«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11123 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.05.2018 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _____________ В. Школьник 2015 жылғы 10 сәуір
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 96 бұйрығымен бекітілген
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін міндетті түрде пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкілетті адамдарының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар немесе олардың уәкілетті адамдары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін тартатын мердігерлерінің ТЖҚ сатып алу тәртібін айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алуға байланысты тапсырыс берушілердің сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
2. Осы Қағидалар:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ТЖҚ-ны сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті жеткізуші – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алу процесіне қатысушы жеке адам, заңды адам, заңды адамдардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.03.2017 жылғы № 167 Бұйрығымен (30.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) біртекті ТЖҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдастардан тұратын ТЖҚ;
4) жанама қызмет – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты емес және лицензиялық келісімшарттық талаптарды орындауға бағытталған, шығыстарын құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерін орындау ретінде есепке алатын қызмет;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алуды және олардың өндірушілерін бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
6) жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы – осы Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы уәкілеттік берген жеке немесе заңды адам;
7) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 4) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізудің рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;
8) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты өткізу шарттарын қамтитын конкурстық өтінімді және конкурстық баға ұсынысын дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама;
9) кешенді жұмыс – қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға ғана таралатын және жобалық және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыс, жобалау және зерттеу жұмыстарын толық аяқталған құрылысты (қажет болған жағдайда) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы – «электрондық үкіметтің», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
11) қаржылық жыл – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындалған уақыт кезеңі;
12) мердігер – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті адамы тартатын жеке немесе заңды адам;
13) сатып алу – келісімшарттық міндеттемелерді және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, келісімшартта жанама ретінде көзделген қызметті орындау үшін қажетті жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны меншікті қаражат есебінен сатып алу;
14) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖҚ-ны сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде жүйемен қалыптастырылған код;
15) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті адамы;
16) толық аяқталған құрылыс – салу, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу;
16-1) Толық аяқталған ұңғыма құрылыс – жобалау жұмыстарын, құрылыс, бұрғылау, сынақтан өткізу (сынама алу), зерттеу, ұңғымаларды жою және консервациялау, қалдықтарды залалсыздандыру және көрсетілген жұмыстарға (қызметтерге) ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсетудің кезеңдерін көздейтін жұмыстар мен қызметтердің жиынтығы;
Қағидалар 16-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.03.2017 жылғы № 167 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17) тізілім әкімшісі – индустриялық саясат саласындағы уәкілетті орган;
18) шартты баға – ашық конкурс шеңберінде сатып алынатын тауарлардың қазақстандық өндірушісі немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылатын, ашық конкурсқа қатысушының конкурстық өтінім бағасының жиырма пайызға шартты түрде азайтылуы ескеріле отырып есептелген және тек конкурс жеңімпазын айқындау мақсатында ғана конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде пайдаланылатын баға;
19) шарттың елеулі талаптары – бұл шарттың нысанасы, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орындары, төлеу тәртібі;
19-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.03.2017 жылғы № 167 Бұйрығына сәйкес (30.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
20) электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар тізілімі.
4. Сатып алу рәсімдерін жүргізу және сатып алу бойынша барлық құжаттама, оның ішінде әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері, қоса тіркелетін құжаттармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аудармасы қоса беріле отырып, жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші бекіткен және (немесе) әлеуетті жеткізуші ұсынған құжаттардағы аудармалар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мемлекеттік тілде ұсынылған құжаттар артықшылыққа ие болады.
5. Бағалау рәсімдерін жеңілдету және сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта, бағаларды бағалау және салыстыру күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы - теңге болып табылады.
6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны сатып алуды тапсырыс беруші тізілімді пайдалана отырып, мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |