған оқу құралының жеткіліктілігі мен дәлдігінің дәрежесі, навигациялық жабдық құралдарының штаттық орнынан ауысуы және олардың сипаттамаларының өзгеруі туралы навигациялық жедел ақпараттың уақтылығы, жүзу ауданын гидрографиялық қамтамасыз етудің толықтығы мен сенімділігі, радионавигациялық құралдар сипаттамасының тұрақтылығы, ауа райы жағдайын болжау сапасы, жүзудің қауіпсіз жолдары туралы ұсынымдар және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да факторлар;
Toggle Dropdown
3) пайдаланылу шектеулері - авариялық жағдайдың нәтижесінде пайда болған техникалық жай-күйі деңгейінің төмендеуін және/немесе теңізде жүзу сапасының нашарлауын, жабдықтауда кемшіліктердің пайда болуын, жабдықтаудың толық болмауын ескере отырып, кемені пайдалану кезеңінде уәкілетті орган белгілеген белгілі бір талаптарды алып тастау;
Toggle Dropdown
4) порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – ТПӘ) – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлiмшесi;
Toggle Dropdown
5) сюрвейер – кемелер мен жүктерді тексерумен айналысатын және олардың жай-күйі, авариялық жағдай кезінде бұзушылықтардың мөлшері туралы, кеменің теңізде жүзуі туралы қорытындыны беретін сарапшы;
Toggle Dropdown
6) теңізде жүзу сапасы - кеменің беріктілігіне, орнықтылығына, жүзушілігіне және батпаушылығына қойылатын талаптар жиынтығы;
Toggle Dropdown
7) тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл – авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыратын және үйлестіретін уәкілетті органның лауазымды адамы;
Toggle Dropdown
8) уәкілетті орган - сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
9) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті.
Toggle Dropdown
3. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, авариялық жағдайды болашақта болғызбау және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Халықаралық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелермен болған авариялық жағдайлар осы Қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады.
Toggle Dropdown
5. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.
Toggle Dropdown
6. Авариялық жағдайлар:
Toggle Dropdown
1) елеулі авария;
Toggle Dropdown
2) авария;
Toggle Dropdown
3) оқыс оқиға болып жіктеледі.
Toggle Dropdown
7. Ауыр оқиға мынадай авариялық жағдайларды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) кеменің қирауы;
Toggle Dropdown
2) кемені тікелей пайдаланған кезінде екі адамның өлімі немесе екіден аса;
Toggle Dropdown
3) сүйреткіш кеменің немесе сүйреткіш кеменің басқа жүзу объектісінің қирауы;
Toggle Dropdown
4) қоршаған ортаға қатты зиян келтіру, соның ішінде мұнай немесе мұнай өнімдерінің 250 тоннадан бастап және жоғары көлемінің төгілуі;
Toggle Dropdown
Аварияға мыналар жатады:
Toggle Dropdown
1) кемені тікелей пайдаланған кезде орын алған адамның өлімі;
Toggle Dropdown
2) кемені тікелей пайдаланған кезде адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру;
Toggle Dropdown
3) кемеден адамның жоғалуы;
Toggle Dropdown
4) кеменің зақымдануы (теңізде жүзу сапаларын жоғалу және/немесе пайдалану шектеулердің болуына байланысты өндірістік қызметіне кедергі жасау);
Toggle Dropdown
5) кеменің жүзу қасиеттерін жоғалуына келтірген кемемен тасымалданатын жүктердің орнын ауыстыру және/немесе кеме жүзетін жүктің физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі, соның нәтижесінде кеменің теңіз деңгейінің жоғалуы;
Toggle Dropdown
6) қайраңға тұру және қайраңда 24 сағаттан аса тұруы;
Toggle Dropdown
7) қыры винтке (винтке) немесе рульге аулауға арналған торға орау жағдайын(балық аулау жабдықтары, траллдар) қоспағанда кеменің қозғалыс мүмкіншілігінен 24 сағаттан аса айыру;
Toggle Dropdown
8) кеменің, басқа кеменің немесе жеке тұлғаның немесе кеме қатынасының қауіпсіздігіне қауіпті кемемен теңіз инфрақұрылымының объектілерін зақымдау;
Toggle Dropdown
9) қоршаған ортаға елеулі немесе болжамды зиян келтіру, соның ішінде мұнай немесе мұнай өнімдерінің 10 тоннадан бастап 250 тоннаға дейін мұнайдың төгілуі.
Toggle Dropdown
Оқыс оқиғаға мыналар жатады:
Toggle Dropdown
1) жүзу қасиеттерін жоғалтусыз кеменің зақымдануы;
Toggle Dropdown
2) қайраңға тұру және қайраңда 24 сағат және одан кем уақыт тұруы;
Toggle Dropdown
3) кеменің жүзу қасиеттерін жоғалуына келтірмеген тасымалданатын жүктердің орнын ауыстыру;
Toggle Dropdown
4) кеменің 24 сағат немесе одан кем уақытқа қозғалыссыз қалуы;
Toggle Dropdown
5) кеменің сылуына байланысты қоршаған ортаға зиян келтіру, соның ішінде төтенше жағдайға жататын деңгейден төмен мұнай немесе мұнай өнімдерінің төгілуі.
Toggle Dropdown
8. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру дәлелдемелер жинақтау мен талдау, себептерін анықтау, тиісті ұсыныстар дайындау болашақта осындай апаттардың алдын алу және теңізде жүзудің қауіпсіздік деңгейін арттыру, оның ішінде қызметкерлерді оқытуды қамтиды.
Toggle Dropdown
9. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық жағдайларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлеріне қарамастан жүргізеді.
Toggle Dropdown
10. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру кеменің, кез келген адамның немесе қоршаған ортаның қауіпсіздігіне зиян келтіру ниетімен жасалған әрекетті немесе әрекетсіздікті тергеп-тексеруді қамтымайды.
Toggle Dropdown
11. Уәкілетті орган авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеру органы болып табылады.
Toggle Dropdown
Авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия) құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, кеме иелері және мүдделі тұлғалар кіреді.
Toggle Dropdown
Оқыс оқиғаларды кеме иелері 20 жұмыс күннің ішінде тергеп-тексереді. Тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша кеме иелері материалдарды 5 жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға және ТПӘ ұсынады.
Toggle Dropdown
12. Авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
13. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға нысанға сәйкес тергеп-тексеру жөніндегі уәкілде авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге өкілеттік беретін авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің куәлігі бар.
Toggle Dropdown
2-тарау. Авариялық жағдай туралы хабарлама
Toggle Dropdown
14. Кеме капитаны шұғыл түрде орын алған авариялық жағдай туралы:
Toggle Dropdown
1) кеме иесіне;
Toggle Dropdown
2) ең жақын теңіз порттың капитанына;
Toggle Dropdown
3) ТПӘ-ге хабарлайды.
Toggle Dropdown
Авариялық жағдай шет мемлекеттің ішкі суларда, аумақтық суларда, балық аулайтын аймақтарда және ортақ су кеңістігінде болған жағдайда Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін кеме капитаны болған оқиға туралы ең жақын порттың теңіз әкімшілігіне немесе теңіз портына хабарлайды.
Toggle Dropdown
15. ТПӘ, кеме иесі, теңіз портының капитаны хабарлама алғаннан кейін шұғыл арада әр авариялық жағдай туралы бар ақпаратты (хабарламаны) уәкілетті органға, ішкі істер органдардың аумақтық бөлімшелеріне және көлік прокуратурасына жолдайды.
Toggle Dropdown
16. Авариялық жағдай туралы хабарлама мынадай деректерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) кеменің атауы, Халықаралық теңіз ұйымының (бұдан әрі – ХТҰ) сәйкестендіру нөмірі, типі (сериясы), кемені тіркеудің теңіз порты (орны). Мұздан болған авариялық жағдай кезінде корпустың мұзға қарсы күшейтілуінің нақты санатын көрсету;
Toggle Dropdown
2) кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
Toggle Dropdown
3) кеме иесі және оның ХТҰ нөмірі (болған жағдайда), мекен-жайы, телефоны;
Toggle Dropdown
4) күні, авариялық жағдайдың уақыты; авариялық жағдайдың орны (айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар, ортақ су кеңістігі);
Toggle Dropdown
5) авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;
Toggle Dropdown
6) ауыр дене зақымын алғандардың және/немесе қайтыс болған адамдардың саны;
Toggle Dropdown
7) кеменің зақымдануы және қоршаған ортаға келтірген зиян;
Toggle Dropdown
8) авариялық жағдайға қатысы бар кемелердің сәйкестендіру деректер.
Toggle Dropdown
17. Авариялық жағдайды тіркеу авариялық жағдай туралы өтінішті және техникалық актіні алған кезде ТПӘ-нің лауазымды адамы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру тәртібі
Toggle Dropdown
18. Осы Қағидалары 7-тармағының бірінші және екінші бөліктермен белгіленген авария мен елеулі аварияның белгілері бар авариялық жағдай туралы хабарламаны алғаннан кейін Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия оқиға болған орынды қарап тексеру, қатысқан тұлғалардан сұрау алу және авариялық жағдайдың түрін жіктеуге қажетті басқа негізгі іс-шараларды жүргізу мақсатында оқиға болған орынға жедел түрде шығады.
Toggle Dropdown
Оқиға болған орын Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қарап тексеруіне дейін өзгеріссіз қалады. Егер бұл талапты конструкция қатты бүлінгеннен кейін маңызды және кезек күттірмейтін жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты мүмкін болмағанда, дәлелдемелерді сақтау және болған жағдайды анықтау мүмкіндігін табу мақсатында оқиға болған орын бойынша ТПӘ маманы фотосурет, аудио мен бейнежазба арқылы құжат ресімдейді, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың орналасқан жері, жабдықтың жай-күйі мен орналасқан жері, бастықтардың нұсқауы, жұмыстарды орындауға рұқсаттар бойынша хаттама жасалады. Зақымдалған немесе істен шыққан компоненттер кейбір бір негізгі заттарға егжей-тегжейлі ғылыми сараптама жүргізуді тағайындай алатын Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның келуіне дейін қауіпсіз жерде сақталады. Мұндай заттар таңбаланады.
Toggle Dropdown
Оқиғаға қатысы бар компания Тергеп-тексеру жөніндегі комиссиямен байланыста болу және оған қажетті ақпаратты жинауға көмектесу үшін үйлестірушіні тағайындайды.
Toggle Dropdown
19. Уәкілетті органның лауазымды адамы авариялық жағдайды тергеп-тексеру барысында авариялық жағдайға қатысы бар адамдардан және куәгерлерден сұрау алады.
Toggle Dropdown
Авариялық жағдайға қатысы бар адамдар мен куәгерлерден сұрау алынған кезде сұрау алу хаттамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қосымша жағдайларды анықтау қажеттілігі болған кезде авариялық жағдайға қатысты адамдар мен куәгерлермен сұрау өткізу туралы кеме иесіне немесе кеме капитанына хабарланады. Егер сұралуға тиісті адам тергеу органы орналасқан жерде болмаса, тергеу органының жеке тапсырмасы бойынша сұрау алу осы адамның немесе куәгердің тұрған жері бойынша осындай тиісті тергеу органында жүргізіледі. Егер сұралатын адам сұрау жүргізілетін тілді меңгермесе, онда аудармашы шақырылады, оның қатысқаны туралы хаттамада көрсетіледі.
Toggle Dropdown
20. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия бастапқы іс-шараларды жүргізу нәтижелері бойынша авариялық жағдайдың түрін жіктей отырып, мынадай деректерді қамтитын акт жасайды:
Toggle Dropdown
1) Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;
Toggle Dropdown
2) авариялық жағдайдың күнi, уақыты және орны (порт, пирстер, борты, бухты, рейдтер, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар, ортақ су кеңістігі);
Toggle Dropdown
3) авариялық жағдай орын алған кеме туралы мәлімет (кеменің атауы, туы, ХТҰ нөмірі, тіркеу орны мен тіркеу нөмірінің порты (орны), құрылыс орны мен жылы;
Toggle Dropdown
4) кеменің сынған жерлерінің сипаттамасы (бар болса);
Toggle Dropdown
5) 16 жасқа толмаған балалардың (егер бар болса) санын көрсете отырып, зардап шеккен адамдардың саны туралы ақпарат (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған күнi, азаматтығы);
Toggle Dropdown
6) авариялық жағдайдың түрі.
Toggle Dropdown
21. Елеулі авария мен аварияны тергеп-тексеруді Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия уәкілетті органның басшысымен бекітілген тергеп-тексеруді жүгрізу туралы бұйрық шыққан сәтінен бастап 15 жұмыс күннің ішінде жүргізеді.
Toggle Dropdown
22. Кеме капитаны кеме немесе оның экипажы бірінші қазақстандық портқа келгеннен кейін үш тәулік ішінде Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) жағдайды, авариялық жағдайдың себептерін, салдары мен қатысқан тұлғаларды көрсете отырып, еркін нысанда жазылатын авариялық жағдай туралы толық есеп;
Toggle Dropdown
2) кеме құжаттардан үзінді көшірмелер;
Toggle Dropdown
3) авариялық жағдайға қатысы бар адамдардың және куәгерлердің түсiнiктемелерi;
Toggle Dropdown
4) қажет болған жағдайда – өздігінен жазатын ленталар, мағынасын ашу, қатынас жолмен жол жүру картасы;
Toggle Dropdown
5) маневрлік схемасы;
Toggle Dropdown
6) зақымдану схемалары мен сызбалары;
Toggle Dropdown
7) жіктеу қоғамының немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - Кеме қатынасының тіркелімі) қызметкерлерінің техникалық қарап тексеру актісі;
Toggle Dropdown
8) су асты жүзуді тексеру және/немесе айлақ тексеру;
Toggle Dropdown
9) зақымданған жерлердің фотосуреттері;
Toggle Dropdown
10) жөндеу жұмыстарының алдын-ала калькуляциясы;
Toggle Dropdown
11) авариялық зақымдарды жоюды жүзеге асырған мамандандырылған ұйымдардың шоттары;
Toggle Dropdown
12) еркін нысанда жазылатын авариялық жағдайға байланысты кемені кезектен тыс куәландыру акттары;
Toggle Dropdown
13) мынадай ақпаратты қамтитын кеме иесінің қолы қойылған авариялық жағдай шығындарының көлемі туралы анықтама:
Toggle Dropdown
кеменің аты, кеме иесінің атауы;
Toggle Dropdown
авариялық жағдайдың күні мен орны;
Toggle Dropdown
авариялық жағдайға келтірілген залалдың жалпы сомасы (теңгемен мың бір оннан ондығына тең);
Toggle Dropdown
кеменің теңізде жүзу қасиеттерін қалпына келтіру үшін авариялық зақымдарды жойю құны;
Toggle Dropdown
құтқару операцияларының құнын және/немесе авариялық кемені сүйреу және/немесе оны қолдауға арналған құны;
Toggle Dropdown
авариялық жағдайдың нәтижесінде жоғалған жүктердің құны және/немесе оның зақымдануынан болған шығын, орнын ауыстыру, қайта жүктеу шығындары;
Toggle Dropdown
кемелерді куәландыру мен түрін жіктеуге уәкілетті ұйымның кезектен тыс куәландыру актісі және кемелерді куәландыру мен түрін жіктеуге уәкілетті ұйымы берген куәландырудың басқа да түрлерінің актілері (егер Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға осы Қағидалардың тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, кеменің капитаны дербес немесе тәуелсіз сюрвейердің көмегі арқылы авариялық жағдай кезіндегі шығындардың шамамен алынған есептерін жасайды және ұсынады);
Toggle Dropdown
14) авариялық жағдай орын алған тейстың навигациялық жолын көрсетілген навигациялық картаның көшірмелері;
Toggle Dropdown
15) рейс (ПРД) туралы деректерді жазуға арналған кеме құралының немесе рейс туралы (У-ПРД) (егер бар болса) деректерді жазуға арналған кеменің жеңілдетілген құралының деректері;
Toggle Dropdown
16) авариялық жағдай болған кемені түрін жіктелген және куәландырылған кемелерді жіктеу мен куәландыруға уәкілетті ұйымның кеме мөрімен (егер бар болса) куәландырылған актілерінің көшірмелері;
Toggle Dropdown
17) кемеде жүргізілетін журналдарды қоспағанда кеме мөрімен (егер бар болса) куәландырылған кеме құжаттарының көшірмелері;
Toggle Dropdown
18) кеме мөрімен (егер бар болса) куәландырылған кеменің маневрлік элементтер кестесінің көшірмесі;
Toggle Dropdown
19) сүйрету арқандарын орнату схемалары;
Toggle Dropdown
20) кеменi қарап тексеру актiлері;
Toggle Dropdown
21) зертханалық талдау мен техникалық сараптамалардың нәтижелері;
Toggle Dropdown
22) авариялық жағдайға байланысты қағаз немесе электрондық тасымалдағышта (jpg немесе pdf форматындағы файлдар) фотосуреттер, соның ішінде авариялық жағдай орын алған сәттен бастап жиналған деректермен бірге навигациялық құралдардың экрандарынан алынған фотосуреттер; (немесе эхолот, GPS, радар және т.б. тасымалдағыштардың экрандарынан алынған ақпарат);
Toggle Dropdown
23) оқиға болған кезде ауа-райының нақты жағдайы және болжамды ақпарат.
Toggle Dropdown
23. Авариялық жағдайды тергеп-тексеру нәтижесінде Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мыналарды анықтауы тиіс:
Toggle Dropdown
1) кеменің, экипаждың, жарақтардың, жабдықтың сауда мақсатында Қазқақстан Республикасының теңізде жүзу саласындағы заңнамалығымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі;
Toggle Dropdown
2) навигациялық жағдайды талдау;
Toggle Dropdown
3) авариялық жағдайға әкелген жағдайлар мен мән-жайлар;
Toggle Dropdown
4) авариялық жағдайдың себептері, оның салдары мен сыныпталуы;
Toggle Dropdown
5) авариялық жағдайға қатысты адамдардың әрекетін, оларға сыртқы факторлардың әсерін есепке ала отырып бағалау, олардың психологиялық жай-күйі, шаршау деңгейі;
Toggle Dropdown
6) авариялық жағдайға әкелген немесе болуына әсерін тигізген, кімнің нұсқауымен және қандай нормативтік талаптардың бұзылғандығын, орындалмағандығын, сақталмағандығын көрсете отырып, лауазымды адамдардың тізбесі;
Toggle Dropdown
7) ақталған тәуекелді есепке ала отырып, жасалған әрекеттердің теңізде жүзу қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келуі.
Toggle Dropdown
Тәуекел бір уақытта мынадай жағдайларда ақталған болып танылады:
Toggle Dropdown
1) тәуекел өзі арналған мақсатқа сәйкес болуы тиіс;
Toggle Dropdown
2) мақсатқа қарапайым, тәуекелмен байланысты емес әрекеттермен қол жеткізілуі мүмкін емес;
Toggle Dropdown
3) тәуекел жалған залал келтіруге шамадан өтпеуі керек;
Toggle Dropdown
4) материалдық объектілер, тәуекел нысаны болып табылады.
Toggle Dropdown
24. Авария мен елеулі аварияны тергеп-тексеруді аяқтағаннан кейін Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорытынды жасайды.
Toggle Dropdown
25. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
26. Егер шетелдік кеме авариялық жағдайға тартылған болса, сондай-ақ елеулі аварияны тергеп-тексеру кезінде қорытынды жасалынады және ағылшын тіліне аударылады.
Toggle Dropdown
27. ХТҰ елеулі аварияның әрқайсысын тергеп-тексеру туралы қорытынды жібереді.
Toggle Dropdown
28. Егер тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның мүшесі қорытындымен келіспесе, онда ол өзінің жеке пікірін жазбаша түрде беріп, қорытындыға қосымша ретінде қоса беріледі.
Toggle Dropdown
29. Авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстары бар қорытындының көшірмесі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның барлық мүшелеріне және көлік прокуратурасының органдарына жіберіледі.
Toggle Dropdown
30. Кеме иесі уәкілетті органның қорытындысымен келіспеген жағдайда, кеме иесі тергеу материалдарын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өзінің наразылығын уәкілетті органға жібереді.
Toggle Dropdown
Кеме иесінен наразылық түскен жағдайда уәкілетті орган авариялық оқиға бойынша материалдарды кеме иесінің наразылығын ескере отырып, наразылық түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта қарайды, содан кейін ол бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) күнтізбелік отыз күн ішінде кеме иесінің наразылығын ескере отырып, қосымша тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) кеме иесінің наразылығын қабылдамайды және қолданыстағы қорытындыны күшінде қалдырады.
Toggle Dropdown
Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган кеме иесіне хабарлайды.
Toggle Dropdown
31. Кеме иесі қорытындыны алғаннан кейін алдағы уақытта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмайтын профилактикалық шаралар жүргізеді. Сонымен бірге, кеме иесі кеменің техникалық жай-күйін, одан әрі пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында шетелдік сыныптау қоғамына куәландыруға немесе Қазақстан кеме қатынасының тіркеліміне жібереді.
Toggle Dropdown
32. Авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстардың орындалуын бақылауды ТПӘ жүзеге асырады, ол кейіннен уәкілетті органды хабардар етеді.
Toggle Dropdown
33. Комиссия төрағасының сұрау салуы бойынша елеулі аварияны немесе аварияны тергеп-тексеру мерзімін ұзартуға уәкілетті органның басшысының рұқсатымен жол беріледі.
Toggle Dropdown
Оқыс оқиғаның тергеп-тексеру мерзімін ұзартуды кеменің иесі негізделген себептер болған жағдайда уәкілетті органға хабарлай отырып, дербес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Авариялық жағдайды тергеп-тексеру мерзімі мынадай жағдайларда ұзартылады:
Toggle Dropdown
1) заңда көзделген тәртіппен куәландырылған, авариялық жағдайға қатысы бар адамның уақытша психикалық бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
Toggle Dropdown
2) авариялық жағдайға қатысы бар адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуы;
Toggle Dropdown
3) авариялық тергеп-тексерудің одан әрі жүргізілуіне кедергі болатын еңсерілмейтін күштің әрекеті;
Toggle Dropdown
4) тиісті сараптама жүргізу.
Toggle Dropdown
34. Навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудің кемшіліктерінен болған авариялық оқиғаны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштері өкілдерінің қатысуымен тергейді.
Toggle Dropdown
35. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумақтық суларының шегінде шетелдiк кемемен болған авариялық жағдай туралы шетелдік кеме туының мемлекетінiң теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды.
Toggle Dropdown
36. Кеме иесі навигациялық жабдық құралдарының барлық зақымдану жағдайлары туралы ТПӘ-ге, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің тиісті қызметіне немесе зақымдалған жабдық кімнің қарауында болғанына байланысты су жолдарының мемлекеттік кәсіпорнына дереу хабарлайды.
Toggle Dropdown
37. Авариялық жағдай орын алған шетелдік кемелердің өкілі (Ту мемлекетінің теңіз әкімшілігі) тергеп-тексеруге қатыса алады.
Toggle Dropdown
38. Авариялық жағдайға қатысы бар шетелдік кемені ұстау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
39. Авариялық жағдай орын алған шетелдік кеменің кеме иесінің немесе шетелдік кеме туының мемлекетінің теңіз әкімшілігінің қорытынды алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға шағым жасайды.
Toggle Dropdown
40 Елеулі авария мен авариялардың статистикалық есебін уәкілетті орган, оқыс оқиғаларда - ТПӘ жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
41. Статистикалық есеп электрондық түрде теңізде кемелермен болған авариялық жағдайларды тіркеу журналында жүргізіледі және мынадай мәліметтерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) авариялық жағдайдың нөмірі;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес авариялық жағдайды оқыс оқиғаға, аварияға немесе елеулі аварияға жатқызу туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
3) авариялық жағдай орын алған кеменің типі мен атауы;
Toggle Dropdown
4) авариялық жағдай орын алған кеменiң ХТҰ нөмірі;
Toggle Dropdown
5) авариялық жағдай орын алған кеменiң иесі, ХТҰ нөмірі (болған жағдайда), мекенжайы, телефоны, факсы туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
6) авариялық жағдай орын алған кеме капитанының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
Toggle Dropdown
7) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (кемелердің) типі мен атауы;
Toggle Dropdown
8) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (кемелердің) IMO нөмірі;
Toggle Dropdown
9) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (басқа кемелердің) кеме иесі (кеме иелері) туралы ақпарат - ИМО нөмірі (болған жағдайда), мекен-жайы, телефоны, факсы;
Toggle Dropdown
10) авариялық жағдайға тартылған басқа кеменің (басқа кемелердің) капитанының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
Toggle Dropdown
11) төтенше жағдайдың күні және уақыты;
Toggle Dropdown
12) авариялық жағдай орын алған жер (порт, айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар және ортақ су кеңістігі);
Toggle Dropdown
13) авариялық жағдай орнының географиялық координаттары;
Toggle Dropdown
14) авариялық жағдайдың түрi (қайраңға тұру, соқтығысу, кеменi аударылуы, кеменiң су басу, кеменiң конструкцияларының және/немесе механизмдерінің қирауы/бүлінуі, қоршаған ортаны ластауы, адам өлiмi, адам денсаулығына келтiрiлген ауыр зиян);
Toggle Dropdown
15) авариялық жағдайдың себебі;
Toggle Dropdown
16) авариялық жағдайдың салдары;
Toggle Dropdown
17) авариялық жағдайды тергеп-тексеруді жүргізген адам туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
18) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу күні;
Toggle Dropdown
19) тергеп-тексерудің мерзімін ұзарту туралы мәлімет;
Toggle Dropdown
20) болашақта осындай авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
21) авариялық жағдайға қатысты басқа да мәлімет.
Toggle Dropdown
42. Авариялық жағдайды тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін тергеп-тексерудің барлық материалдары жеке папкаға тігіледі, беттері нөмірленіп, құжаттар тізбесі жасалады. Папка «Авариялық іс» деп аталады.
Toggle Dropdown
1
Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің куәлігі
Toggle Dropdown
Алдыңғы жақ
Toggle Dropdown
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі | Елтаңба | Ministry of industry and infrastructural development of the Republic of Kazakhstan |
| ФОТОСУРЕТ | Те гі FAMILY NAME Аты GIVEN NAME | |
| №0000001 | Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл/Investiqator | |
Toggle Dropdown
Артқы жақ
Toggle Dropdown
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі | Елтаңба | Ministry of industry and infrastructural development of the Republic of Kazakhstan |
| Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің құқықтары: авариялық жағдай орын алған жерге жүзу уақытында кемеде болу; авариялық жағдайдың орын алған жерін қарап-тексеру; барлық құжаттарға қол жеткізу; қатысқан адамдар және куәгерлерді сұрату; ұлттық заңнамамен және халықаралық актілермен регламенттелген өзге де құқықтары. | І nvestigator’s rights: to be in a vessel during the way to the accident place; inspection the accident place; access to all documents; questioning of witnesses and involved persons; and rights were established by national legislation and international acts. | №0000001 |
Toggle Dropdown
1
Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Сұрау хаттамасы
Toggle Dropdown
2019 жылғы «___» ________
Toggle Dropdown
__:__ сағат
Toggle Dropdown
|
1.
|
Сұрау алынатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
|
2.
|
Сұрау алынатын адамның туған жылы, күні және айі
|
|
|
3.
|
Кемеде атқарылатын лауазымы (авариялық жағдайда қатысқан экипаждың мүшесі үшін)
|
|
|
4.
|
Сұрау алынатын адамның жұмыс тәжірибесі, оның ішінде барлығы теңіз көлігінде және авариялық жағдай орын алған кемедегі соңғы қызметіндегі тәжірибесі
|
|
|
5.
|
Сұрау алынатын адамның арнайы білімі (қандай оқу орнын бітірген және қашан)
|
|
|
6.
|
Сұрау алынатын адамның дипломы біліктілігі (дипломның атауы және нөмірі, қашан және кіммен берілген)
|
|
|
7.
|
Сұрау алынатын адамның тіркелген мекенжайы және нақты тұрған жерінің мекенжайы
|
|
|
8.
|
Сұрау жүргізілген кезде берілген сұрақтар мен алынған жауаптар:
1)_____________________;
2) _____________________;
3) _____________________;
4) _____________________;
5) _____________________;
6) _____________________;
7) _____________________.
|
|
|
9.
|
Сұрау жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы
|
|
Toggle Dropdown
____________________________________ ____________
(Сұрау жүргізген тергеп-тексеру жөніндегі қолы
комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Toggle Dropdown
___________________________________ ____________
(Жауап берушінің тегі, аты, әкесінің аты қолы (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
1
Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қорытынды кеме мен авария/елеулі авария туралы ақпарат
Toggle Dropdown
1. Авариялық жағдай жіктелген түрі:_______________________________ (елеулі авария, авария, оқыс оқиға)
Toggle Dropdown
2. Авариялық жағдай түрі:_____________________________________ (соқтығысу, қайраңға тұру, ғимараттарға зақым келтіру, ластану, кеменің қирауы, қаза тапқандар)
Toggle Dropdown
3. Авариялық жағдай күні мен уақыты:__________________________________
Toggle Dropdown
4. Орны:________________________________________ (порт, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар, ортақ су кеңістігі, мұхит, координаталар)
Toggle Dropdown
5. Кеме туралы деректер:_____________________________________________
Toggle Dropdown
Атауы:_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ту:_________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі:__________________________________
Toggle Dropdown
Рейс (қайдан және қайда):_____________________________________________
Toggle Dropdown
Капитанның тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда):_________________
Toggle Dropdown
Тіркелу порты (орын) және тіркелу нөмірі:_______________________________
Toggle Dropdown
Кеме иесі, Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі, мекенжайы:_______________
Toggle Dropdown
Жасалған орны және жылы:___________________________________________
Toggle Dropdown
Кеменің ең үлкен өлшемі:_____________________________________________
Toggle Dropdown
Сыйымдылығы (брутто/нетто): ________________________________________
Toggle Dropdown
Кеме электр қондырғылардың типі мен қуаты: ___________________________
Toggle Dropdown
Еспелі винттердің саны мен құрылымы: _________________________________
Toggle Dropdown
Рульдың құрылымы: _________________________________________________
Toggle Dropdown
Толық жүрісінің жылдамдығы(маневрлік/теңіз, кеме жүрісінің жылдамдығын білдіретін шамамен): ________________________________________________
Toggle Dropdown
Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (тұмсық): __________________
Toggle Dropdown
Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (кеменің артқы жағы): _______
Toggle Dropdown
Жолаушылар саны: __________________________________________________
Toggle Dropdown
Жүктің саны мен түрі, оны трюмда орналастыру: _________________________
Toggle Dropdown
Экипаж саны: _______________________________________________________
Toggle Dropdown
Құтқару құралдарының штаттық жиынтығы: _____________________________
Toggle Dropdown
Радиостанцияның қуаты және оның әрекет ету радиусы: ___________________
Toggle Dropdown
Электронды навигациялық аспаптар: ___________________________________
Toggle Dropdown
Су төгетін құралдардың саны мен қуаты: ________________________________
Toggle Dropdown
Өртке қарсы құралдар: _______________________________________________
Toggle Dropdown
Кемені мұзға қарсы күшейтудің санаты: Отын және жанар-жағар май материалдардың саны туралы деректер:_______________________________
Toggle Dropdown
6. Кеме түрін жіктеу мен куәландыруға уәкілетті ұйымымен кемені куәландыру туралы ақпарат:_________________________________________
Toggle Dropdown
(жіктеу және конвенциялық құжаттарды беретін және кеме мен кеме қатынасы компаниясының соңғы куәландыруді жүргізетін орган (органдар).
Toggle Dropdown
6.1 Жіктеу куәлігінің жарамдылық мерзімі_____________________________
Toggle Dropdown
7. Авариялық жағдайдың салдары_____________________________________
Toggle Dropdown
(адамның өлімі; адамның денсаулығына келтірілген ауыр зиян; адамның кемеден жоғалуы; жүктің жоғалуы; кеменің қирауы; корпус, механизм, жүйе, құралдар, жабдықтар, жүк пен басқа материалдық құндылықтардың бұзылуы; қоршаған ортаны ластау; теңіз инфрақұрылымынын объектілерінің бұзылуы; кеменің тұруы (сағат, тәулік), авариялық жөндеуге байланысты кеменің тұруын қоса алғанда)
Toggle Dropdown
8. Теңіздегі авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы______________________
Toggle Dropdown
9. Авариялық жағдайды тергеп-тексерудің нәтижесі__________________________
Toggle Dropdown
9.1. Авариялық жағдайдың мән-жайы мен жағдайлары________________________
Toggle Dropdown
9.2. Анықталған фактілер_________________________________________________
Toggle Dropdown
9.3. Жағдайлар__________________________________________________________
Toggle Dropdown
10. Авариялық жағдайдың себептері_______________________________________
Toggle Dropdown
11. Болашақта осындай авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар_______________________________________________________
Toggle Dropdown
Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл _________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) Комиссия мүшесі ________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) Комиссия мүшесі ________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) Комиссия мүшесі ________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) Комиссия мүшесі ________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)