• Мое избранное

Отправить по почте

Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11125 тіркелді

Редакция 20.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1 ), 2 ) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Сыртқы істер министрі 
________ Е.Ә.Ыдырысов 
2015 жылғы 13 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
________ Е.А.Досаев 
2015 жылғы 6 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 165 бұйрығымен бекітілген
Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.06.2015 жылғы № 726 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (өзгеріс 31.12.2015 жылға дейін әрекет етеді)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.04.2017 жылғы № 241 Бұйрығымен (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 жылғы № 288 Бұйрығымен (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 941 Бұйрығымен (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.08.2019 жылғы № 661 Бұйрығымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрленген және кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын кемелерге қолданылады. Қағидалар Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерi туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
3. Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш беруші) қолданылады.
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кеменің жасалған жылы – кемені тіркеу туралы құжатта көрсетілгендей, жасалған жылынан бері өткен уақыт кезеңі;
2) қазақстандық кемемен жалданушы – белгiлi бiр мерзiмге кеме беретiн тарабы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғасы;
3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 283 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде (бұдан әрі – Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi), Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде (бұдан әрі – халықаралық кеме тізілімі) және бербоут-чартер тізілімінде кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы теңіз кемелерінің тізілімдерін (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн) жүргiзудi Порттың теңіз әкімшілігі электрондық жеткізгіште осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жүзеге асырады.
6.Порттың теңіз әкімшілігі мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.11.2022 жылғы № 604 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ өзгертілді ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 283 Бұйрығымен (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілген қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
7. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалады;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар шетелдегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерiнде заңдастыруға жатады.
Қарауға белгіленген тәртіппен расталған, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған нотарилады куәландарылған құжаттардың көшірмесі қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы қоса беріледі;
3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылған болуы тиіс;
4) тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертілмеген түзетулер бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды.
8. Кеменің мемлекеттік тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы мәліметтер кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі.
9. Шақыру сигналын ауыстыру жағдайында ол туралы мәліметтер тиісті тізілімге енгізіледі.
2-тарау. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі
10. Мемлекеттік кеме тізілімінде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құю, сүйрегіш кемелер, жүзбелі бұрғылау қондырғылары, құрғақ жүктер, жүзбелі крандар және техникалық флот кемелері (жер снарядтар және басқалары), сондай-ақ кіші көлемді кемеге жатпайтын кемелер тіркеуге жатады.
11. 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңымен белгіленген тәртіппен тіркелген бекітілген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның меншігіндегі, кеменің жасалған жылы бес жылдан аспайтын және Солтүстік Каспий жобасын іске асыру үшін жасалған (сатып алынған) кемелер Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелуге жатады.
Бұл ретте кеменің жасалған жылы туралы осы тармақтың бірінші бөлімінің талабы Қазақстан Республикасының кеме тізілімдерінде бұрын тіркелген, сондай-ақ кейіннен меншік иесі 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдар (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын кез келген шетелдік заңды тұлғаның меншігіне берілген кемелерге қолданылмайды.
12. Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемені Порттың теңіз әкімшілігі бербоут-чартер шарты бойынша беру кезінде:
1) Мемлекеттік кеме тізілімінің «Ескерту» бағанасына меншік иесінің өтінімінің негізінде бербоут-чартер шартының қосымшасымен бербоут-чартер шартының қолданылу мерзімі көрсетілген тиісті жазбаны енгізеді;
2) «Кеме иесінің атауы және мекенжайы» бағанасына бербоут-чартер шарты бойынша кеме жалдаушының мәліметтерін енгізеді.
Бұл ретте кемеде теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы болу қажет.
13. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші «электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Кемелерді Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.11.2022 жылғы № 604 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.