• Менің таңдаулыларым
Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 3

Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10993 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 19.07.2022 жылғы № 294-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Сауда және интеграция министрінің 03.10.2025 жылғы № 286-НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 19.07.2022 жылғы № 294-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Т. Жақсылықов
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрі
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 30 наурыздағы
 № 280 бұйрығымен бекітілген
  • 2
Биржалық сауда қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 жылғы № 727 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2018 жылғы № 10 Бұйрығымен (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 06.09.2019 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (10.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 19.07.2022 жылғы № 294-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы биржалық сауда қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржалық саудаға қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 жылғы № 116-НҚ Бұйрығына сәйкес (29.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ашылу бағасы – белгілі бір биржалық сауда-саттықта белгілі бір биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша жасалған алғашқы биржалық мәміленің бағасы;
2) базалық баға – биржалық сауда-саттық барысында биржалық тауарға белгіленетін, сауда сессиясы ішінде баға өзгерісінің ең төмен және ең жоғары деңгейін есептеу үшін қабылданатын баға;
3) биржалық сауда - биржалық сауда-саттықты электрондық нысанда жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы тауар биржасында жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды сату (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
4) биржалық брокер (бұдан әрі брокер) өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауармен өз мүдделері үшін және өз есебінен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
6) биржалық қамтамасыз ету биржалық саудаға қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтамасыз ету;
7) биржалық сауда – саттықтар-биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
8) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
9) биржалық тауар – бірліктері барлық жағынан бірдей, ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас компоненттерден тұратын биржалық тауарлардың тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, бұл оларға әртүрлі өндірушілерден партиялардың толық бірін-бірі алмастыру қасиетіне ие функцияларды орындауға мүмкіндік береді;
10) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінім – биржалық сауда-саттыққа қатысушының биржалық тауарды сату (сатып алу) туралы ұсынысы (офертасы) немесе осы қағидаларға сәйкес биржалық мәміле жасасу үшін қажетті барлық шарттарды қамтитын биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдау туралы биржалық сауда-саттыққа қатысушының хабарламасы (акцепті);
11) биржалық алым – тауар биржасы биржалық саудаға қатысушылардан биржалық мәмілені тіркегені үшін алатын комиссия;
12) есеп айырысу ұйымы – екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, тауар биржасының клиринг орталығы биржалық сауда-саттықты жүргізу және (немесе) биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы шарт жасасқан ұйым;
13) жеткiзу базисi – тауарды жеткiзу, тиiстi құжаттарды ресiмдеу, көлiк шығыстарын төлеу жөнiндегi мiндеттердi сатушы мен сатып алушы арасында бөлудi көздейтiн, сондай-ақ тауарға меншiк құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу сәтiн және тауардың кездейсоқ бүлiну немесе жоғалу тәуекелiн айқындайтын биржалық сауда құралының шарттары;
14) жабылу бағасы – белгілі бір биржалық сауда-саттықта белгілі бір биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша жасалған соңғы биржалық мәміленің бағасы;
15) клиент – биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;
16) кросс-мәміле – брокер екі түрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
17) қосарланған қарсы аукцион режимі – биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелестігі нәтижесінде жасырын жасалатын, ал биржалық тауардың бағасы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
18) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;
18-1) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;
2-тармақ 18-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 27.11.2025 жылғы № 335- НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 13.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) мұнай өнімдері – мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиациялық және дизель отыны, жол битумы;
20) мұнай өнімдерін беру жоспары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдеріне ай сайынғы қажеттіліктерінің көлемі;
21) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;
22) орташа өлшемді баға – нақты биржалық тауар үшін белгілі бір уақыт кезеңі ішінде (сауда сессиясы, сауда күні, сауда айы) биржалық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша қалыптасқан, тиісті кезеңнің нақты кезеңінің ақша айналымы арасындағы арақатынасты есептеу арқылы алынатын баға;
23) спот-тауар – тез арада жеткізілетін немесе болашақта жеткізілетін қоймадағы тауар;
24) сауда лоты - биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны еселенген болуға тиіс биржалық тауардың саны;
25) сауда күні – тауар биржасы биржалық сауда-саттықты өткізетін жұмыс күні;
26) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) сауда режимі – тауар биржасының сауда жүйесінде өтінімдер жариялау және мәмілелер жасасу шарттарының жиынтығы;
28) сауда-саттық сессиясы – биржалық саудаға қатысушылар тауар биржасының сауда жүйесіне биржалық тауарды сатып алуға (сатуға) өтінімдер қоятын және олар бойынша биржалық мәмілелер жасалатын сауда-саттық күнінің уақыт кезеңі;
29) тауар биржасының мүшелері – тауар биржасы аккредиттеген брокерлер, сондай-ақ дилерлер мен маркет-мейкерлер;
30) тауар биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып, сауда-саттықты тікелей өткізу арқылы оларды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
31) үміткер – тауар биржасының мүшесі ретінде тауар биржасында аккредиттеу рәсімінен өтуді қалайтын брокер, дилер, маркет-мейкер;
32) фьючерстік мәміле – объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәміле;
33) форвард мәмілесі – объектісі форвард болып табылатын биржалық мәміле.