• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 17.10.2015 г

Отправить по почте

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 қыркүйекте № 9713 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 17 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2015 жылғы № 7-1/764 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 
4) «Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-минитрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Мамытбеков
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/374 бұйрығымен бекітілген
10-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 07 шілдедегі № 08-3/383 Бұйрығы (Қзақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 8 тамызындағы № 7107 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 тамызындағы № 323-324 (26714-26715) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 9 тамыздағы № 08-3/465 Бұйрығы (Қзақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 7160 болып тіркелген,2012 жылғы 10 сәуіріндегі № 138-412 (27215) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
3. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 Бұйрығы.( Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 8 қарашада № 8065 тіркелген, 2013 жылғы 28 желтоқсанындағы № 284 (28223) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).