• Менің таңдаулыларым
"Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 16.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

"Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12077 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:  
1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына 2-қосымшаға:
Компанияны корпоративтік басқару құрылымы (акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшерін көрсете отырып, Компанияның акциялары (қатысу үлестері) өзіне тиесілі заңды тұлғаларға қатысуы деген 1.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.2. _________ жағдай бойынша Компания тобының, оның тобына кіретін барлық, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын ұйымдарды көрсете отырып, корпоративтік құрылымы:
                                                            2-нысан
Компания Бірінші деңгейдегі ұйымдар Екінші деңгейдегі ұйымдар n деңгейдегі ұйымдар
ҰҚН БСН атауы акциялардың % (қатысу үлестері) ҰҚН БСН атауы акциялардың % (қатысу үлестері) ҰҚН БСН атауы акциялардың % (қатысу үлестері) ҰҚН БСН атауы акциялардың % (қатысу үлестері)
                               
               
               
                       
                               
                               
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны туралы жиынтық ақпарат
ҰҚН Еншілес ұйымдар Бірінші деңгейдегі ұйымдар Екінші деңгейдегі ұйымдар Үшінші деңгейдегі ұйымдар n деңгейдегі ұйымдар Жиыны
АҚ            
ЖШС            
Өзге де ҰҚН            
Жиыны            
                                                                  ».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_______________Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 18 тамыз