Toggle Dropdown
9
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11879 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 05.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 7) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________ Б. Имашев
2015 жылғы «___» __________
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 14 шілде
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 4-2/602 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Тұқым шаруашылығы туралы заң) 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) – өсімдіктер сұрыптарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және сынақты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарамағындағы ұйым;
Toggle Dropdown
2) ауыл шаруашылығы өсімдіктері – дәнді, дәнді бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;
Toggle Dropdown
3) өтінім беруші – селекциялық жетістікке патент беруге өтінім және (немесе) селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) патент қабілеттілігі – сұрыптың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттарына сәйкестігі;
Toggle Dropdown
5) сараптама ұйымы – Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңның 3-2-бабының 1-тармағына сәйкес қызметті жүзеге асыратын селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым;
Toggle Dropdown
6) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады;
Toggle Dropdown
7) сұрыптық сынақ – селекциялық жетістіктің патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн сараптама және сынақ;
Toggle Dropdown
8) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
9) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, бекітіліп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;
Toggle Dropdown
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.
Toggle Dropdown
3. Сұрыптық сынақтан өткізуге арналған тұқымдық және отырғызу материалының үлгісі өткен жылғы не ағымдағы жылғы өнімнен іріктеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген) бекітілген тұқымға арналған құжаттаманың нысандары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына арналған аттестат немесе куәлік қоса беріледі.
Toggle Dropdown
4. Сұрыптық сынақтан өткізу үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқымдық және отырғызу материалының үлгісіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объктілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификат және сұрыптық және егістік сапаларын растайтын құжаттар бірге жүреді.
Toggle Dropdown
5. Сұрыптық сынаққа Мемлекеттік комиссия мен өтінім беруші арасында жасалған шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, бөтен қоспалардан, басқа өсімдіктердің тұқымдарынан таза, сондай-ақ қабықтанбаған және дәрiленбеген тұқымдық және отырғызу материалының үлгілері келіп түседі.
Toggle Dropdown
6. Сұрыптық сынаққа ұсынылған тұқымдық және отырғызу материалының үлгілері ішкі және сыртқы заттаңбамен келіп түседі, ол мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) сұрыптың атауы (егер аты әлi айқындалмаса, онда селекциялық нөмiрi көрсетіледі). Шетелдiк сұрыптың атауы өтiнiш берушiнiң тiлiнде және мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi транскрипцияда жазылады;
Toggle Dropdown
2) тегiнің, түрiнің атауы (латын және мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде).
Toggle Dropdown
7. Өтінім беруші тұқымдық сұрыптық тектік қорды қалыптастыру және тұрақты сақтау үшін Мемлекеттік комиссияға құрамында гербарий, тұқымдар, түйнектер, баданалар, қалемшелер, гүлшоғырлары (масақтар, шашақгүлдер, собықтар және өсімдіктердің басқа да бөліктері) бар үлгіні (сұрып эталонын) жолдайды.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары өткізген, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің сынақтарының нәтижелерін және өтінім беруші берген деректерді пайдаланады.
Toggle Dropdown
9. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiм берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 тіркелген) бекітілген.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік комиссия сұрыптардың шаруашылыққа пайдалылығына сынақ өткізумен бір мезгілде ерекшелік, біртектілік, тұрақтылыққа сынақ өткізеді және морфологиялық белгілері бойынша ресми сипаттама жасайды.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылығы дақылдары сұрыптарының патент қабілеттілігіне (ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық) сынақ өткізгені үшін, қоса берілген құжаттармен патент қабілеттілігіне берілген өтініштің көшірмесін, ауыл шаруашылығы өсімдігі сұрыбының атауын сараптау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19995 болып тіркелген) бекітілген сұрып сынау саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағалары бойынша өзге де жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін төлем алады.
Toggle Dropdown
12. Егер селекциялық жетістік бұрын ерекшелікке, біртектілікке, тұрақтылыққа және шаруашылыққа пайдалылыққа сынақтан өтсе және оның сипаттамасы селекциялық жетістіктің Мемлекеттік комиссия берген морфологиялық белгілерінің ресми сипаттамасымен бірдей болған жағдайда, онда селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім бойынша танаптық сынақтар жүргізілмейді.
Toggle Dropdown
Бұл ретте қоса берілген құжаттармен патент қабілеттілігіне берілген өтініштің көшірмесін, сұрыптың атауын сараптау үшін және ерекшелікке, біртектілікке, тұрақтылыққа бұрын жасалған сынақтар үшін төлем алынады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Сұрыптарды патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу тәртібі
Toggle Dropdown
1-параграф. Сорттардың патент қабілеттілігіне сараптама және сынақ жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
13. Сұрыпты патент қабілеттілігіне сараптау және сынау мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) патент алуға арналған өтінімнің көшірмесіне сараптама жүргізу;
Toggle Dropdown
2) сұрып жаңалығына сараптама жүргізу;
Toggle Dropdown
3) сұрыптың атауына сараптама жүргізу;
Toggle Dropdown
4) ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарын морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша ерекшелігі мен біртектілігі және селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімде ұсынылған сипаттамаға сәйкестігі мәніне зертханалық жағдайларда сынау (бұдан әрі – зертханалық сынақ);
Toggle Dropdown
5) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңның 4-бабының 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес ерекшелік, біркелкілік және тұрақтылық өлшемшарттарына сәйкестігін көзбен шолу арқылы бағалау арқылы Тұқым шаруашылығы туралы заңның 23-3-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттiк комиссия бекіткен дақылдар кесіндісінде ерекшелік, біркелкілік және тұрақтылыққа сынақ жүргізу әдістемелерінде айқындалған белгілер бойынша далалық жағдайларда жаңа сұрыптарды үлгі-сұрыптармен салыстыра отырып зерделеу (бұдан әрі – ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа танаптық сынау).