• Мое избранное
Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелді

Редакция 09.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі сауда қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
___________________Ә. Исекешев
2015 жылғы « »

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы минмсгрі
__________Б. Сұлтанов
2015 жылғы « »

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
___________ Қ.Қасымов
2015 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрі
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 264 бұйрығымен бекітілген
  • 5
Ішкі сауда қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 жылғы № 723 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2016 жылғы № 285 Бұйрығымен (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017 жылғы № 410 Бұйрығымен (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2018 жылғы № 10 Бұйрығымен (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 жылғы № 5/1 Бұйрығымен (10.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.08.2020 жылғы № 175-НҚ Бұйрығымен (19.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 196-НҚ Бұйрығымен (19.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 жылғы № 222-НҚ Бұйрығымен (14.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.11.2020 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.09.2021 жылғы № 533-НҚ Бұйрығымен (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 жылғы № 274-НҚ Бұйрығымен (20.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 30.09.2022 жылғы № 386-НҚ Бұйрығымен (20.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.02.2023 жылғы № 75-НҚ Бұйрығымен (30.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.07.2023 жылғы № 296-НҚ Бұйрығымен (15.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.11.2023 жылғы № 405-НҚ Бұйрығымен (27.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 24.07.2024 жылғы № 290-НҚ Бұйрығына сәйкес (13.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі сауда қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі сауда қызметін жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлік құралы;
2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) асхана – тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектісі;
4) аутлет орталық – бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымынан азық-түлік емес тауарлар тобын елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;
5) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – халыққа тауарларды, негізінен ауыл шаруашылығы тауарларын қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін беру мақсатында ұйымдастырылатын жәрмеңке;
6) әкімші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сауда объектісі әкімшілігінің басшысы тағайындаған сауда объектісінің жұмыс істеуін және оның жұмысын Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлға;
7) әкімшілік – сауда объектісінің меншік иесі (иеленушісі) оның қызметін тікелей басқару үшін құрған басқару аппараты;
8) әкімшілік аймақ – оның әкімшілігі орналасқан стационарлық сауда объектісінің бөлігі;
9) баға – тауар құнының ақшалай мәні;
10) бар – тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік өнімдер, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
11) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
12) вендинг автоматы – тауарларды сатуды жүзеге асыратын автоматтандырылған құрылғы және сатушының қатысуынсыз автоматтандырылған жүйелердің көмегімен тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға, сатуға арналған аппарат;
13) гипермаркет – бір немесе бірнеше ішкі сауда субъектілері ұсынған жиһаз, тұрмыстық техника, бақша тауарлары, спорттық жабдықтар және басқаларын қоса алғанда мамандандырылған немесе аралас тауарлар ассортиментін сататын қосымша мақсаттағы объектілері бар, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы бар сауда желісіне кіре алатын стационарлық сауда объектісі;
14) дәмхана – қарапайым дайындалатын тағамдардың ассортиментін, сондай-ақ тұтынушыларға даяшылардың қызметтерін міндетті түрде ұсына отырып алкоголь өнімін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
15) дискаунт орталығы – сауда-саттық желісіне кіре алатын азық-түлік тауарларының тар ассортиментін (ұсынылған тауарлардың жалпы көлемінің жиырма пайызы, тез бұзылатын өнімдерді, негізінен «құрғақ» немесе терең мұздатылған өнімдерді есепке алмағанда) және күнделікті сұраныстағы азық-түлік емес тауарларды орташа нарықтық бағадан төмен бағамен өткізетін бір немесе бірнеше ішкі сауда субъектілері ұсынған стационарлық сауда объектісі;
16) дүкен – сауда-саттық желісіне кіре алатын, сатып алушыларға тауарларды жеке, отбасылық, үйде пайдалану үшін сатуды жүзеге асыратын, бір немесе бірнеше ішкі сауда субъектілері ұсынған стационарлық сауда объектісі.
17) дүңгіршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделі емес тасымалданатын құрылыс;
18) жарамдылық мерзімі – тауар мерзімі аяқталғаннан кейін мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп есептелетін уақыт кезеңі;
19) жұмыс регламенті – ірі сауда объектісінің, оның әкімшілігінің қызметін ұйымдастыру тәртібі, оның ішінде сауда орындарын және өзге де қызметтерді жалға (пайдалануға) беру құнын есептеуге айқындалған құжат;
20) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалданатын уақытша құрылыс (конструкция);
21) заманауи форматтағы сауда объектісі – дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен ұштастыра отырып өзіне-өзі қызмет көрсету әдісі, сондай-ақ сауданың қосымша қызметтерін көрсету, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы, еңбек өнімділігі жоғары және сауда алаңының шаршы метрінен сатылатын тауарлардың мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңы бар стационарлық сауда объектісі;
22) кассалық аймақ – сатып алушы тауарға ақы төлейтін, тауардың ассортименті, күтімі бойынша консультация ала алатын орын;
23) комиссиялық дүкен – шартта айқындалатын сыйақы үшін клиенттің (комитенттің) тапсырмасы бойынша сатушы (комиссионер) тауарларды сату/сатып алу жүзеге асырылатын дүкен түрі;
24) контейнер – жүктерді тасымалдауға арналған бірнеше рет қолданылатын әмбебап көлік құралы;
25) кооператив дүкені – қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті бірлестігі, оның мүшелері мүліктік (пайлық) жарналарды біріктіру жолымен жүзеге асырылады;
26) көрсетілетін қызмет – нәтижелері материалдық көрінісі жоқ тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
27) көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) – үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларымен тиісті сақтауға және (немесе) сатып алу, дайындық, тарату және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптармен айқындалатын азық-түлік емес тауарлармен, олардың ішкі және (немесе) сыртқы нарықтардағы кейіннен көтерме саудасы үшін арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен;
28) көтерме сауда – кейін сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
29) көшпелі сауда – мамандандырылған немесе сауда үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарын, сондай-ақ тек көлік құралымен жиынтықта қолданылатын мобильді жабдықты пайдалана отырып тұрақты жұмыс істейтін бөлшек сауда желісінен тыс жүзеге асырылатын бөлшек сауда;
30) кросс-мерчендайзинг – дүкенді рәсімдеу және белгілі бір санаттағы тауарды осы санатқа байланысты, бірақ оған тікелей қатысы жоқ ілеспе өнімдермен бірге қою арқылы бөлшек сауданы ұлғайту құралы;
31) Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы – Мемлекеттік шекарадан 50 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық құрылымдар мен елді мекендердің аумақтары;
32) қоғамдық тамақтандыру объектісі – сауда желісіне кіре алатын қоғамдық тамақтандыру өнімін өндірумен және (немесе) сол жерде тұтыну және (немесе) алып кету үшін тамақ пен сусындарды қабылдау жөніндегі қызметтерді ұсынатын ішкі сауда объектісі;