Bestprofi Logo

Бұйрық № 4-2/514 от 2015-06-03г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Документ на казахском языке

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11956 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 

1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларында:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бірінші көбейтілген тұқым – бірінші жылғы элиталық тұқымды көбейтуден алынған тұқым;

2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымы – генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис нәтижесінде шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша ең үздік аналық нысаннан асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары;

3) екінші көбейтілген тұқым – бірінші көбейтілген тұқымды көбейтуден алынған тұқым;

4) үшінші көбейтілген тұқым – екінші көбейтілген тұқымды көбейтуден алынған тұқым.»;

«6. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен 2015 жылы және егістің алдыңғы жылына жыл сайын 20 желтоқсанға дейін келесі жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітіледі, олар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (пайдалану) нормаларынан 2 еседен артық айрықшаланбауы (үлкен және кіші жағына) тиіс.»;

1) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұқым өсіру шаруашылықтарынан, тұқым сатушылардан, шетелдік компаниялардан және олардың Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдерінен сатып алады;

2) тұқым өсіру шаруашылықтарының өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын егіске пайдалануға;

3) оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шартымен элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге;

4) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын тұқым өсіру шаруашылықтарынан, тұқым сатушылардан, шетелдік компаниялардан және олардың Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдерінен сатып алады.»;

9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:»;

10-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:»;

11-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының бөлімге тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде:»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге тиісті жылдың 20 қазанына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға субсидиялар алуға арналған өтінімді:

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алғанын растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;

осы Қағидаларға 11-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса берген жағдайда төленеді.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші осы Қағидаларға 11-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алған тұқым өсіру шаруашылығы арқылы төлеу туралы өтінім бере алады. Мұндай жағдайда субсидиялар тұқым өсіру шаруашылығына төленеді. Тұқым өсіру шаруашылығы арқылы бірнеше ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінім берген жағдайда, тұқым өсіру шаруашылығы бөлімге осы Қағидаларға 11-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің тізілімін ұсынады.»;

«13. Осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер іс жүзінде өткізген, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің көлемі үшін арзандатылған құн бойынша және Заңның 6-1-бабы 12) тармақшасына сәйкес көшеттердің әрбір түрі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген квоталар шегінде есептеледі.»;

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарының толық құнының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер іс жүзінде сатып алған көлемі үшін есептеледі.»;

«14. Пайыздық арақатынаста субсидиялардың мөлшерлері:

1) сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген тұқымдардың толық құнының 50 %-на дейін және сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының толық құнының 30 %-на дейін болуға, бірақ осы Қағидаларға 12-қосымшада көрcетiлген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс. Мақта тұқымдарын сатып алуға (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалануына) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидиялар нормативі тұқымдарды өңдеу технологиясына (механикалық және (немесе) химиялық жалаңаштау әдісі) қарай айқындалады;

2) элиталық көшеттердің облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шекті бағадан аспайтын бағалар бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сату кезінде 40%-ға дейін болуға, бірақ осы Қағидаларға 12-қосымшада көрcетiлген элиталық көшеттердің 1 данасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс;

3) сатып алынған екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарының толық құнының 50 %-на дейін болуға, бірақ осы Қағидаларға 12-1-қосымшада көрcетiлген екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарының 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс.»;

«16. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13 және 14-қосымшаларға сәйкес тиісті нысан бойынша субсидия алушылар тізбесін (бұдан әрі – аудан бойынша тізбе), сондай-ақ осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері олар арқылы берілген тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – аудан бойынша тізілім) қалыптастырады және оларды аудан әкіміне бекітуге жолдайды.

Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарына субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін (бұдан әрі – аудан бойынша тізбе), сондай-ақ осы Қағидаларға 15-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – аудан бойынша тізілім) қалыптастырады және оларды аудан әкіміне бекітуге жолдайды.»;

осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалануы) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді;

осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сату көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді;

осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – осы Қағидаларға 17-1-қосымшаға сәйкес нысан екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді жасайды және бекітеді;»;

осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына;

осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген элиталық көшеттерді өсіруге (әрбір элиталық тұқым өсіру шаруашылығына белгіленген квота шегінде);

осы Қағидаларға 20-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарына арналған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді.»;

«Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары»;

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

11. Рапс:
бірінші көбейтілген тұқым;
бірінші ұрпақ будандары
187 500
704 400

осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес 11-1, 11-2, 11-3, 11-4, 12-1, 15-1, 15-2, 17-1 және 20-1-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және 2015 жылғы 12 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 6 маусым

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы «___» ________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ____________ Қ. Өскенбаев 2015 жылғы 29 шілде

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 1-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 11-1-қосымша

______________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясына

Екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға субсидиялар алуға арналған өтінім

_________________________________________________________ негізінде

әрекет ететін ______________________________________________ атынан

(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

басшысы (не сенімхат бойынша оның өкілі) __________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), лауазымы)

осымен егіс жұмыстарын жүргізуге_____тонна мөлшерінде пайдаланылған

_______________________________________________________ көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға субсидиялар төлеуді сұрайды.

Р/с № Деректер көзі Қажетті мәліметтер Деректер
1 2 3 4
1. Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама тіркеу нөмірі  
тіркеу күні  
атауы  
орналасқан жері  
мемлекеттік тіркеу күні  
кім берді  
2. Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат жеке басын куәландыратын құжат нөмірі  
ЖСН  
кім берді  
берілген күні  
Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік орналасқан жері  
тіркеу күні  
кім берді  
3. Жер учаскесіне бірдейлендіру және (немесе) құқық белгілеу құжаты актінің нөмірі  
кадастрлық нөмірі  
барлығы алқап, гектар  
соның ішінде егістік  
нысаналы мақсаты  
бірдейлендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді  
жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы  
4. Ағымдағы шотының болуы туралы ақпарат ЖСК  
Кбе  
Банктің не Ұлттық почта операторының деректемелері:
Банктің не Ұлттық почта операторының атауы:
 
БСК  
К/С  
БСН  
Кбе  
5. Сатып алынған ___________ көбейтілген бидай тұқымдарының бастапқы төлем құжаттары, тұқымдарды тиеп жөнелтуге жүкқұжаттар нөмірі  
берілген күні  
тұқым сатушының атауы  
тұқым сатушының орналасқан жерінің мекенжайы  
тұқым сатушының ЖСК-сі  
тауарлық-көліктік жүкқұжат нөмірі  
дақыл, сорт  
өлшем бірлігі  
саны (көлемі)  
ҚҚС-пен бағасы (теңге)  
барлық өткізу құны  
6. _____________ көбейтілген бидай тұқымдарының сорттық және себу сапасын растайтын құжаттар (тұқым куәліктері) нөмірі  
берілген күні  
кім берді  

*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.

Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Басшы (не сенімхат бойынша оның өкілі):

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

Өтініш 20__ жылғы «___» ____________ қарауға қабылданды.

(қолы) (өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты

(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 2-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 11-2-қосымша

_________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, ауданның, облыстың, атауы) екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілім

Бидай тұқымдары сатып алынған тұқым өсіру шаруашылығының атауы Сорт Көбейтілген тұқым Сатып алу-сату шартының күні, № Сатып алынған бидай тұқымдарының көлемі,
тонна
Төлем құжаттары бойынша төлем сомасы,
теңге
Бидай тұқымдарының 1 тоннасының бағасы,
теңге
1 2 3 4 5 6 7
             
             
             
             
             
             
             
Жиыны            

Басшы _______________ _____________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 3-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 11-3-қосымша

__________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясына

Көшірмесі: ____________________________ (атауы, аудан, облыс) тұқым өсіру шаруашылығына

Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім

(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, ауданның, облыстың атауы)

осымен ________________ көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға субсидияларды өзімнің банктік шотыма (немесе Ұлттық почта операторына) алудан бас тартатынымды мәлімдеймін және маған тиесілі субсидияларды _____________________________________________________

(тұқым өсіру шаруашылығының, ауданның, облыстың атауы)

тұқым өсіру шаруашылығына төлеуді сұраймын.

Сатып алынған тұқымдар туралы ақпарат

Р/с
Сорттың атауы Көбейтілген тұқым 1 тоннасына нарықтық бағасы, теңге Саны, тонна Нарықтық бағасы бойынша сомасы, теңге Төленді, теңге
1 2 3 4 5 6 7
             
             
             

Мен ағымдағы жылы екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға субсидияларды тек бір рет алуға құқығым бар екенінен хабардармын, керісінше жағдайда маған төленген субсидиялар кері қайтарылуға тиіс.

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 4-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 11-4-қосымша

_________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясына

____________________________________________________________ (тұқым өсіру шаруашылығының атауы және заңды мекенжайы) тұқым өсіру шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің тізілімі

Р/с № Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы, заңды мекенжайы Сорт Көбейтілген тұқым Сатып алынған бидай тұқымдарының саны,тонна 1 тоннасының нарықтық бағасы, теңге Сомасы, теңге Төлем құжаттары бойынша төлем сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6 7 8
               
               

Басшы _______________ ______________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 5-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 12-1-қосымша

Екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с
Өнім түрі Бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге (дейін)
екінші көбейтілген тұқым үшінші көбейтілген тұқым
Екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарының 1 тоннасы үшін
1 Жұмсақ бидай 21 700 19 500
2 Қатты бидай 22 600 20 300

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 6-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 15-1-қосымша

«Бекітемін» _______________________ облысы _________________ ауданының әкімі ________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) 20__жылғы «___» ___________

Сатып алынған екінші және үшінші көбейтілген бидай тұқымдарына субсидияларды алу үшін ________________ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесі

Р/с № Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы Сорт Көбейтілген тұқым Сатып алынған бидай тұқымдарының көлемі, тонна Төлем сомасы (нарықтық құны) теңге Сатып алынған бидай тұқымдарының 1 тоннасының бағасы, теңге Сатып алынған бидай тұқымдарының 1 тоннасына субсидиялар мөлшері, теңге Бүкіл көлемге тиесілі сома, теңге
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
  Аудан бойынша барлығы                

төрағасы ____________________________________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

мүшелері ____________________________________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 7-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 15-2-қосымша

«Бекітемін» _______________________ облысы ______________ ауданының әкімі ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса, қолы, мөр) 20__жылғы «___» ___________

Олар арқылы тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімі

Р/c № Олар арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі берілген тұқым өсіру шаруашылығының атауы, заңды мекенжайы Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы, заңды мекенжайы Сорт Көбейтілген тұқым Сатып алынған бидай тұқымдарының саны,тонна 1 тоннасына нарықтық бағасы, теңге Сома, теңге Төлем құжаттары бойынша төлем сомасы, теңге
1 2 3 4   5 7 8 9
                 
                 

төрағасы ____________________________________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

мүшелері ____________________________________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 8-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 17-1-қосымша

«Бекітемін» __________________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса, қолы, мөр) 20__жылғы «___» ___________

___________________________ облысы бойынша екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық акт

Аудан атауы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы Сорт Көбейтілген тұқым Сатып алынған тұқымдардың көлемі,тонна Төлем сомасы (нарықтық құны), теңге Сатып алынған тұқымдардың 1 тоннасының бағасы, теңге Сатып алынған тұқымдардың 1 тоннасына субсидиялар мөлшері теңге Бүкіл көлемге тиесілі сома, теңге
1 2 3 4 5 6 7 8 9
                 
                 

басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса, қолы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығына 9-қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына 20-1-қосымша

«Бекітемін» _____________________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса, қолы, мөр) 20__жылғы «___» ___________

20 __ жылғы «__» _________ бастап «____» __________ дейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты сатып алған екінші және (немесе) үшінші көбейтілген бидай тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость

Аудан атауы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы Сорт Көбейтілген тұқым Субсидиялауға құжаттар ұсынылған сатып алынған бидай тұқымдарының нақты көлемі, тонна Сатып алынған бидай тұқымдарының 1 тоннасына субсидиялар мөлшері, теңге Жыл басынан бері тиесілі субсидиялар сомасы, теңге Жыл басынан бері төленгені, теңге Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы,теңге 20 жылғы «__»_____ белгіленген көлемдер шегінде төлеуге жататыны,теңге
жыл басынан бері 20__жылғы
«___» ______ бастап «___» ______ дейінгі кезеңде
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
                     
                     
                     
                     
                     
Жиыны                    

басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы

куәландыратын құжатта бар болса, қолы)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание