• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 3

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12073 болып тіркелді

Редакция 25.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 17.01.2025 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
  • 1
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің  міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрі 
       Т. Дүйсенова ___________ 
2015 жылғы 24 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрі 
Б. Сұлтанов___________ 
2015 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
Е. Досаев ____________ 
2015 жылғы 13 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі 
Қ.Қасымов ___________ 
2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрі 
В. Школьник ___________ 
2015 жылғы 13 тамыз
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрлігінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 198 бұйрығымен бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 жылғы № 494 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 595 Бұйрығына сәйкес (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына, 38 және 47-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптарына сәйкес әзірленген.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру (бұдан әрі – Қағидалар) және «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру», «Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру», «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру», «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру», «Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру», «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібін айқындайды.» (бұдан әрі – ұшуға жарамдылығын қолдау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер);
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Оларды берген сәттен бастап төменде көрсетілген құжаттарға мынадай қолданылу мерзімі белгіленеді:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 жылғы № 135 Бұйрығына сәйкес (04.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 17.01.2025 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ұшуға жарамдылық сертификаты – бір жыл;
шу бойынша сертификат – мерзімсіз;
экспорттық сертификат – күнтізбелік отыз күн;
арнайы ұшуды орындауға рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) – күнтізбелік отыз күн;
радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат – мерзімсіз;
шет мемлекет берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын жарамды деп тану туралы шешім (бұдан әрі – сертификатты тану туралы шешім) – шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификатында көрсетілген мерзім.
4. Ұшу өндірісінде болатын әуе кемелерінің аталған әуе кемесі тіркелген мемлекеттің уәкілетті ұйымы берген немесе таныған ұшуға жарамдылық сертификаттары болады. Әуе кемесі қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификатынсыз пайдалануға жіберілмейді.
5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 жылғы №697 Бұйрығына сәйкес (23.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 жылғы № 135 Бұйрығымен (04.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 17.01.2025 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) азаматтық әуе кемесі типінің конструкциясы – «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 12038 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ұшу жарамдылығын белгілеу мақсатында әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе бұрандасының үлгісін айқындау үшін қажетті ақпарат деректерінің жиынтығы;
3) әзірлеуші мемлекет – типті құрылысқа жауапты ұйымға қатысты юрисдикциясы бар мемлекет;
4) әуе кемелерінде орнатылған радиохабарлау аппаратурасын пайдалану рұқсаты – азаматтық әуе кемесінде орнатылған радиохабарлау аппаратурасын пайдалануға уәкілетті ұйым беретін құжат;
5) әуе кемелерінің пайдалану құжаттамасы – техникалық қызмет көрсетілуі мен жөнделуін қоса алғанда, әуе кемелерінің ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдаланушылық шектеулерді қамтитын құжаттама;
6) әуе кемесінің, қозғалтқыштардың және негізгі агрегаттарының формуляры – авиациялық техниканың атқарымын (күнтізбелік ресурсы, сағаттық ресурсы, қонулар бойынша ресурсы) және оның техникалық жай-күйін есепке алуға арналған негізгі құжаттар;
7) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты – уәкілетті ұйым берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;
8) өтініш – өтініш берушінің уәкілетті ұйымға ұшуға жарамдылық сертификатын, экспорттық сертификатты, шуыл бойынша сертификатты, арнайы ұшуға берілетін рұқсатты (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты), радиотаратқыш аппаратурасын пайдалануға берілетін рұқсатты және сертификатты тану туралы шешімді алу үшін өтініш беруі;
9) өтініш беруші – ұшуға жарамдылығы сертификатын, ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, шуыл бойынша сертификатын, арнайы ұшуға арналған рұқсатты (ұшу жарамдылығының арнайы сертификатын), радиохабар тарататын аппаратураға рұқсат пен сертификатты тану туралы шешімді алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
10) ұшуға жарамдылығы директивасы – жай-күйі қауіпсіз емес болып табылатын немесе осындай жай-күй сол үлгідегі конструкцияның басқа да бұйымдарында орын алуы мүмкін, не дамуы мүмкін және қабылдануы тиіс түзету іс-қимылдарын, не осындай бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін шарттарды немесе шектеулерді ұйғаратын, авиациялық бұйымды айқындайтын құжат;
11) ұшу жарамдылығының нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелері мен олардың құрауыштарының құрастырмаларына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын талаптар;
12) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылуға жататын әуе кемесін экспорттауға арналған уәкілетті ұйым берген құжат;
13) ұшуға жарамдылық сертификатын жарамды деп тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, азаматтық әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
14) ұшуды орындауға жарамды – әуе кемесінің, қашықтықтан пилоттау пунктінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе олардың бекітілген конструкциясына және оларды қауіпсіз пайдалану шарттарына сәйкес келетін құрамдас бөлігінің жай-күйі;
15) ұшу жарамдылығын қолдау – авиациялық техниканың ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі және оларды пайдалану мерзімі ішінде қауіпсіз пайдалану үшін қажетті жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін шаралар кешені;
16) үлгі конструкциясына жауапты ұйым – әзірлеуші мемлекет берген әуе кемесінің, қозғалтқыштың немесе әуе бұрандасының типіне қатысты тип сертификатын немесе оған теңестірілген құжатты иеленетін ұйым;
17) үлгі сертификаты – әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым немесе азаматтық әуе кемесі типінің конструкциясын, қозғалтқышты немесе әуе бұрандасын айқындау үшін шет мемлекет берген және конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
18) шу сертификаты – азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатына қосымша болып табылатын жергілікті шуға қатысты азаматтық әуе кемесінің сәйкестігін куәландыратын уәкілетті ұйым беретін құжат;
19) Area navіgatіon (RNAV) – аймақтық навигация;