• Мое избранное
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкiмшiлiк органның рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкiмшiлiк органның рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11935 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкiмшiлiк органның рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
_____________Ә. Исекешев 
2015 жылғы 23 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
____________ Е. Досаев 
2015 жылғы 16 шілде
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/143 бұйрығымен
бекітілген
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауғаәкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2017 жылғы № 239 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығымен (13.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкiмшiлiк орган – «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес ұрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұлттық әкімшілік орган;
2) өтiнiш беруші –лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
3) Конвенция –Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 26 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция;
4) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
5) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
6) рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;
7) тарап – өзі үшін Конвенция күшіне енген мемлекет.
2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртiбi
3. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияныңкүші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың бірі конвенцияның III-V бабына сәйкес ғылыми органның қорытындысы болып табылады.
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауғағылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға қағаз нысанында мыналарды:
1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтінішті;
2) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияға 1, 2, 3-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың көшірмесін;
3) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алу жағдайында электрондық құжат нысанындағыаң аулауға арналған рұқсаттың көшірмесін;
4) аушы жыртқыш құстарды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау, аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде сақиналары (микрочиптері) бар фотосуреттерді, сондай-ақ аушы жыртқыш құс паспортының көшірмесін;
5) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау, аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде аталған іс-қимылды жасау ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесін, сондай-ақ импортталатын, экспортталатын және (немесе) кері экспортталатын өнімнің саны мен көлемі, жынысы, өнім түрі мен оның сипаттамасы (тірі, консервіленген, ұрықтандырылған, криоконсервіленген) туралы мәліметтер көрсетілген құжатты;
6) Қазақстан Республикасында қолдан өсірілген үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмесі және (немесе) Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы куәлік, аралық бонитирлеу актілері, сондай-ақ сатып алған жағдайда үлгілерді сатып алу туралы құжаттардың (жүкқұжат, шарт, актілер) көшірмелерін жібереді.
4. Ғылыми ұйым Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтiнiш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайды және ғылыми қорытынды береді не мынадай:
1) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға белгіленген нысан бойынша өтініш берген;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
3) егер үлгілерді импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда ғылыми қорытынды беруден бас тартады.
5. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
6. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті атынан әкімшілік орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет стандартында жазылған.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға өтініш;
2) жеке мақсатта импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың электрондық көшірмесін;
3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың электрондық көшірмесін;
4) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесін;
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беру үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын мәліметтерді;
6) жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағында мекендеу табиғи ортасынан алып қойған жағдайдаэлектрондық құжат нысанында аң аулауға рұқсатты береді.
8. Құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төлеуді, аң аулауға рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні рұқсат алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді (көрсетілетін қызметті алушы сағат 18.00-ден кейін немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
Құжаттар топтамасы толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралықсауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру туралынемемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралышешім қабылдайды.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
11. Рұқсат осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру журналына қол қойғыза отырып, өтініш берушінің сенімхаты бойынша өтініш берушіге (не сенімхат бойынша өкіліне) беріледі.
12. Рұқсатта осы Қағидаларға4-қосымшада көрсетілген ақпарат, оны берген сәттен бастап тек алты ай ішіндегі үлгілерді импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау үшін қолданылу кезеңі қамтылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна
 мен флора түрлерімен халықаралық сауда
 туралы конвенцияның күші қолданылатын
 жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының
 аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының
 аумағынан экспорттауға және (немесе) кері
 экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар
 беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна
 мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк
органның ғылыми ұйымы
 кімнен _____________________
 (заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның (дара кәcіпкердің)
 ____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 мекенжайы__________________
 (индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефоны)
 деректемелері________________
 (бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
 Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатынжануарлар түрлерін Қазақстан Республикасыныңаумағына импорттауға, Қазақстан Республикасыныңаумағынан экспорттауға және (немесе)кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш
 Үлгілерді импорттауға, экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын
 _______________________________________________________________

1.

Импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және музейлер арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер)


 

2.

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі


 

3.

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)


 

4.

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы


 

5.

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды)


 

6.

Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса)


 

7.

Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса)


 

8.

Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні


 

9.

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20____жылғы «___»________________.
_________________________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрдің (бар болса) орны (дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды 
қоспағанда)
Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін
Қазақстан Республикасының
аумағына импорттауға,
Қазақстан Республикасының
аумағынан экспорттауға және
 (немесе) кері экспорттауға
әкімшілік органның рұқсаттар
беру қағидаларына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және Балық шаруашылығы комитеті

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.​egov.​kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметтікөрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат не дәлелді бас тарту.

Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар бергені үшін мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес алынады және 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Төлем қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ электрондық үкіметті төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) порталы арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес сағат 18.00-ден кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында- www.eсogeo.gov.​kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

2) порталда.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауға жеке мақсаттары үшін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауды жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың электрондық көшірмесі;

3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың электрондық көшірмесі;

4) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесі;

5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын мәліметтер;

6) жануарлар түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи мекендеу ортасынан алынған жағдайда, аң аулауға арналған рұқсаттың электрондық көшірмесі

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның VІ бабының талаптарына жауап береді.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» құралы бойынша қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін
Қазақстан Республикасының
аумағына импорттауға,
Қазақстан Республикасының
аумағынан экспорттауға және
 (немесе) кері экспорттауға
әкімшілік органның рұқсаттар
беру қағидаларына
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
 __________________________________________
Қызмет көрсетушінің атауы
 кімнен____________________________________
 (заңды тұлғаның толық атауы),
 _________________________________________
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
 _________________________________________
 (жеке кәсіпкердің)
 адрес______________________________________
 (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй №, №
пәтер (бар болса), телефон)
 деректемелері _________________________
 (бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
 Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған
 өтініш Үлгілерді __________________________________ импорттауға, (қажеттісінің астын сызу керек) экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беруді сұраймын.

1

Импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсімді молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және музейлер арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке басына беру


 

2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгі


 

3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістер, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, сәйкестендіру белгілерінің бар-жоғы)


 

4

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы


 

5

Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сыйға немесе мұраға алынды және тағы басқалар)


 

6

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (-тің) нөмірі және күні (бар болса)


 

7

Егер үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында жасанды жағдайларда өсірілген болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса)


 

8

Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар санын реттеу арқылы табиғи ортадан алынса, саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға арналған рұқсаттың нөмірі мен күні


 

Құрып кету қаупі төнген жабайыфауна мен флора
 түрлерімен халықаралықсауда туралы
 конвенцияның күшіқолданылатын жануарлар
 түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына
импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан
 экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға
 әкімшілік органныңрұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатынжануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаты

Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (СИТЕС)

ОРИГИНАЛ

Original

Convention on International Trade

in Endangered Species of Wild Fauna

and Flora (CITES)

Қазақстан РеспубликасыЭкология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Министерство Экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Ministry of Е cology, geology and natural resources of the Republic of Kazakhstan


 

Экспорт

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС

әкімшілік органы

Административный орган СИТЕС в

РеспубликеКазахстан

Management Authorities for CITES in

the Republic of Kazakhstan

010000,

Ministry House,

Mangelek El 8,

Nur-Sultan city,

Republic of

Kazakhstan

Tel.: (+7172)

749935 Fax:

(+7172) 749926


 


 

Export


 

Импорт


 

Прочие

Other

Экспортер / Реэкспортер :

Exporter / Re-exporter:

Разрешение №:

Permit №:

Действительно до:

Validuntil:

Импортер:

Importer:

Особые условия:

Special conditions:

Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА

For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the

CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA

Live Animal Regulations

Русское и латинское название

животного

Russian and scientific name of animal

Описание образца,

включая

метки

Descriptionof

specimens,

including

identifying marks

or numbers

Приложение

Appendix

Источник

Sourcе

Цель

Purposе

Количество

экземпляров или вес

Quantity: numberof

specimens or weight

A


 


 


 


 


 

Страна происхождения

Country of origin

Номер разрешения и

дата

Permit № anddate

В


 


 


 


 


 

Страна происхождения

Country of origin

Номер разрешения и

дата

Permit № anddate

Настоящее разрешение выдано:

This permit was issuedon: ___________ _________________________ Дата / Date Защитная марка, подпись и печать

Security stamp, signature and official seal

Казахстан / Kazakhstan

Подтверждение экспорта / реэкспорта

Заполняется в пункте

пересечения таможенной

границы Республики Казахстан

Пункт пропуска:____________

Дата:______________________

Подпись должностного лица и

печать:_________________

Номер

коносамента/авианакладной:___

___________________________

Название образца

Количество

А


 

В


 

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора
 түрлерімен халықаралық сауда туралы
 конвенцияның күші қолданылатын жануарлар
 түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына
 импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан
 экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға
 әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатынжануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе)кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру журналы

Р/с

Кімге берілді

Үлгінің атауы

Саны

Қайда/қайдан

Рұқсат берілген күні және нөмірі

Алушының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, сенімхат

Алушының қолы

1


 


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 

3