«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 қарашада № 9860 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап) Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.09.2018 жылғы № 681 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.09.2015 жылғы № 959 Бұйрығымен (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап) Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.04.2017 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес әзірленген және Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс (бұдан әрі – тендер) өткізуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.04.2017 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) қаржы институты – екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингілік компаниялар;
2) лизинг бepуші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
3) тендерлік өтінім – тендерді ұйымдастырушыға тендерге қатысушы ұсынған, тендерді ұйымдастырушының және осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген өтінім;
4) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
6) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға.
3. Тендерді өткізудің ұйымдастырушысы (бұдан әрі – тендерді ұйымдастырушы):
1) әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда – уәкілетті орган;
2) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда – республикалық маңызы бар қалаларда, облыстарда жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады.
2-бөлім. Тендерді өткізу тәртібі
1-параграф. Тендерді өткізу
4. Тендер мынадай:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.12.2017 жылғы № 903 Бұйрығына сәйкес (19.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шартының (бұдан әрі – субсидиялау туралы шарт) мерзімінің өтуі;
2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын одан әрі субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайды қоспағанда, субсидиялау туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтату немесе субсидиялау туралы шарттан әлеуметтік маңызы бар маршрутты алып тастау;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.09.2018 жылғы № 681 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) қолданыстағы субсидиялау туралы шартқа сәйкес маршрутты ұзарту немесе қысқарту жағдайларын қоспағанда, жаңа әлеуметтік маңызы бар қатынастарды анықтау жағдайларында өткізіледі.
Бұл ретте, тендер тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру және бюджеттік қаржы есебінен оның шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау құқығына өткізіледі.
5. Тендерді өткізу туралы шешім уәкілетті органмен немесе қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманы бекіту әдісімен қабылданады.
6. Уәкілетті орган тендерді өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда тиісті тендер өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) беріледі. Хабарландыру тендер өткізілген күнге дейін күнтізбелік 15 күннен, сондай-ақ қайта өткізілген жағдайда күнтізбелік 7 күннен кешіктірілмей беріледі. Тендер жасасқан субсидиялау туралы шарттардың мерзімі аяқталуына күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей өткізіледі.
7. Тендерді өткізу туралы хабарланғаннан кейін тасымалдаушылар осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның атына тендерлік өтінімдерді ұсынады.
8. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау тіркеу журналына өтінімдерді (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрмен бекітілген) енгізу жолымен жүзеге асырылады және тендерді өткізу күніне дейін күнтізбелік бір күн ішінде аяқталады.
интернет-ресурстар арқылы шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы
2-параграф. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу және бекіту тәртібі
9. Тендерге конкурстық құжаттаманы тендерді ұйымдастырушы әзірлейді және бекітеді және мыналардан тұрады:
1) хабарландыру;
2) лоттар бөлігінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырудың негізгі талаптары (бұдан әрі – жолаушыларды тасымалдаудың негізгі талаптары);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдауды дамытудың негізгі талаптары (бұдан әрі – тасымалдаудың негізгі талаптары);
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жылдар және лоттар бөлігінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған көлемі және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша қызметке бағаның (тарифтердің) шекті деңгейі (бұдан әрі – ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған деңгейі және бағаның жоғарылауының шекті деңгейі);
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес жылдар және лоттар бөлігінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың есепке ала отырып әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар айналымының жоспарланған көлемі (бұдан әрі – жоспарланған жолаушылар айналымының көлемі).
10. Тендерге шығарылатын лоттар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынауға жоспарланған поездар бойынша құрылады. Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша лоттар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүру кезінде оларды қалыптастыру пунктінен тіркеу бірінші жоспарланған құрамдағы поезбен бір лотта құралады. Халықаралық поездардан басқа тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар үшін жеке лоттарды қалыптастыру көзделмейді. Бұл ретте республикалық көлемдегі іс-шараны ұйымдастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын ұйымдастырған жағдайда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынауға жоспарланған электро-, дизель поездардан басқа поездарды, бір лотпен өткізуге болады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.04.2017 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Тасымалдаудың негізгі талаптары және жолаушылар айналымының жоспарланған көлемінің көрсеткіштері «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-23) тармақшасымен сәйкес уәкілетті органмен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы жүзеге асырушы тасымалдаушылар шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін анықтау Әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес қалыптасады.
12. Дамудың негізгі талаптары әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалының сапалық көрсеткіштерін жоғарылату есебінен қалыптасады.
13. Ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған көлемі және бағаны жоғарылаудың шекті деңгейі тиісінше деңгейде бекітілген бюджет шегінде қалыптасады.
Келесі жылдарға тиісінше бюджет бекітілмеген ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған көлемі және бағаны жоғарылаудың шекті деңгейі тиісінше деңгейдің бюджеті бекітілген соңғы жылдың деңгейінде қалыптасады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |