Bestprofi Logo

Бұйрық № 200 от 2015-02-27г./Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 07.05.2019 г.

Документ на казахском языке

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11499 болып тіркелді

Осы Бірлескен Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 7 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 200 және ҚР Энергетика министрінің 27.02.2015 жылғы № 155 Бірлескен бұйрығына сәйкес

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану департаменті:

1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі Ө.С. Қарабалинға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Энергетика министрі министрі ____________ Ә. Исекешев ___________ В. Школьник

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 15 мамыр

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидалары

1. Осы Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктар, панельдер, қазбалар, түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымалары) қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге, оның ішінде жер асты суларын, шипалы балшықтарды барлауға және өндіруге, сарқынды суларды төгу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатқан немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жер қойнауын пайдалану объектісін жою - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қызметтің салдарын, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда жою бойынша іс-шаралар;

2) жер қойнауын пайдалану объектісін консервациялау – жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату кезіндегі, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда консервацялау бойынша іс-шаралар.

3. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды немесе консервациялауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға мынадай талаптар қойылады:

1) жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;

2) консервацияланған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;

3) ғимараттар мен құрылыстарды жер қойнауын пайдалану салдарының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау;

4) экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу және тіркеу;

6) жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау жобасы бойынша қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.

4. Жер қойнауы объектілерін жою аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органын оны басқа шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін хабардар етеді.

2. Жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау тәртібі

5. Жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстардың басталуының және аяқталуының болжамды мерзімдерін көрсетіп, күтіліп отырған таратудың немесе консервациялаудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

1) жер қойнауын пайдалану объектілерін және оның бір бөлігін жоюдың немесе консервациялаудың қажеттілігін негіздейтін техникалық-экономикалық негіздеме және экономикалық есеп;

2) пайдалы қазбалардың қалған өңделмеген, оның ішінде алдын ала қорғану және басқа да мақсаттағы қорлары туралы, ілеспе өндірілген, уақытша пайдаланбайтын пайдалы қазбалардың бар болуы туралы, сондай-ақ пайдалы құрамдас бөліктері, зиянды және улы заттары бар және жоқ өндіріс қалдықтары (қалдық сақтауыштарда, үйінділерде) туралы мәліметтер;

3) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюдың және консервациялаудың келісілген және бекітілген жобасы.

Көрсетілген құжаттама пайдалы қазбалар қорларының іс жүзіндегі жай-күйі, жер қойнауын пайдалану объектісінің, жер бөлумен шектелген жер үстінің жай-күйі туралы ақпаратты толық көрсетуге тиіс.

6. Жер қойнауын пайдалану объектілері және оның бір бөліктері қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызмет көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалаушы ұйым әзірлеген жою тарату немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.

7. Жою және консервациялау жобасы мынадай құжаттарды:

1) жер қойнауын пайдалану объектісін тиісінше дайындау және тікелей жою немесе консервациялау жөніндегі мәселелер көрсетілетін түсіндірме жазбаны;

2) осы жер қойнауын пайдалану объектісінің немесе оның бір бөлігінің тау-кен немесе геологиялық бөлінуінің шегіндегі жер қойнауының іс жүзіндегі жай-күйін толық көрсететін геологиялық, маркшейдерлік және графикалық құжаттаманы;

3) пайдалы қазбалар кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және деңгей – жиегі жоспарларының көшірмелерін;

4) жойылатын немесе консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерін, сондай-ақ басқа да өндірістік объектілерді орналастыру схемалары.

8. Жою және консервациялау жобасы мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) халықтың және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауын және қоршаған ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде судың, газдың төгілуін, жер асты өрттерінің таралуын болдырмау жөніндегі шараларды;

2) жер асты суларының ластануын болдырмау жөніндегі іс-шараларды;

3) персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды;

4) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюдың және консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау;

5) консервациялау кезеңінде консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектісін санкцияланбаған пайдалануды және оған қол жеткізуді болдырмайтын шаралар;

6) өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім болған жағдайда, оларды жою немесе консервациялау басталғанға дейін өндірістік объектілерді сақтап қалуды қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды өткізу бойынша шара қабылдау;

7) жоюды жүргізу барысындағы бұзылған жерді қайта өндеу жөніндегі іс-шаралар.

8) конвервациялау жобасы консервациялаудағы объектіде шаруашылық қызметке жол бермеу жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс.

9. Жою жобасы әзірлеуге берілген тапсырма негізінде әзірленеді және жер қойнауын пайдалану объектілері орналасқан жер учаскелерін осы жер учаскелерін пайдалану ерекшеліктері мен режиміне және жергілікті жағдайлардың бағыттарына қарай, оларды шаруашылық айналымға тарту мақсатында одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс.

Жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау жобасы, консервациялау мерзімдерін әрбір нақты жағдайда уәкілетті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдаланушы белгілейді.

Консервациялауда тұрған объекті аумақтарды опырылуын көздейді, қоршалады және қоршауға консервацияланатын объектінің аты және объектінің консервациялау күні көрсетілген тақтайша орнатылады.

10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдар күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасын қарайды, ал қайта келіскен жағдайда, жою және консервациялау жобасын уәкілетті органдардың қарау мерзімі он бес күнтізбеиік құрайды.

11. Жою немесе консервациялау жобасын, жобаны жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді, объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру жою қоры қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға нақты шығындар жою қорының мөлшерінен асып түссе, онда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады. Егер жоюға нақты шығындар жою қорының мөлшерінен аз болса, онда қалған ақша жер қойнауын пайдаланушыда қалады.

12. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бекітілген жобаға толық сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

13. Жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау олардың аяқталуы бойынша құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жүзеге асырады.

Комиссия құрамын әр жеке жағдай бойынша құзыретті орган бекітеді. Шешімдер жою немесе консервациялау жобасында көзделген орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын ауыстыру құқығынсыз комиссияның әрбір мүшесінің тікелей қарап тексеруі мен бағалауы негізінде қабылданады. Жою және консервациялау объектісін тікелей қарап тексерген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісі (бұдан әрі қабылдау актісі) жасалады.

Қабылдау актісіне мыналар қоса берілуі тиіс:

1) жойылған немесе консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерін және басқа өндірістік объектілерді орналастыру жоспарлары;

2) жою немесе консервациялау жобасында көзделген іс жүзінде орындалған жұмыстардың тізбесі мен көлемі;

3) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюға немесе консервациялауға іс жүзінде жұмсалған шығындар туралы анықтама.

Комиссия өз қызметін қабылдау актісіне қол қойған сәттен бастап тоқтатады.

Жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау бойынша жұмыстарды қабылдау актісін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келіп түскен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекітеді. Оны алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттаманы жер қойнауын пайдаланушылар аяқталу кезінде толтырады және қабылдау актісіне қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау үшін ұсынады.

Осы Қағидалардың 13-тармағы 1) 2) 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар пайдалы қазбалар кен орындары қорының және пайдаланылу дәрежесінің қалдық жай-күйін, өндірістік объектілердің, осы жер бетінің учаскесіндегі жер бедерінің жай-күйін көрсетеді.

14. Жойылатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес және консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесін осы Қағидаларғы 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларына 1-қосымша

Жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау АКТІСІ

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(жер қойнауын пайдалану объектісінің немесе оның бір бөлігінің атауы)

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

20____ жылғы «___» ______ №_________________ бұйрығымен тағайындалған

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________құрамындағы комиссия жойылған

(консервацияланған) жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір

бөлігін) қарап тексерді және Қазақстан Республикасының жер қойнауы

және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және Жер қойнауын

пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларының,

сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін)

жою (консервациялау) жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауын

пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) жою (консервациялау)

мақсатында жүзеге асырылған жұмыстардың толықтығы мен сапасын

сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарады.

Комиссияның шешімі:____________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін

графикалық материалдар, құжаттар мен анықтамалар, олар бойынша жер

қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген құқық

белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларына 2-қосымша

Жойылған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі

р/с
Жойылған жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы, оның аумақтық орналасуы, жер қойнауын пайдаланушы Индексі Жер қойнауын пайдалану объектісінің жойылған күні, қабылдау актісінің күні Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жоюдың негізгі себептері Жою жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жою туралы актіні бекіткен мемлекеттік органның атауы Жою жөніндегі материалдар сақталатын өндірістік объектінің атауы Тау-кен бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
                   

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларына 3-қосымша

Консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі

р/с
Консервацияланған объектінің атауы, оның аумақтық орналасуы, жер қойнауын пайдаланушы Индексі Жер қойнауын пайдалану объектісінің жойылған күні, қабылдау актісінің күні Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) консервациялаудың негізгі себептері Жою жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) консервациялау туралы актіні бекіткен мемлекеттік органның атауы Консервациялау жөніндегі материалдар сақталатын өндірістік объектінің атауы Тау-кен бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
                   

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание