Toggle Dropdown
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiл екпелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 211 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қыркүйекте № 12057 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 13.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 қаулысының 17-тармағының 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1) Уран кен орындарын қазып шығаратын және мемлекеттік орман қорының құбыр желісі өтетін жерлерде жаппай кесуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.
Toggle Dropdown
2. Облыстар әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру бойынша, сондай-ақ жекеше орман өсiру үшiн жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс ұйымдастырсын;
Toggle Dropdown
3) жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiне ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат беріп тұрсын.
Toggle Dropdown
2-1. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Б. Азбаев