• Мое избранное

Отправить по почте

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11940 болып тіркелді

Редакция 11.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (27.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрі 
___________ Б. Сұлтанов 
«__________ » 2015 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
_____________ Е. Досаев 
«____________» 2015 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы 
___________ Т. Жақсылықов 
«__________ » 2015 жыл 
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы
 министрінің
 2015 жылғы 29 маусымдағы
 № 7-1/587 бұйрығымен
 бекітілген
Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 жылғы №18 Бұйрығына сәйкес (23.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветерианриялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (27.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес (14.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ауру жануар – жануардан немесе жануарды сою кезінде (лимфа түйіндерін және ішкі (паренхиматозды) органдарды зерттеу) немесе түсіктен алынған биологиялық (патологиялық) материалды серологиялық, бактериологиялық әдістермен немесе полимеразды-тізбектік реакциямен (бұдан әрі – ПТР) зерттеу нәтижесінде анықталған, ағзасында ауру қоздырғышы табылған жануар;
2) вакциналанатын саламатты эпизоотологиялық бірлік – диагностикалық зерттеулердің топтық теріс нәтижесіне қол жеткізілген, бруцеллез инфекциясының бар екендігін білдіретін басқа белгілер жоқ, бірақ қоздырғыштың ену қаупі бар және осыған байланысты вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын);
3) қосымша диагностикалық зерттеулер – ПТР әдісімен зерттеу немесе биологиялық сынамамен (бұдан әрі – биосынама) бактериологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде эпизоотологиялық бірліктің саламатсыздық мәртебесі анықталмаған, бірақ алғашқы диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар бар, бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірліктегі жануарлар басына зертханалық бақылау жүргізу.
Бұл жағдайларда жануарларды қосымша диагностикалық зерттеу шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеудің баламасы ретінде енгізілетін шара болып табылады.
4) қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты эпизоотологиялық бірлік – алғашқы және екінші диагностикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша оң нәтиже берген жануарлары бар эпизоотологиялық бірлік немесе бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірлік;
5) мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) – эпизоотиядан өлген немесе таралуының алдын алу мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерін ұзақ мерзімді сақтауға арналған орын. Сібір жарасы көмінділері қорғау мен есепке алудың ерекше мәртебесіне ие;
6) ауру бойынша саламатсыз пункт (саламатсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (27.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) саламатсыз эпизоотологиялық бірлік – ауру жануар анықталған үйір, мал тобы, отар, табын;
8) саламатты пункт – ауру жануар және оң нәтиже берген жануар анықталмаған эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын), саламатты шаруашылық субъектісі және саламатты елді мекен;
9) шаруашылық жүргізуші субъект – жануарлар өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар;
10) эпизоотологиялық бірлік – эпизоотиялық тұрғыдан байланысты, бір жерде (бір өрісте, жайылымда және басқа жерлерде) болуы себепті ауру қоздырғыштың әсер етуі тәуекеліне ұшырау ықтималдығы бірдей жануарлар тобы (үйір, мал тобы, отар, табын).
2-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 жылғы №18 Бұйрығына сәйкес (23.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларына, жануарлардың жыныс және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар
3. Жыныс және соматикалық жасушалар жануарлардың жұқпалы аурулары таралмаған аумақтарда орналасқан субъектілердегі клиникалық сау жануарлардан алынады.
4. Жануарларға, жануарлардың соматикалық және жыныстық жасушаларына қойылатын талаптар «Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық талаптар) белгіленген.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 жылғы №18 Бұйрығына сәйкес (23.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (27.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-параграф. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар
5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринария саласындағы техникалық регламенттермен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен және Бірыңғай ветеринариялық талаптармен белгіленеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 жылғы №18 Бұйрығына сәйкес (23.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-параграф. Ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қойылатын талаптар
6. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
7. Ветеринариялық препараттардың, сондай-ақ химиялық және микробиологиялық синтезделген жемшөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, шығарушы кәсіпорын беретін ілеспе құжат бар болса, оларды әкелу, тасымалдау Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады.
4-параграф. Диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптамаға арналған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар
8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларында белгіленеді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (27.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-параграф. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, өңдеу (дауалау) және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарға қойылатын талаптар
9. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, өңдеу (дауалау) және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарға қойылатын талаптар олардың арналуы (пайдалануына) байланысты орнатылады.
10. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы№ 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес белгіленеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (27.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-параграф. Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түрлерiне, буып-түю материалдарына қойылатын талаптар
11. Жануарлардың аса қауiптi аурулары тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралас аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына кіретін көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген кезеңде және тәртiппен дезинфекциялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына енетін барлық көлік құралдарының қозғалғыш бөліктері жануарлардың жұқпалы аурулары, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының әкелуінен қорғау үшін дезинфекцияланады.
12. Орын ауыстырылатын (тасмалданатын) объектінің сипатына және олардың ветеринариялық-санитариялық бағасына байланысты көлік құралдары үш санаттың бірі бойынша өңделеді:
1) бірінші;
2) екінші;